Тест база По классам этап(1)


Қазақ халқының XVI-XVII ғасырлардағы шаруашылығы



бет79/128
Дата05.04.2023
өлшемі1,91 Mb.
#173788
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   128
Байланысты:
TEST KAZ TAR (1)

2.2. Қазақ халқының XVI-XVII ғасырлардағы шаруашылығы.


50 Нұсқа.
1. Көшпелі шаруашылық дегеніміз қандай шаруашылық?
А. Қой бағатын
В. Түйе бағатын
С. Сиыр бағатын
Д. Аралас түлік бағатын
Е. Таза малмен айналысатын

2. Қыста қазақ ауылдары ұсақ топтарға бөлініп, малдарын жайды:


А. Тау бөктерлеріне
В. Далаға
С. Көл жағасында
Д. Көше бойында
Е. Көрші ауылда

3. XVI-XVII ғасырларда түйе мен қой-ешкілер үшін қыстық жайылымға таңдалатын жер:


А. Балқаш бойы
В. Үстірт
С. Қызылқұм шөлі
Д. Маңғыстау
Е. Тарбағатай

4. Қыста мал бағатын көшпелі қазақ ауылдары үшін ең қауіптісі:


А. Жұт
В. Мал ауруы
С. Қалың қар
Д. Жол болмауы
Е. Жыртқыш аңның шабуылы

5. Малды ауылдың мал төлдеуіне сәйкес көктемгі көшу:


А. Көктеу
В. Қыстау
С. Күзеу
Д. Жайлау
Е. Отау

6. Көктемгі көштің қозғалуы жас төлдердің жағдайына байланысты сегіз-он шақырымнан аспайтын


көшудің қазақша атауы:
А. Қазақы көш
В. Маң-маң көш
С. Ұлы көш
Д. Қозы көш.
Е. Маңырама көш

7. Қозылардың жүнін қырқатын мезгіл:


А. Сақпан
В. Қырқықтық
С. Қозы күзем
Д. Қозы қырқау
Е. Қоздату

8. Көшпелі қазақтар суық басталысымен көшті:


А. Қыстауға
В. Күзеуге
С. Көктеуге
Д. Жайлауға
Е. Еш жерге

9. Малы жоқ, көшіп қонуға көлігі жоқ, егіншілікпен айналысатын кедей:


А. Жатақ
В. Жалқау
С. Құл
Д. Күң
Е. Тұрғын

10. Мал аурулары:


А. Тұмау, шешек
В. Талма, алапес
С. Тырысқақ, қояншық
Д. Ешкіде-кебенек, қойда-топалаң, сиырда-қарасан, жылқыда- маңқа, түйеде-ақшешек
Е. Оба, сүзек

11. Қазақтар қай кезде «менің ата-бабамның сүйегі жатқан жер, менің қыстауым» дейді:


А. Бабасын еске алғанда
В. Сағынғанда
С. Ауырғанда
Д. Тәң сәріде
Е. Қыстау үшін талас туып арызданғанда

12. Қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық өмірінде алатын тарихи маңызы зор:


А. Күзеу
В. Жайлау
С. Қыстау
Д. Көктеу
Е. Ауыл

13. Қазақтарда қыстау иелерінің аттарының сақталу себебі:


А. Есте сақтау үшін
В. Қазақтар өте сирек жағдайда ғана қыстаулардың орнын ауыстырғандықтан
С. Өздері тұрғызғандықтан
Д. Сатып алғандықтан
Е. Адаспау үшін

14. Қазақтарда көп жағдайда қыстау жанына не орналасқан?


А. Ошақтар
В. Көмбелер
С. Зираттар
Д. Құрт жаятын шилер
Е. Азық сақтайтын ұралар

15. Кейбір орыс және Еуропа ғалымдарының қазақтар отты жерлерді қуалап жаз, қыс демей көшіп


жүреді деген пікірлері неге негізсіз?
А. Олар маусымды көші-қонды түсінбеген
В. Олар қазақ даласында болмағаннан
С. Өздері көшіп көрмегендіктен
Д. Мал өнімін тұтынбағандықтан
Е. Қазақша білмегендіктен

16. Маусымды көшіп-қону дегеніміз:


А. Жайлауға көшу
В. Күзеуге көшу
С. Қыстауға көшу
Д. Жыл мезгілінің ерекшелігіне қарай мал басын аман сақтау үшін көшіп-қону
Е. Көктеуге көшу

17. Маусымды көші-қон неше мезгілге бөлінеді?


А. 1
В. 2
С. 4
Д. 5
Е. 6

18. Маусымды көші-қонның пайдасы:


А. Малшылар бір-бірімен араласу үшін
В. Малшыға ыңғайлы
С. Таза ауа үшін керек
Д. Жайылымды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді
Е. Болмаған

19. Жартылай көшпелі өмір дегеніміз:


А. Қалаған мезгілде көшіп-қону
В. Қыстауда егін салумен де айналысу
С. Қыстауда қора-жай салу
Д. Малшылықпен қатар сауда-саттықты қоса алып жүру
Е. Малшылыққа қоса аң аулау

20. Қыстаудан көшкенде әр жерге от жағып түтіндетіп, мал-жанды соның арасында өткізудің себебі:


А. Қыстан қалған ауру-мырқау, бәле-жала болса, от жалынымен жанып, жоқ болсын деген ырым
В. Түтінді ем деп білгендіктен
С. Түтін исін шығарып, аруақтарға сиынғандықтан
Д. Малды семірту үшін
Е. Төлді семірту үшін

21. Жеркепе деген не?


А. Жер астындағы үй
В. Жас төлге арналған күрке
С. Тас үй
Д. Кірпіш қора
Е. Балшықтан салынған қора

22. Қазақтар көктеуде неше ай тұрған?


А. 5
В. 2
С. 6
Д. 3
Е. 4

23. Қыстау мен көктеудің арасы неше шақырым болған?


А. 20-25
В. 10-15
С. 30-40
Д. 40-45
Е. 80 – 90

24. Жайлау мен көктеу арасы солтүстік, солтүстік батыс аудандарда қанша шақырымды құраған?


А. 100-150
В. 150-200
С. 500-1000
Д. 2000-2500
Е. 3000-5000

25. XVII ғасырдағы деректерге қарағанда, қазақ зергерлері алтындап, қымбат тастармен әшекейлеп


жасаған сәукелелердің құны:
А. 1 жылқы
В. 1 үйір жылқы
С. 1000 қой
Д. 1000 түйе
Е. 5 үйір жылқы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет