Түр, тұлға, logos сөз, ілім дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын


Дәріс тақырыбы: Сөз мағынасы, оның түрлері



бет13/23
Дата20.02.2023
өлшемі169 Kb.
#169448
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілі сабақ жоспарлары
9- мамыр, Терминдер
Дәріс тақырыбы: Сөз мағынасы, оның түрлері.
Сөздің екі жағы: мағыналық және дыбыстық. Сөз мағынасы зат туралы ұғымның мазмұны болып табылады. Ал ұғымның және атаудың (сөздің) қалыптасуы ойлау процесімен тікелей байланысты. Сөйтіп, сөз оймен, ойлау процесімен, ұғыммен байланысты болады екен. Сөз күрделі құбылыс дейтініміз осыдан.
Сөз өзі қандай күрделі болса, оның мағынасы да сондай күрделі. Тілдегі сөздер білдіретін мағынасы мен сөйлемдегі атқаратын қызметіне қарай әлденеше топқа сала-сала болып бөлінеді. Қазақ тіліндегі сөздер семантикалық (мағыналық) белгілеріне қарай атауыш сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп үш үлкен топқа бөлінеді. Бұл топтардың әрқайсысы өз ішінде тағы да бірнеше топқа жіктеледі
Атауыш сөздердің толық лексикалық мағынасы болады. Олар белгілі бір логикалық ұғымды білдіреді. Сондықтан бұлар өздерінің дербестігін әр уақытта (сөйлем ішінде де, жеке тұрғанда да ұғымды білдіре алады) сақтай алады.
Ал көмекші сөздерде ондай дербестік болмайды. Өйткені, олардың лексикалық мағынасы көмескіленген, сондықтан белгілі бір ұғымды білдіре алмайды (жеке тұрғанда). Олар сөйлемде абстрактылы мағынаға ие болады да, сөз бен сөзді байланыстырады: септеуліктер, жалғаулықтар, демеуліктер.
Ал одағайларда ұғым да, дербес мағына да жоқ. Олар адамның көңіл күйін, сан алуан эмоциялық сезімін білдіреді.
Сөз мағынасы зат туралы ұғымның шартты атауы болады дедік. Грамматикалық мағынасы сөз мағынасынан кең болады. Сөз мағынасы заттың күйін, түрін, белгісін нақты көрсете алмайды. Зат пен сөз мағынасы арасында табиғи байланыс жоқ. Сөз заттың, құбылыстың нақ өзі болмағанымен, оның (заттың) ұғымдық бейнесі болып есептеледі. Сондықтан сөздің мағынасын саралағанда ең алдымен оның ең алғашқы негізгі мағынасын табуға тырысамыз. Сөздің негізгі мағынасы айтушы мен тыңдаушыға ортақ нақты заттық шартты ұғымды білдіреді. Бұл нақты заттық шартты ұғым сөйлемнен тысқары алынған жеке сөздің өзінен-ақ білінеді. (М: мал, ағаш,қызыл,кет, кел). Сөздің нақ осындай негізгі мағынасы лексикалық мағына деп аталады. Сөздің лексикалық мағынасы, заттық мағынасы, негізгі мағынасы дегендер өзара синоним ретінде жұмсалады.
Өткенде сөзде жалпылық қасиет болады дедік. М: адам, мал, ағаш т.б. Бұл сөздің жалпы мағынасы. Сөздің жалпы мағынасымен қатар нақты мағынасы болады. Сөздің нақты мағынасы контексте айқын көрінеді. М: Адамды адам еткен еңбек (адамзат д.м.). Атаның ұлы болма , адамның ұлы бол. (Абай). (халық д.м.). Үйден бір адам шықты (белгісіз бір кісі).
Сөйтіп сөздің нақтылы лексикалық мағынасының өзі бірде ұлғайып, бірде кішірейіп отыратын шартты ұғым болып шығады. Сондықтан да бұлар белгілі контекске тәуелді болады, яғни сөздің тура, нақты мағынасы контексте ашылады. Осы заңдылыққа сүйене отырып, академик В.В.Виноградов сөз мағынасын ерікті мағына, фразеологиялық байлаулы мағына және функционалды-синтаксистік мағына деп саралайды. Бұндағы ерікті мағына дегеніміз сөздің заттық мағынасы болып табылады (негізгі мағына, номинативтік мағына т.б. деп атай береміз).
Өзінің негізгі (тура) номинативтілік мағынасында сөз заттар мен құбылыстарға тікелей бағытталып, көптеген сөздермен тіркесте айтыла береді. Мысалы: бас, теп деген сөздер өзінің тура мағынасында үлкен бас, кіші бас, сопақ бас, жуан бас, мая бас, жалтыр бас; теп – сырғанақ теп, ақырын теп, қатты теп, шаңғы теп т.б. қолданыла береді. Бас – адамның мүшесі, теп – аяқпен ұру, жүру мәнін білдіретін етістік-қимыл атауы. Ал басқа тепті деген тіркесте бұл сөздердің мағынасы мүлде өзгеше: басқа тепті – бағаламады, қадірлемеді деген мағынаны білдіреді.
Майға жақты – барын беріп сыйлады. Құр ат – мінілмеген семіз ат. Қағынан жеріді – суынды, безінді. Міне осындай сөздің қалыптасқан тұрақты сөз тіркесінде көрінетін лексикалық мағынасы фразеологиялық байлаулы мағына деп аталады. Фразеологиялық байлаулы мағынада сөз кез-келген сөзбен емес, санамалы, арнаулы сөздермен ғана тіркесіп қолданылады. Сөз бен зат арасында табиғи байланыс жоқ дедік. Сондықтан бір сөз бірнеше затқа, құбылысқа ортақ атау болып ауысып қолданыла береді. Яғни, сөздер белгілі контексте қолданылу ретіне қарай әдеттегіден тыс басқадай ерекше үстеме мағына жамап алуы мүмкін. Мысалы: қуыру – қыздырылған майға су қоспай пісіру.
-Босқа солпақтап ойнаған балаға сол керек, - деп апам Шәкір екеумізді біраз қуырып алған. (Ө.Қанахин). Мешел – ауру. Шаруасы мешел ата-ана төрт-бес күншілік жердегі қызына келген жоқ (С.Жүнісов).
Назар – зейін, ықылас. Бірақ екеуміздің назарымыз ұшырасқан сайын Перизат қызарып кетеді (Д.Исабеков).
Бұл сияқты ауыспалы тиянақсыз мағыналар белгілі контексте сөйлем ішінде көрінетін болғандықтан, синтаксистік шартты немесе функционалды -синтаксистік мағына деп аталады. Кейде контекстік немесе келтірінді мағына деп атайды.
Көптеген сөздер ауыспалы мағынада ұзақ уақыт қолданылады да, жүре-бара сол жаңа ауыспалы мағына сол сөздің тұрақты мағынасына айналады.
М: Көз –көру органы
Көз – иненің көзі
Көз – судың көзі
Көз – күннің көзі
Көз – байлықтың көзі т.б.
Өткенде айтқанымыздай, сөз мағынасының өзгеруі, жаңа мағынаға ие болуы әр түрлі жағдайға байланысты. Сөз мағынасының өзгеруінің сыртқы себептері және ішкі (лингвистикалық) себептері болады.
Сөз ұғымды білдірудің материалдық формасы бола отырып, сананың дамуымен байланысты болатын ұғымның өрісін де бейнелейді. Басқаша айтқанда ұғымның нақтылықтан абстрактылыққа, жалқылықтан жалпылыққа ауысуы, сондай-ақ оның (ұғымның) дәлелденіп, саралануы сөз мағынасының өзгеруіне әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет