Тәрбиенің мазмұны.Тұтас педагогиалық үдерісте тәрбие үрдісі маңызды орын алады. Ол сырттан ықпал ету арқылыда, оқушының өзінің белсене қатынасуы арқылы да қалыптастырылатын үдеріс. Тәрбие үдерісінің мазмұндық және әдістемелік құрамы бөлініп алынады.
Тәрбиенің мазмұнына алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес оқушылар меңгеруге тиіс білімдер, сенімдер, дағдылар, сапалар және тұлғаның ерекшеліктері деген ұғымдар енеді. Әлеумдік жаһан-дану көшіне ілесе алатын тұлғаны тәрбиелеуде Қазақстан Республика-сы Білім және ғылым министрлігі бекіткен «Тәрбиенің тұжырымдама-лық негіздерінде» анықталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу тәрбие жұмысының басым бағыттары Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, ұлт-тық тәрбие; отбасы тәрбиесі, еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие, зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі, көпмәде-ниетті және көркем-эстетикалық тәрбие, дене тәрбиесі, салауатты өмір салты негізінде тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігін өлшеуші ретінде критерийлер тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құн-дылықтарға және құбылыстарға қарым-қатынастары арқылы көрініс табады. Тәрбие тұтастай педагогикалық үдеріске қосылған жағдайда тәр-биенің басты мақсатына жетуге, тұлғаны жан-жақты және үйлесімді қалыптастыруға мүмкіндік туады.
И.П.Подласый тәрбиені мәдениет тұрғысынан қарастыра оты-рып, оны кешенді жүргізу технологиясы төмендегі талаптарды орындау барысында іске асу жолдарына тоқталады:
Тәрбиеленушілердің төмендегі үш бағыт: олардың санасына, сезі-міне және тәртібіне әсер ету арқылы;
жағымды нәтижеге тәрбиенің табиғи байланысы (ішкі педа-гогикалық әрекеттесу) және тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі арқылы;
тәрбиеге қатысы бар әлеуметтік институттар мен бірлестік-терді, жалпы баспасөз құралдарын, әдебиет, өнер, отбасы, мектеп, құ-қық қорғау органдары, т.б. кешенді ықпал ету жағдайларының бірлігі және оларды үйлестіру арқылы;
тұлғаның сапалық қасиеті жүйелі нақты тәрбие ісі арқылы қалыптасады;
кешенді ықпал тәрбие жүйесіне және оны басқаруға жүйелі ықпал ету арқылы табысты болады. Тәрбиені басқару ішкі және сырт-қы факторлардың өзара әректтестікте болғанда ғана жақсы нәтиже беретініне тоқталады.
Қазіргімектептегіізгілендірумен демократияландыруидеясы мұға-лімменоқушығаоқу-тәрбиежұмысыныңтәсілдерін, бағыттарын, әртүрлідеңгейлердегібағдарламаларды, саралап білімберудітаңдапалуғаеркіндікқұқығынберіпотыр. Мұныңөзіүлкендерменба-лалардыңбірлесеотырыпеңбектенуіне, біртәрбиежүйесінекіншісі-менауыстырыпқолдануға жадай туғызады. Шығармашылық, еркіндікпеноқу-тәрбиеүдерісін ұйымдастырушыныңкәсібіменжалпымәде-ниетінежоғарыталапқойыпотыр.
Тәрбиежұмысы – бұлжекетұлғаныңнеғұрлымтолықдамуынабағытталғанересектерменбалалардыңөмірінұйымдастыруғабағытталғанмақсаттыіс-әрекет.
Қазіргі мектептің жалпы даму тенденциялары, тәрбие жүйесінің болуы, әр мектептегі тәрбие жұмысының атқаруда түрлі әлеуметтік институттардың қызметтердіөзара бөлісіп алуын, тәрбиешілер әрекетінің мақсаттары мен міндеттерінің өзгеріске ұшырауын, олардың қызметтерін қайта қарауды талап етеді.
Шындығында, оқушының іс-әрекетіненегізінен түрткі болуы қажет. Іс-әрекет құрылымының компоненттері материал-дық, экономикалық, гигиеналық, моральдық-психологиялық, уақытша жағдайлар негізінде іске асады. Бұл жағдайлар іс-әрекеттің құрылы-мына тікелей кірмесе де, оның іске асуына жағдай жасайды. Мектеп дамуында жаңашыл үрдістің, жаңашыл іс-әрекеттің субъектісі болып: мектеп-гимназия директоры, директордың орынбасары, мұға-лімдер, ғалымдар, оқушылар, ата-аналар, демеушілер, әдіскерлер, жо-ғарғы оқу орындарының оқытушылары, кеңесшілер, білім беру ұйымдарының қызметкерлері т.б. енеді.
«Мектеп-гимназиядағы тәрбие үдерісіндегі жаңашылдық неде?», - дегенге келетін болсақ, жеке тұлғаны қалыптастыруда, сабақ үрді-сінде, тәрбие беруде және сыныптан тыс уақытта тәрбие беру мәселе-лері негізгі орын алады, сыныптан тыс жүргізілетін іс-шараларының негізгі көздеген мақсаты, бүгінгі қоғамдық ағымға араласатын, өз ойларын еркін айта алатын белсенді, әлемдік прогресс көшіне ілесе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі тәрбиенің басты мақсаты тұлғаға бағдарланған тәрбие технологиясын іске асару.