Тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелер тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу



бет50/57
Дата09.06.2020
өлшемі90,81 Kb.
#72794
түріКодекс
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57
Байланысты:
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ
Байболатова Тұмар Курсстық жұмысы
ТАУАРЛАРДЫ ШЫҒАРУ

Тауарларды шығару үшін негіздер және тауарларды шығару тәртібі

      1. Кеден органдары мынадай талаптар сақталған кезде:

      1) кеден органына осы Кодекске және Кеден одағына мүше мемлекеттердің өзге де халықаралық шарттарына сәйкес тауарларды шығару үшін қажетті лицензиялар, сертификаттар, рұқсаттар және өзге де құжаттар, көрсетілген құжаттар осы Кодекске сәйкес тауарлар шығарылғаннан кейін табыс етілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, табыс етілгенде;

      Бұл ретте, егер осы Кодекстің 281-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алу мүмкін болса, олар кедендік декларация электрондық құжат нысанында берілген жағдайда ұсынылмайды.

      2) тұлғалар тауарларды осы Кодекске сәйкес, ал кедендік рәсімді белгілеу кезінде, осы Кодекстің 306-бабының 2-тармағына сәйкес Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таңдалған кедендік рәсіммен орналастыру үшін қажетті талаптар мен шарттарды сақтағанда;

      3) тауарларға қатысты кедендік баждар, салықтар төленгенде не оларды төлеу осы Кодекске сәйкес қамтамасыз етілгенде тауарларды шығаруды жүзеге асырады.

      2. Кеден органдары тауарларды шығаруды осы Кодекстің

      297-бабында көрсетілген мерзімнен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.

      3. Тауарлар шығаруды кеден органының лауазымды адамы осы Кодексте көзделген тәртіппен, егер Комиссияның шешімімен өзгеше тәртіп белгіленбесе, кедендік декларацияға, шот-фактураға (инвойсқа), олар болмаған кезде сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжатқа, пайдаланылатын көлік түріне қарай көлік (тасымалдау) құжатына тиісті белгілер енгізу (қою), сондай-ақ кеден органының ақпараттық жүйесіне тиісті мәліметтер енгізу арқылы жүргізеді.

      Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде ұсынған кезде, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кеден органы лауазымды адамының әрекеттері электрондық түрде жүзеге асырылады және оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

      Кедендік декларация декларантқа немесе кеден өкіліне, сондай-ақ тасымалдаушыға және өзге мүдделі адамдарға кеден органдарының ақпараттық жүйелері пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жіберіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет