4. Құжаттармен жұмыс істеуді талап ету. Құжатпен жұмыс істегенде оқушылардың тандауы үшін қойылатын түрлі деңгейдегі сұрақтар мен тапсырмалар олардын жауап беруіне, шәкірттердің оқиғаны, не құбылысты ұғынуына, оның себептерін, маңызы мен нәтижелерін түсінуіне мүмкіндік береді. Мұнда мынадай жағдайларды ескеруіміз керек: құжат материалдарының жүйелі орналасуы мен үйлесімділігі, проблемалы жағдай, қайшылықтың пайда болуы ; материалды (мәтінді) және оны түсінудегі қайшылық; түрлі деректен шығатын қайшылық.
Зерттеу жұмысында құжат, деректерді төмендегідей өлшемдер (критерийлері) бойынша іріктеу қажеттігі анықталды:
— дерек оқушының түсінігін нақтылап, оларға сезімдік әсер етуі тиіс;
— Қазақстан тарихы бағдарламасына, тақырыптардың мазмұнына сай, онымен тығыз байланыста болуы, оқушылардың дербес жұмыс істеу белсенділігін арттыруға бағытталуы қажет;
— мазмұны мен көлемі жағынан үйлесімді, түсінікті, ықшамды, әрі білімдік, тәрбиелік, дамытушылық жағынан маңызды, қажеттісін іріктеу;
— тарихи кезеңге сәйкестігі;
— тарихи оқиға, құбылыс, фактілердің баламалы қабылдауын қамтама-сыз ету;
— оқушының танымдық дербестік әрекетін арттыру үшін мәліметтің барынша жеткіліктілігі, әдеби және ғылыми құндылықтардың толыққанды болуы;
— көп сырлы, әсерлі баяндалуы және тұрмыстық сюжеттік мазмұнды толық суреттеуі.
Отан тарихы курсының маңызды деген тақырыптары бойынша құжат-тар біртіндеп бағдарламаға сай іріктелініп алынды, мазмұны мен тапсырма-ларға байланысты күрделеніп отырылды. Құжат, деректер бойынша түрлі деңгейдегі сұрақ-тапсырмалар жүйесі сабақта фронталды, топтык және жеке жұмыс түрлерін ұйымдастырғанда пайдаланылды.
Қазақстан тарихын оқытуда деректі материалдар,түрлі денгейдегі обле-малы сұрақтар мен тапсырмалар, естеліктер, карта, көрнекілік пайдалану, оқушылардың танып білу жөніндегі белсенді қызметін ұйымдастыру үшін проблемалық жағдай жасауды жиі қолданған тиімді.
Оқушылар құжатпен танысу арқылы ондағы фактілерді әңгіме бары-сында, рөлдік ойында, сөзжұмбақ шешуде, шығарма, хабарлама дайында-ғанда, тіпті кейбіреулері өздері салған суреттермен де байланыстыра біледі Біздің өз тәжірибемізде деректер тек пайдаланып қойылған жоқ, олар оқыту дың басқа элементгерімен өзара байланыста болды. Оқушыларға сол тарихи оқиға, құбылыс, адам туралы түрлі көзқарастар, пікірлер және қайшы -лықтарды көрсету арқылы проблемалық сұрақтар қойылды. Білім деректерімен жұмыс істегенде оқушылар қойылған сұраққа жауап іздеп табуға, шешуге деген ынтасын білдіріп, талпыныс жасайды. Бұнда аддымеі тарихнамалық білімнің рөлі өссе, екіншіден оқушынын оқу қызмет біртіндеп күрделене түседі. Келесі кезенде оқушы мұғалім сұрағына жауап берудің орнына, өзі сұрақ қойып, оған жауап іздейді. Проблеманы шешуге қатысады. Оқиғаның себеп-салдарын анықтайды. Өзі мәтінді жазуға (мәселен, хабарлама, реферат, конспект, кесте, нобай сызу, көрнекілік дайында деректер бойынша) кіріседі.
Сөйтіп, оқушылар алдымен мұғалімнің көмегімен, кейіннен түр деректегі әртүрлілік пен сәйкестілікке көзі үйреніп, шығармашылықпен өздігінен жұмыс істеуге үйренеді. Қойылған танымдық тапсырмалардіы шешуге қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |