Жаңа типті мектептегі тәрбие жұмысы, жаңашылдығымен айшықталуы керек. Яғни, жаңа типті мек-тептегі оқу-тәрбие үдерісіндегі жаңашылдық: білім берудің мазмұнын-да; оқу-тәрбие үдерісінде; әдістерінде; технологиясында; оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда; жаңа типті мектептің басқару жүйесінде, оқу-шыларды білімін және тәрбиелік деңгейлерін бағалауында көрініс та-буы керек. Қазір технологияның көптеген түрлері мектептің оқу - тәр-бие үдерісіне енгізіліп жатыр. Тәрбие технология-сын басқа педагогикалық технологиялармен (сыни тұрғыда ойлау тех.-нологиясы, миға шабуыл технологиясы, ақпараттық технология т.б. ) өзара байланыста жүргізу қарастырылуы қажет.
Гимназистердің танымдық белсенділігін дамыту сабақ барысын-да және сабақтан тыс уақыттағы жүргізілетін іс-шаралармен өзара байла-ныста іске асады. Яғни, сабақ үдерісінде өтілетін материал гимназис-тердің танымдық іс-әрекетін, белсенділігін дамытуға ықпал ету (гим-назистердің шығармашылық ізденуіне түрткі тудыру арқылы, ойын әрекеті: дискуссия, эксперименттік, зерттеушілік) арқылы іске асыры-лады.
Оқушы гимназистедің ұжымдық іс-әрекетінің ұйымдастырылуының түрінің әр түрлілігіне, олардың топтарының құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты тәрбие жұмысы:
сынып ішіндегі жүргізілетін тәрбие жұмыстары;
сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары: а) клуб, үйірмелерде; ә) сынып аралық тәрбие жұмысы;
қоршаған ортағаізгілікқарым–қатынасынжәнежекетұлға-ныңадамгершілікқасиеттерінқалыптастыру;