2. Оқулық текстермен жұмыс істеу тәсілдері:Тарихты оқытудың алдында тұрған білімділік-тәрбиелік міндеттердің ойдағыдай шешілуі үшін оқушылардың тарих курсының мазмұнын калай меңгеріп отырғандықтарын білудің маңызы зор. Тарихты оқыту процесінде мұғалім мектеп оқушыларына білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту жөніндегі бір-бірімен тығыз байланысты міндеттерді шешеді. Оқушылар негізгі тарихи фактілерді меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар оларды елегінен өткізе отырып, теориялық білімдерді, яғни курстың идеялары мен ұғымдарын игеруі, тарихи процестің кейбір зандылықтарын біліп алуы керек. Білімнің терең меңгерілуі оқушылардың ойлауын дамытуды: фактілерді талдай және қорытындылай білуді, оқиғалар мен құбылыстарды салыстырып, саралай білуді, оларды өз бетімен бағалай білуді көздейді. Соған қоса тарих нұскаулары, қосымша тарихи әдебиет мен карталар және көрнекі құралдармен өз бетімен жұмыс істеу шеберлігі мен дағдысын игеруі, оқушы-лардың ауызша және жазба тілін дамыту қарастырылады.
Орыстың атақты педагогы В. Сухомлинский: «Мектеп дегеніміз - ең ал-дымен кітап» - деген екен. Байқайсыз ба, өте терең айтылған сөз. Бала бір ғана мұғалімнің айтылғанымен шектеліп, оқулыктарды ғана қанағат тұтса, қайтіп қанаттанады. Аясы тар түсініктің ғана өрісінде шектеліп калады. Осының бәріне кең жол ашатын - кітап. Кітап - ол жансыз мұғалім. Ол сені білім нәрімен сусандырады. Сондықтан да оқушы білімін үнемі жетілдіріп, тәуелсіз еліміздің тарихи кезеңдеріне саяси, экономикалық және мәдени материалдар берілген кітаптар, кітапшалар, энциклопедияларды, мерзімді баспасөз беттерінде берілетін тарихи-қоғамдық материалдарды оқушылардың өз бетінше ізденуіне бағыт-бағдар бере білу керек. Ел тарихын оқытуда сыныптан тыс оқу, қосымша көркем тарихи әдебиетді сабақта пайдалану - оқушылардың білімінің, тарихи ұғымдардың жүйелілігіне әсер етеді; оқушылардың ақыл-ойын, танымын, сезімін дамытуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, оқушыны еңбектене білуге үйретіп, қызығушылығын арттырады. «Махамбеттің жебесі», «Көшпенділер», «Алмас қылыш», «Абылай хан», «Сырым туралы сыр», «Кенесары хан», «Қызылдар қырғыны», «Нәубет», және тағы баска тарихи көркем әдебиет оқушыларға тарихи оқиғалар мен адамдық тұлға жөнінде жан-жақты мағлұмат бере отырып, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді, сана-сезімінің жетілуіне әсер етеді.
Тарихи қайраткерлердің тарихи образы, егер ол нақты және оқиғалы материалдарға байланысты баяндалса білім берік және ұзақ есте сакталады. XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының саяси жағдайы мен жоңғар шапқын-шылығы кезіңдегі қазақ батырларының ерлігін баяндауда М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасынан үзінді келтіруге болады. Мысалы: ақын поэманың басты кейіпкерлеріне - Абылай хан, Баян батырды және бір топ батырларды атап, олардың әркайсысына мінездеме береді.
...Жиылды өңшең ноян ығай - сығай,
Байжігіт, Тасболат пен би Толыбай.
Ту баста Абылайды хан көтерген
Камқоры Қарауылдтың шешен Қанай.
Ашуы жауған қардай, шөккен нардай,
Қарты қыран Қанжығалы карт Бөгенбай - деп, Қанайдың басқаларға қарағанда шешендігін, оның батырлығын, ал Бөгенбайдың басқаларға қарағанда жасы үлкеңдігін, ал мінезін ашу үшін «қыран» деген теңеуді шебер қолданған.
Не болмаса, жауынгер жырау Қазтуғанның (XV ғ.) тәлімдік идеяларын қолдану.
...Жатып қалған бір тоқты,
Жайылып мың қой болған жер.
...Шырмауығы шеккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жапсырмас - деген өлең жырларынан Қазтуған-жыраудың туған жеріне деген сүйіспеншілігін көреміз.
Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлык деген, ерлік деген ұрпактан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы - түп, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы - батыр халық». Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ өлкесін казақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі кейінгі ұрпаққа қашан да болса өнеге болмақ.
Біздің жыл санауымызға дейінгі 530 жылы Сақ патшасы Томирис өз кезіңде ешкімнен жеңілместей көріп асқактаған парсы патшасы Кирді женіп, өзінің 7 мың атты әскерімен төбенің басына шығып: «Массагеттер! Сендердің патшаларың сөзіңде тұрды! Ал, Парсы патшасы, сенің аңсағаның қан еді, енді тойғаныңша іш!» деп, қолындағы қоржыннан Кирдің басын алып, меске толтырылған қанға өз қолымен батырған екен. Міне, бұл да осы ұлан байтақ даланың төсінде өткен қайсарлық. Бұл қасиетгер ұрпақ бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талпынумен бітеді. Отанға, ел тарихына деген құрмет, ерлік рухын, ата салтын қалыптастыру, оны кеңінен таратуға, соның нәтижесінде оқушыларға білім мен тәрбие беруді жандандыруда тарих пәні мұғалімдерінің рөлі ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: |