Тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелер тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу


Тауарларды мерзімдік кедендік декларациялау



бет48/57
Дата09.06.2020
өлшемі90,81 Kb.
#72794
түріКодекс
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57
Байланысты:
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ

Тауарларды мерзімдік кедендік декларациялау

      1. Белгілі бір тұлға белгілі бір тауарды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тұрақты өткізген кезде кеден органы күнтізбелік отыз күн ішінде Кеден одағының кедендік шекара арқылы өткізілетін барлық тауарларға кедендік декларацияны табыс етуге рұқсат беруі мүмкін.

      2. Егер тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бірдей сыныптау коды болса, олар белгілі бір тауар ретінде қарастырылады.

      3. Егер белгілі бір тұлға белгілі бір тауар түрін күнтізбелік отыз күн ішінде үш және одан да көп рет жеткізіп берсе, тауарды белгілі бір тұлға Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тұрақты өткізген тауарлар ретінде қарастырылады.

      4. Кедендік мақсаттар үшін:

      тауарларды Кеден одағының кедендік аумағынан әкеткен кезде – белгілі бір өткізу пункті арқылы өткізілетін және оларды кедендік декларациялау жеке жеткізілім санына қарамастан бір сыртқы сауда шарты бойынша белгілі бір кеден органында күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізілетін белгілі бір тауарлар;

      тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелген кезде – кедендік декларациялау жеке жеткізілім санына қарамастан бір сыртқы сауда шарты бойынша белгілі бір кеден органында күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізілетін белгілі бір тауарлар бірыңғай партия ретінде қарастырылады.

      5. Акцизделетін тауарларды қоспағанда, кедендік баждар, салықтар толық кедендік декларация бойынша тауарларды шығарғанға дейін төленеді.

      6. Акцизделетін тауарлар бойынша кедендік баждар мен салықтар мерзімдік кедендік декларация бойынша тауарларды шығарғанға дейін төленеді.

      7. Мерзімдік кедендік декларациялау кезінде кеден органы мерзімдік кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыстағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері қолданылады.

      8. Мерзімдік кедендік декларациялау, кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз еткен жағдайда жеткізілім кезеңі басталғанға дейін мерзімдік кедендік декларация беру жолымен жүргізіледі. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету осы Кодекстің 6-тарауына сәйкес уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қолданылмайды. Бұл ретте мерзімдік кедендік декларация тауарлардың бірыңғай партиясына толтырылады.

      9. Кеден органы мерзімдік кедендік декларация қолданылуының бүкіл кезеңі ішінде тауарлар партиясының әрбір жеткізілімінің өткізілуін іс жүзінде есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады.

      10. Мерзімдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып, тауарларды өткізу жүргізілген жеткізілім кезеңі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей әкелінген немесе әкетілген тауарлардың іс жүзіндегі саны ескеріле отырып толтырылған толық кедендік декларация табыс етіледі.

      Мерзімдік кедендік декларацияда мәлімделген көлемнен өзгеше көлемде тауарлар әкелінген жағдайда толық кедендік декларация әкелінген тауарлардың іс жүзіндегі саны ескеріле отырып толтырылады. Бұл ретте мерзімдік кедендік декларация жеткізіліп берудің келесі кезеңіне осындай өзгерістер ескеріле отырып толтырылады.

      11. Кеден органы мерзімдік декларациялауды қолданудан:

      1) тауарларды болжамды өткізу мерзімдік кедендік декларациялау рәсімдерін пайдалану талаптарына сай келмеген жағдайда;

      2) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегі бар тұлғаларға;

      3) банкроттық туралы іс қозғалған тұлғаларға қатысты бас тартады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет