Тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелер тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу


Тауарларды уақытша кедендік декларациялау



бет49/57
Дата09.06.2020
өлшемі90,81 Kb.
#72794
түріКодекс
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57
Байланысты:
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ

Тауарларды уақытша кедендік декларациялау

      1. Мынадай:

      1) тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен өткізілген;

      2) тауарларға қатысты саны және кедендік құны туралы дәл мәліметтерді ұсыну мүмкін болмайтын жағдайларда, тауарларға уақытша декларация беру арқылы уақытша кедендік декларациялауға жол беріледі.

      2. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету кезінде кедендік операциялар жүргізілетін немесе тауарлар жөнелтілетін орыннан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келетін немесе әкелінетін орыннан мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығарылған тауарлар жеткізілімі жүзеге асырылатын уақыт кезеңі күнтізбелік айдан аспауға тиіс. Бұл ретте осы Кодекстің 449-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есептеу аспаптарын орнату орындары жөнелту немесе әкелу орындары болып табылады. Тауарларға уақытша декларацияны кеден органдары көрсетілген кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен ерте қабылдамайды.

      3. Тауарлар жеткізілімінен кейін декларант уақыттың мәлімделген кезеңінде жеткізілген тауарларға толық декларацияны беруге міндетті.

      Толық декларацияны беру уақытша кедендік декларацияда мәлімделген тауарлар жеткізілімі үшін көзделген уақыт кезеңі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      4. Уақытша кедендік декларацияда тауарлардың болжамды саны, тауарлар өткізуді жүзеге асыру үшін негізге алынатын сыртқы сауда шартында көзделген тауарлардың есептік бағасы негізінде анықталған уақытша кедендік декларацияны беру күніне олардың алдын ала кедендік құны туралы мәліметтерді мәлімдеуге жол беріледі.

      Өткізілген тауарлардың саны тауарларға уақытша кедендік декларацияда мәлімделген саннан аспауға тиіс.

      5. Уақытша кедендік декларациялау рәсімін пайдалана отырып, тауарларды кедендік декларациялау кезінде кеден органы тауарларға уақытша декларацияны тіркеген күні қолданыста болған Кеден одағының және Қазақстан Республикасының заңнамалары қолданылады.

      6. Егер уақытша кедендік декларацияны беру кезінде нақты сатып алушы анықталмаса, онда декларант нақты сатып алушылардың саны бойынша бірнеше толық кедендік декларацияны кейіннен табыс ете отырып, бір сыртқы сауда шарты (келісімшарт) шеңберінде тауарлар жеткізіліміне арналған бір уақытша кедендік декларацияны береді.

      7. Кедендік баждар, салықтар кеден органдары тауарларды шығарғанға дейін төленеді. Егер төлеуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасы осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді нақтылау нәтижесінде көбейтілсе, қосымша ақы төлеу тауарларға толық декларацияны берген кезде, оларды кеден органдары шығарғанға дейін жүзеге асырылады. Көрсетілген жағдайда өсімпұлдар есептелмейді. Кедендік төлемдер мен салықтардың артық немесе қате төленген сомаларын қайтару осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Егер уақытша кедендік декларацияда мәлімделген тауарлар жеткізілімі үшін көзделген уақыт кезеңі аяқталғаннан кейін күнтізбелік тоқсан күн өткен соң тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілмесе, осындай тауарларға мәлімделген уақытша кедендік декларация осы Кодекстің 290-бабында анықталған тәртіппен кері қайтарып алынуға жатады.

Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін тауарды жиналмаған немесе бөлшектелген түрінде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрінде кедендік декларациялау ерекшеліктері

      1. Осы Кодекстің 268-бабында айқындалған мерзімнен асатын уақыт кезеңі ішінде түрлі тауарлар партияларымен әкелу болжанатын жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауар, кеден органының рұқсаты болған кезде, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бір сыныптама коды көрсетіле отырып, декларациялануы мүмкін.

      2. Рұқсатты тауар әкелінгенге дейін декларанттың жазбаша дәлелді өтініші негізінде кеден органы береді.

      3. Рұқсатта:

      1) декларант туралы мәлімет;

      2) декларантқа кеден ісі саласындағы уәкілетті орган берген, жасалып біткен немесе жиынтықталған тауардың сыныптама коды бойынша жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарлардың сыныптамасын растайтын, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың сыныптамасы жөніндегі алдын ала шешім;

      3) тауарды әкелу мерзімі;

      4) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын өзге де мәліметтер көрсетіледі.

      4. Рұқсаттың қолданылу мерзімі бір жыл, ол декларанттың жазбаша дәлелді өтініші бойынша алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

      5. Рұқсатты беру, ұзарту, тоқтата тұру және оны кері қайтарып алу тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      6. Тауарды кедендік декларациялау мәлімделген кедендік рәсім талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Белгіленген уақыт кезеңі ішінде өткізілетін жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды кедендік декларациялау және кедендік тазарту тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет