Тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелер тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу


ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕНДІК РӘСІММЕН ОРНАЛАСТЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КЕДЕНДІК ОПЕРАЦИЯЛАР



бет30/57
Дата09.06.2020
өлшемі90,81 Kb.
#72794
түріКодекс
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57
Байланысты:
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ

ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕНДІК РӘСІММЕН ОРНАЛАСТЫРУҒА
БАЙЛАНЫСТЫ КЕДЕНДІК ОПЕРАЦИЯЛАР


Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасаудың және тауарларды кедендік тазартудың тәртібі

      1. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операциялар және тауарларды кедендік тазарту Кеден одағының кеден заңнамасында және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және жағдайларда жасалады.

      Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен белгіленген тауарларды ішкі тұтынуға енгізу үшін, олардың экспорты үшін немесе тауарларға өзге кедендік рәсімдерді қолдану үшін қажетті кедендік операцияларды жасау кедендік тазарту деп түсініледі.

      Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазартуды жасау тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      2. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі және технологиясы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың түрлеріне, мұндай өткізу үшін пайдаланылатын көліктің түріне (автомобиль, әуе, теміржол, теңіз, өзен және басқалары), тауарларды өткізетін тұлғалардың санаттарына қарай белгіленеді.

      3. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды кеден органдары атынан жүргізген кезде өзінің лауазымдық (функционалдық) міндеттеріне сәйкес мұндай кедендік операцияларды жасауға уәкілетті кедендік органдардың лауазымды адамдары жасайды.

      4. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жүргізген кезде кеден органдары қоятын талаптар негізделген болуға және Кеден одағы кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті талаптармен шектелуге тиіс.

      5. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операциялар тауарлардың шығарылған, жөнелтуші және тағайындалған еліне қарамастан бірдей қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет