Техникалық және кәсіптік білім беру


-тақырып Жұмыс берушімен әңгімелесу алдындағы психологиялық дайындық



бет99/101
Дата25.01.2022
өлшемі219,2 Kb.
#114106
түріКонспект
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101
Байланысты:
тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу
шешім 12.04.-19.04, Басқару стилінің қызметкерлердің қызмет жағдайларымен қанағаттануына әсері, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Ағылшын тілі (2), нау3 лек, 8-наурыз Құттықтау, 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар (1), 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар, Документ Microsoft Word (6), ЕРИТИНДИЛЕР ТЕОРИЯСЫ-УМКД (1), 6В05101 биохим 2021, кәсіби
10.4-тақырып Жұмыс берушімен әңгімелесу алдындағы психологиялық дайындық

Жоспары:

1 . Жұмыс беруші компанияларда кадрларды іріктеу



2. . Құжаттарды дайындау

Бөлісу: 12.12.2018 жұмыс нақыл ЖҰМЫС БЕРУШІМЕН ҚАЛАЙ ӘҢГІМЕЛЕСУ КЕРЕК Іздеген жұмысты таптың, ілеспе хатпен түйіндемені жібердің. Енді жұмыс беруші сізбен сөйлесуге шақырып отыр. Оған қандай дайындық керек? Жұмыс берушіге жағымды әсер қалдырудың жолы бар ма? Қиын сұраққа қалай жауап беруге болады? Төмендегі нұсқаулық аталмыш мәселеде көмеккке келеді.  Ойнап жүріп от басқан қыздарға аборт жасатқан дұрыс па? 10 – 16 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамал Жұмыс тәжірибесіз қалай жұмыс табамыз. Неден бастау керек? Жұмыс берушімен әңгіме сәтті өтсін десең: 

1 Жұмыс беруші компанияларда кадрларды іріктеу рәсіміне байланысты кандидатты таныстыру сұхбаттасу емес, тестілеу арқылы болуы мүмкін. Кейбір компанияларда тестілеу бірнеше кезеңмен жүргізіледі. Онда біліміңді ғана емес, сонымен қатар кандидаттың икемін, дағдыларын және оның кездесуге дайындығын да тексереді. Мысалы, Үлкен Төрттік компанияларының бірінде бұрын Компания туралы ағылшын тілінде шағын әңгіме жазып беруді сұрайтын. Бұл нені білдіреді? Біріншіден, шақырған адамнан сұхбат қандай пішінде жүргізілетінін біл, екіншіден, «үй тапсырмасын орында» – компания туралы мәліметтермен танысып, ресми сайтын шолып, оның әлеуметтік желідегі парақшаларын қарап шық. Қысқасы, дайын бол!  

2. Құжаттарды дайындау. Бизнес орталықтарына ену кейде бақылау-өткізу пункті арқылы іске асырылады. Сондықтан жеке куәліксіз ешбір жерге кіре алмайсың. Сондай-ақ, бұдан бұрын жолдасаң да, қолыңда басып шығарылған түйіндеме мен портфолио, ұсыну хаты болғаны дұрыс. Шығармашылық маманның қолында, планшетте немесе ноутбукте, медиақолданушыда – портфолионың презентациясы болса тіпті жақсы. Ал техникалық мамандық иелері өзі өткен курстарының портфолиосын апарғаны жөн.

3. Үй тапсырмасы. Бұл өте маңызды болғандықтан, тағы да қайталап өтейік. Компания туралы мағлұматты, оның қызметі туралы кеңінен біл. Өз кандидатураңды қандай орынға ұсынатыныңды білуге міндеттісің. Өйткені жұмысқа сізді өзге адам емес, өзің ұсынып тұрсың. Дегенмен түйіндемеде қандай қызметке лайық екеніңді жазбасаң, онда сізді нақты қандай қызмет орнына қарастырып отырғанын қысылмай сұра. Содан-ақ саған қандай сұрақтар қойылатынын, не күтетінін, нені талап ететінін топшылай аласың.

  4. Өзіңе деген сенімділік. Жұмыс берушімен сұхбат кезінде өзіңе сенімді болғаның қажет. Болмасаң ше? Әрине, әр адам өзін лайықты көрсетіп, абыроймен ұстағысы келеді. Бұндайда әлеуметтік желіге жүгінген дұрыс. Компания қызметкерлерінің парақшасын қарап, қолданатын хэштегтерін тауып, жұмыстары жайлы жазбаларын оқы. Үлкен компанияның ұжым мүшелері заман рухына сай, тапқыр, көңілді, ой-өрісі кең деген әсер қалдырды ма? Бұндай ұжымға еніп, лайықты қызметкер бола аласың ба?

5. Қитұрқы сұрақтар туралы «аңыздар». Әлеуметтік желілерде жұмыс іздеушіге небір «ақылгөй» кеңес беретіндер көп-ақ. Біздің айтарымыз – жұмыс берушімен ақылға қонымды сөз айтып, шынайы бол. Кездесуге дайындалдың, өзің жайлы түйіндемеде жаздың. Ал бұл кезеңде білуге тиіс дүние – нақты не қажет, нені күтесің? Артық қыламын деп тыртық қылма – сұрақтарға «данышпан» жауап іздеме. Жұмыс берушінің алдына сенен бұрын да көптеген адам келген. Сондықтан керемет әсер қалдырамын деп жанталаспай, барынша шынайы бол. Қазір мүләйімсіп, қылымсығанмен, ертең содан зардап шегіп қалуың мүмкін. Жұмысқа алғандағы ең басты талап – жұмысқа деген құлшыныс. Бұл жағдайда тіпті білім мен тәжірибенің маңызы болмай қалады. Білімді жұмыспен қатар алуға да болады. Ал тәжірибені уақыт өте жинайсың. Ең бастысы – еңбекке деген ниет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет