1. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру кеден органына кедендік декларацияны және осы Кодексте көзделген жағдайларда тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру үшін қажетті құжаттарды берген кезден басталады.
2. Ветеринариялық, фитосанитариялық және басқа да мемлекеттік бақылау түрлеріне жатқызылатын тауарлар тиісті бақылау жүзеге асырылғаннан кейін ғана кедендік рәсіммен орналастырылуы мүмкін.
3. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру тауарларды мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығарумен аяқталады.
Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау орны мен уақыты
1. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операциялар кеден органдарының тұрған жерінде және олардың жұмыс уақытында жасалады.
2. Декларанттың не кеден өкілінің дәлелді сұрау салуы бойынша тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты жекелеген кедендік операциялар кеден органдарының тұрған жерінен тыс және жұмыс уақытынан тыс жасалуы мүмкін.