Тау-кен өндірісінің негіздері дәрістер жинағы 1-тақырып кіріспе. Тау жыныстары туралы мәліметтер



бет6/16
Дата31.10.2022
өлшемі4,95 Mb.
#155842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дәрістер каз на печать 2
isahanov elektr исаханов лекция Элек машины, аға куратор есебінің құрылымы, Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері, English Grammar in Use, 1лаб ДМ, GPS приемник - современное спутниковое оборудование - системы GPS и Глонасс Технокауф в Москве, 5 урок Осеева, Философияның Адам рөліндегі орны, презентация, Готовность ДП 28..04 спец Приборостроение, Негізгі комбинаториканың объектілері, Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. ІІ оқулық (Аканбай Н.) (z-lib.org) (1), Айнымалы ток тізбегі активтік, индуктивтік ж не сыйымдылы ты ке, Жылу берілу түрлері, В ней сопротивления R1 и R2 заменены сопротивлением R
Көмір тақтасының қалыңдығы ең негізгі факторлардың бірі. Бүкіл тазартпа жұмыстары мен дайындау қазбаларын өткізу технологиясына әсерін білдіреді. Мысалы, жұқа, орташа қалыңдықты және қалың құлама тақталардың көпшілігі толық қабатпен қазылып алынады. Ал, қалыңдықтары 3,5 - 4,0 метрден жоғары жазық және көлбеу, құлама бұрыштары 35 градустан жоғары жазылым бағытпен қазылатын тақталар бұрынғы тәжірибеде көп жағдайда қабаттарға бөлініп қазылған болатын. Тақта қалыңдықтары дайындау қазбаларының орналасу жайын, қимасын, тіреу түрін анықтайды.
Тақтаның құлама бұрышы, біріншіден, тазартпа кенжардан шығарар көлік түрін таңдау қажеттілігін білдіреді: тақталар бұрышы 30 - 35 градуска дейін болса механикалы көлік жабдығы таңдалады, одан жоғары болса – механикалы жабдықтың қажеттілігі жойылады, көмір өз салмағымен сырғыйды; екіншіден, күрт-құлама тақталарда төбе жыныстарымен қоса табан жыныстары да опырылып құлайды, бұл себептен кенжар кеңістігінде жұмыскерлерге де, тіректерге де, басқа жабдықтарға да үлкен қауіп туады.
Жанасты жыныстар қасиеттері кенжар төбелерінің опырылу мен құлау қаблеттілігіне тіке әсер тигізетіндіктен, төбе жыныстары қысымын игеру тәсілдері мен тазартпа жұмыстарының жабдықтарына анықтауыш фактор болып саналады. Басқа жағынан қарағанда жыныстардың тұрақтылығы дайындау қазбаларының тақта ішінде, әлде жыныстар арасында орналасуына әсер етеді.
Геологиялық бұзылыстар бүкіл кенорнын өндірудегі тау-кен жұмыстарына үлкен ауыртпашылық келтіретін факторлардың бірі. Қазу жүйелерін таңдауда бұл мәселені ерекше ескеру барлық кеншілердің міндеті.
Топтағы тақталардың өзара орналасуы – тақталардың қазу ретін анықтайтын мәселе, әсіресе, ол тақталар бір-біріне жақын жатқанда. Сонымен қатар, бұл фактор тақталарды бірге, әлде жекелеп дайындау керектігін анықтайды.
Сумолшылық. Тазартпа кенжар кеңістігінде су мол болса, ол жұмыс өнімділігін және қауіпсіздігін төмендетеді және тағы басқа да зиян келтіреді. Осы себептен кенорнын алдын ала құрғату немесе кенжарға су кіруді тоқтататын әлде азайтатын қазу жүйесін таңдау қажет.
Газмолшылық. Тақтаның газмолшылығы кенжар ұзындығын ұзартуға және кенжардың тәулік қуатын өсіруге мүмкіншілік бермейтін фактор. Кенжар ұзындығы қазу жүйенің негізгі өлшемдерінің бірі. Газды, газдың кенетті лақтырылысына икемді және газдың суфлярды шығуына ыңғайлы көмір тақталарындағы тазартпа кенжарлар міндетті түрде жекешеленген ауа ағысымен желдетілуге тиісті. Ол үшін қосымша желдетпе қазбалар өткізіледі, мұның барлығы қазу жүйенің түрін өзгертеді.
Көмірдің өздік жануы. Бұл, көмір қышқылданғанда пайда болатын құбылыс. Жыныстар мен көмір ішіндегі жарықшалар көп болған сайын оттегінің кіруі де көбейеді – содан көмірдің өздік жануы одан сайын молаяды. Осы себептен кенорнын өндіруде жерасты көмір жоғалымы төмен болғанын талап ету керек. Оған керекті шаралар мен ұтымды қазу жүйелерді пайдалануын мақсат қылдыру қажет.
Өндірістік процестердің механикаландырылуы. Бұл мәселе кенжар ұзындығы мен қазу алабының ұзартылуына, тақтаның қазып алу қалыңдығын үлкейтуге кең жол ашады. Тау-кен ісінде механикаландыру дамығандықтан, жалпы көмір қазу технологиясы, сонымен қатар қазу жүйелері мүлде жетілдірілген жағдайға жеткені мәлім. Әлі де бұл бағытта проблемалар жеткілікті.

5. Пайдалы қазбаны қазғанда және жалпы тау-кен қазбаларын жүргізгенде жер астында қуыстар пайда болады. Осы қуыстардың жоғары жатқан жыныстардың тұрақтылығына жасайтын әсеріне қарай, кенорнын қазуды негізгі төрт бағытқа бөлуге болады:


1) кендіңгектер қалдыру арқылы;
2) босаған кеңістікті толтырумен (толтырмалармен бекіту);
3) жоғары жатқан жыныстарды құлатумен.
Кенорнын кендіңгек қалдыру арқылы қазудың мағынасы мынада. Пайдалы қазбаны алғанда бос кеңістіктің арасында пайдалы кеннің алынбайтын бөлшектері қалдырылады, оларды кентірек немесе кендіңгек деп атайды (3.1-сурет).
Босаған кеңістіктің көлемі көп болған жағдайда, жоғары жатқан және жер бетіне дейінгі жыныстардың салмағы кендіңгектерге түседі, сондықтан осы салмақты ұстап тұру үшін, діңгегтердің көлемі осыған байланысты есептелінеді.

3.1-сурет. Пайдалы қазбаларды кендіңгектер қалдырып қазу:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет