3.Қоғамтану мен тарихты оқып үйренудің тәрбиелік функциясы.
Тарих сабағындағы патриоттық тәрбие.Тарих сабағында оқушыларды тәрбиелеудің арнайы немесе ерекше әдісі жоқ. Негізінен, бұрыннан белгілі оқыту әдіс-тәсілдері: әңгіме, баяндау, әңгімелесу, картаны, түрлі көрнекті құралдарды, тарихи көркем әдебиетті, тарихи құжаттарды, өлке материалдарын пайдалану; интерактивті әдістер, оқулықтан, мерзімді баспасөз материалдарымен жұмыс істеу сияқтылар пайдаланылады. Оқушылардың өздігінше атқаратын жұмыстарын ұйымдастырып, өздеріне тәрбиелік мәні бар қорытындылар жасату да тиімді.
Бұл пән көп ізденуді, қосымша деректермен толықтыруды талап етеді. Мұғалім тақырыптың мазмұнын кеңейтіп және толықтыратын қосымша материалдарды қолдану аркылы дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізіп оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын үнемі арттырып отырғаны жөн.
Тарих - өткен шақ туралы білімдердің жинағы емес, тарих – ойлау жүйесі, қазіргі әлемде өз жағдайында нақтырақ түсінуге бастайтын жол. Әлемде болып жатқан оқиғалар мен құбылыстардың мәні мен бағыттарын түсінуге тарихтың қажеттілігі. Тарих және адамның азаматтық позициясы, ұлттық намыс пен патриотизм.
Тарих пәні – жалпы адамзат алға басуындағы әр мемлекеттің болашағы үшін өз патриоттарын даярлау жолындағы басты бағыт беруші пән.
Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды жеке тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін баяндайды. Осылардың бәрі олардың жүрегіне, сезіміне күшті әсер етеді, адамгершілігі жоғары, саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосады.
Тарихты оқыту әдістері оқу-тәрбие процесінің сапасы мен тиімділігінің және оқушылардың шығармашылық танымдық әрекеттерінің үлес салмағының артуларына мүмкіндік жасауы, мәселерді талқылауда еркін пікірлесуге жағдай тудыруы керек. Оқу құралында оқушыларда Қазақстан тарихына, тарихи процес пен тарихи оқиғалардың логикасын тануға қызығушылық пен бағдарламадан тыс білімдерді меңгеруге ықыласын туғызуға басты назар аударылған. Оқушылар өздігін тарихи фактілер мен құбылыстарды сұрыптап, оларды тиісті дәуір және аймақпен байланыстыра алуы, меңгерген білімдерін жаңа жағдайлармен сабақтастыра білулері керек.
Тарих пәнін оқытудағы негізгі мақсат – ұрпақтарды өз елінің тарихымен таныстыру. Оқушылардың танымдық қабілетін өсіруде адамгершілік қасиеттерін дамытуға әсер ету. Еліміздің әр азаматы тарихтан біз келешекте қандай қоғам құруды мақсат қыламыз, өткеннен қандай үлгі, өнеге алуымыз керек деп сұрақ қойып жауап алуымыз қажет. Ана тілімізді мирас болған тарихымызды білу, тану негізгі табиғатын сақтау тәуелсіз еліміздің ір азаматының борышы деп санаймын. Осындай үлкен істі жүзеге асыруда тарихшы ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше зор. Қазіргі кезеңде қоғамдық пәндерді жаңа бағытта оқытуға, тәрбие және білім беру жүйелерін осыған сай жаңа деңгейге көтеруге көп көңіл бөлінуде. Еліміздің тарихын оқытуда шәкірттердің ой-өрісін кеңейтуді мақсат етеміз. Тарихымыз жаңашыл шын көзқараспен таразыланып, ескермеген деректер қайта бағаланып жатыр.
Тарих пәнін оқытуда оны ұрпақтар бойына дарыту әлі де көп ізденістерді әдістемелік-тәсілдерді қажет етеді. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін тарихи материалдардағы қосымша деректерді пайдаланудың зор мәнісі бар. Мектепте тарих пәнін оқытуда, қосымша материалдарды, деректерді әсіресе баспасөз материалдарын пайдалану оқушылардың ұғымдарының терең жүйелі болуына әсер етеді. Оларды ретті, жүйелі қолдану оқушының адамгершілігін, эстетикалық танымын, сезімін байытады, өзіндік ізденістерге мүмкіндік береді.
Тарих сабағында оқушыларды тәрбиелеудің арнайы немесе ерекше әдісі жоқ. Негізінен, бұрыннан белгілі оқыту әдіс-тәсілдері: әңгіме, баяндау, әңгімелесу, картаны, түрлі көрнекті құралдарды, тарихи көркем әдебиетті, тарихи құжаттарды, өлке материалдарын пайдалану; интерактивті әдістер, оқулықтан, мерзімді баспасөз материалдарымен жұмыс істеу сияқтылар пайдаланылады. Оқушылардың өздігінше атқаратын жұмыстарын ұйымдастырып, өздеріне тәрбиелік мәні бар қорытындылар жасату да тиімді.
Бұл пән көп ізденуді, қосымша деректермен толықтыруды талап етеді. Мұғалім тақырыптың мазмұнын кеңейтіп және толықтыратын қосымша материалдарды қолдану аркылы дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізіп оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын үнемі арттырып отырғаны жөн.
Бүгінгі оқушы - ертеңгі маман. Сондықтан оқушы бойында жоғарғы идеялык, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру оларды өмірге, еңбекке дайындауға оқытудың негізгі формасы сабақтың, әрбір пәннің мүмкіндіктерін барынша толык пайдалану керек. Демек, өзінің мазмұн ерекшеліктеріне, оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру мен оқыту
әдістеріне қарай әрбір пәннің алдында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру міндеті тұр.
Жастар - қоғамның болашақ құрылысшылары. Қоғамның тағдыры солардың қолында. Ендеше, жас ұрпақты заман талабына сай тәрбиелі етіп дайындау-аса маңызды міндет. Ұлы ғұлама ғалым әл-Фараби айтқандай «тәрбиесіз білім адамзат жинаған құндылыққа зиянын тигізеді».
Тарих пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені ол бүкіл адам баласының ғасырлар бойы жинаған тәжірибесін баяндайды. Ал мектептегі тарих курсына сол тәжірибенің алдымен ең маңыздылары, құндылары, ізгілері алынады. Әрине, мектептің тарих курстарында кұнсыз тарихи оқиғалар да оқытылады. Мәселен, фашизм, крест жорықтары, басқа елге шапкыншылық жасап бейбіт халықты қырғынға ұшыратқан соғыстар т.б. Бірақ мұндай кұнсыз оқиғалар білім ретінде құнды, өйткені оларды оқыта отырып оқушыларды келешекте осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін күресуге дайындаймыз. Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстардың халық үшін жасаған кызметін баяндайды, осылардың бәрі олардың жүрегіне, сезіміне күшті әсер етеді, адамгершілігі жоғары, сапалы азамат болып қалыптасуына үлес косады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз даму жолында, оның келешегі алда, біртіндеп дамыған, гүлденген өркениетті елдер қатарына қосылады. Мұны жүзеге асыратын Қазакстанның қазіргі жас азаматтары, мектеп оқушылары. Қазақстанға жан-жақты білімді, осы республикадағы барлық халықтың тілін, тарихын, әдет-ғұрпын сыйлайтын, осы ел үшін, оның халықтарының бақытты келешегі үшін бар білімі мен күш-жігерін аянбай жұмсайтын нағыз отаншыл азаматтар керек. Осы міндетті орындауға мектептегі тарих пәні өте зор үлес қосады. Тарих сабақтарында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді, отаншылдыққа, халықтарды құрметтеуге, сыйлауға, яғни халықтар достығына тәрбиелейді; еңбекке, қарт ұрпақтың еңбек және жауынгерлік дәстүріне тәрбиеленеді; діннің қызметін дұрыс түсінуге, оны дұрыс бағалауға, бейбітшілікті сақтауға үлес қосуға, адамзат жасаған кұндылықтарды құрметтей білуге тәрбиеленеді; эстетикалык, экологиялык, экономикалық т.б. тәрбие алады.
Патриотизм (грекше рatriotes - отандас, раtris - Отан, туған жер) - Отанға деген сүйіспеншілік, бар күш-жігер мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау. Туып-өскен жеріне, ана тіліне, өз халқының, елінің әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік адамдарда ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастаған.
Достарыңызбен бөлісу: |