Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары



бет5/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары
3 n s a- GB , №7 лекция, Тулбасиева А (2 рк), 1569864809, ИББ10-апта Сөжж
Сөйлеудің даму кезеңдері
Баланың сөйлеу тілі туа біткен процесс емес екенін көптеген авторлар дәлелдеген. Ол онтогенез барысында адамның әлеуметтік дамуымен байланысты. Сөйлеу тілінің дамуы мидің орталықтарының және оларды жалғайтын жолдарының қалпына, баланың ой-өрісі мен дене дамуына байланысты болады.
Баланың сөйлеу тілі дамуын зерттеген ғалымдардың көпшілігі (А. Н. Гвоздев, Г. А. Розенгард-Пупко, А. Н. Леонтьев) екі негізгі кезеңге бөледі: сөйлеу тілі шыққанға дейінгі (баланың туылған кезінен бір жасқа дейін) және сөйлеу тілі шыққан кезен (бір жастан кейін). Сөйлеу тілі шыққанға дейінгі кезеңді дайындық кезен, деп атайды. Өйткені бұл кезде баланың сөйлеу тілін меңгеруге дайындық жүреді. Баланың туылған кезінен бастап дауыс реакциялары пайда болады.Олар айқай және жылау. Бірақ бұлар әлі де адамның сөйлеу тілінің дыбыстарынан бөлек. Сонда да айқай да, жылау да, сөйлеу аппаратының үш бөлігінің (демалу, дауыс шығару, артикуляция) әр түрлі қимылдарының дамуына әсерін тигізеді. Екі аптадан кейін бала айналасындағы сөйлеген адамның дауысына назар аударады, жылауын қояды, адамдар оған сөйлегенде «тыңдайды». Бір айдың аяғында баланы әлдилеп жұбатуға болады. Сөйлеген адамға басын бұрып және оның артынан көзімен қарайтын болады. Интонацияға (дауыс ырғағына) реакция береді: жылы және қатты сөйлегенді сезеді. Бұл кезде баланың уілдеуі әр түрлі интонациямен шығады. Ең бірінші пайда болатын дауысты дыбыстар (а, о, у, э). Содан кейін еріндік дыбыстар (б,п,м) пайда болады. Бұл физиологиялық ему процесіне байланысты. Ең соңында шығатын тіларты дыбыстар (к,г,х). Бұл физиологиялық жұту процесіне және тілдің түбінің көтеріңкі болуына байланысты (баланың шалқасынан жатуы). Сөйлеу тілінің сөздік қорының дамуы: алғашқыда бала тек қана сөздің номинативтік функциясын менгереді. Сонымен қатар етістіктерді қолдана бастайды. Кейін басқа да грамматикалық категорияларды игереді: сын есім, есімдік, үстеу. А. Н. Гвоздевтің айтуы бойынша 3 жастағы балада грамматикалық негізгі категориялары толық қалыптасады. 4 жастағы бала өз тілінде жай және күрделі сөйлемдерді қолданады. 5 жастағы бала қосымша сұрақтарсыз тыңдаған әңгіменің мазмұнын өз бетімен айтып бере алады. Осы жаста баланың фонематикалық қабылдау қабілеті де дамиды: алғашқыда бала дауысты және дауыссыз дыбыстарды, кейін-жіңішке және жуан дауыссыздарды, сонорлы, ысқырық, ызың дыбыстарды ажырата бастайды. 4 жасында қалыпты дамыған бала ана тілінің барлық дыбыстарын ажырата алуы керек, яғни оның фонематикалық қабылдау қабілеті толығымен дамыған болуы қажет. Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының дамуы үш кезеннен тұрады: аморфты түбір-сөздерден тұратын сөйлемдер (1 кезең), сөйлемнің грамматикалық құрылысын игеру (2 кезең), ана тілінің морфологиялық жүйесін игеру (3 кезең).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет