Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары



бет4/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары
3 n s a- GB , №7 лекция, Тулбасиева А (2 рк), 1569864809, ИББ10-апта Сөжж
5. Сөйлеу мәнерлілігі құралдары
Мәнерлеп сөйлеу құралы өзінің сөйлеу қабілеттілігін арттырады және тыңдаушыға немесе оқырманға әсер етуді күшейтеді. Мәнерлеп сөйлеуді дұрыс жүргізу үшін балаларға дауыс ырғағының логикалық, психологиялық және гамматикалық кідірістерді үйрету кажет. Мәнерлеп сөйлеу үшін сөйлеу техникасын жаттығу керек, дыбыстау мүшелерінің қызметін дұрыс меңгеру керек.
6. Қарым-қатынас балалардың сөйлеуін дамытудың маңызды шарты ретінде
Тіл дамытуды қалыптастыруда қарым-қатынас маңызды құрал болып табылады. Қарым- қатынас - екі (және одан да көп) адамның бір мәмлеге келуге, келісімге бағытталған, ортақ нәтижеге жетуді мақсат етіп келісілген әрекет. Сөйлеу, қатынас құралы ретінде, белгілі бір кезеңде пайда болады. Сөйлеу ісәрекетін қалыптастыруда баланың айналасындағы адамдармен өзара қатынасы тілдік және материалдық көмек арқылы жүзеге асатын күрделі процесс болып табылады. Баланың сөйлеу мәдениеті әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасады. Оның пайда болуы және қалыптасуы баланың қатынас қажеттілігінен туындайды. Қатынастағы қайшылықтар баланың тілді білу қабілетін ұштауға , сөйлеудің жаңа формаларын білуге жетелейді. Жас ерекшеліктерін, баланың қабілетін ескере отырып, баланың ересектермен бірлесуі арқасында жақсы нәтижеге жетеді.


7. Сөйлеуді дамытудың мақсаттары мен міндеттері. Сөйлеудің даму кезеңдері.
Сөйлеу тіл дамыту әдістемесі – педагогикалық қызмет заңдылықтарын зерттейтін, мектеп жасына дейінгі ұйымда балалардың тілін қалыптастыруда бағытталған педагогикалық ғылым. Сөйлеу тіл дамыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың бір бөлігі, оның өзінің белгілі мақсаты, міндеті,мазмұны бар. Әдістеменің басты міндеті – балабақшада тәрбиеші баланың қажетті сөздік дағдылар мен қабілеттерін дамыту үшін ғылыми педагогикалық негізде тіл дамытудың тиімді әдіс – тәсілдерін жинақтау, жасау. Курстың басты мазмұны баланың ауызекі тілін қалыптастыру, қоршаған ортамен сөздік қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру. Е.И.Тихеева көрсеткендей, бұл ана тілі оның кедергісіз, жан – жақты дамуы тәрбиенің негізі болып табылады.
Сөйлеу тіл дамыту әдістемесі барлық педагогикалық ғылым сияқты жалпы ғылымға енеді. Оның методологиялық негізі тіл және ойлауға үйрену болып табылады. Тіл – басты қарым – қатынас құралы болып табылады. Ойлау – тіл сияқты қалыптасып дамиды. Адамдардың еңбек әрекеті барысында дамиды, қоршаған адамдар мен тұрмысының көрінісі болып табылады. Сөйлеу тіл дамыту әдістемесі басқа ғылымдармен байланысты, әсіресе тіл туралы ғылымдармен: тіл білімі (тіл білімдері бөлімі – фонетика, орфоэпия, лексикология, грамматика, морфология, синтаксис): психолингвистика. Тіл функциялары туралы білім, тіл білімі және психологияда жасалған.
Әдістеменің басты тараулары:
- байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру
- сөздің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу
- балалардың ауызекі сөзінде сөз қорының және грамматикалық дағдыларының дамуы
- балаларды сауатты оқуға дайындау
- балаларды көркем әдебиетпен таныстыру.
Тіл дамыту әдістемесі барлық мазмұны іс – жүзінде мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге арналған. Мектеп алды даярлықтың мақсаты мен талабы – ақыл – ой дамыту, тіл дамыту және ана тілін таным, оқу және ойлау іс - әрекетінің негізі болып табылады. Мектепке дейінгі балаларды оқытудағы тіл дамыту мақсаттары: 1) Әр жас топтарында тіл дамыту бағдарламаға сай орындалуынқадағалау және қамтамасыз ету. 2) Балаларды оқыту мен тәрбиелеуді дұрыс жолға қою. 3) Қызметкерлерге бағыт беру жәнебақылау жасау. 4) Жағдай жасау (медициналық, гигиеналық, профилакториялық). 5) тіл дамыту бойынша озық тәжірибелерді жинақтап қорыту. Педагогикалық жаңа инновациялық техниканы енгізу, педагогикалық өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыру. 6) Мамандардың дәреже деңгейіне және білім жетілдіруіне сай квалификациясын көтеру. 7) Балабақша мен отбасы арасында өзара педагогикалық білімді насихаттайтын жұмыстар ұйымдастыру. Ата–аналарды жалпы жиналыстарда оқу – тәрбие процестерімен таныстыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет