Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты педкеңесі



бет4/4
Дата30.01.2022
өлшемі65,5 Kb.
#116081
1   2   3   4
Байланысты:
4 хаттама
10 класс бжб1, Алдымен сүй ардақты ата-анаңды, Ампер күші сол қол ережесі, Ампер күші сол қол ережесі, жеке жұмыс жоспары, жеке жұмыс жоспары, 9яз4т3а1-2с, 1513599536, 1513599536, 9 а жарты жылдық жоспар, 00073741-9e09e5a2, 00073741-9e09e5a2
4. Тыңдалды: Мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындық деңгейі

Сөйледі: сарапшы Жумашева Ж

11- сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау – білім алушылардың жалпы орта білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Өткізу формасы: мектеп бітіру емтихандары

Өткізілетін орны: білім алушылар оқитын мектеп базасы

Өткізу мерзімі: шамамен 29.05.2021 - 09.06.2021

Емтихандар жайлы қысқаша:


  1. Ана тілі. Эссе жазу үшін ұсынылған тақырыптардың біреуін таңдайды. Эссе 250-300 сөзден тұруы қажет. Эсседе оқушы тақырыпқа сай көтерілген мәселе бойынша дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуі қажет. 3 сағат.

  2. Алгебра және анализ бастамалары. Бақылау жұмысы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 5 тапсырмадан, жаратылыстану-математикалық бағыт пен физика-математикалық бағыттағы арнайы мектептер үшін 6 тапсырмадан тұрады. .Уақыты -5 сағат

  3. Қазақстан тарихы. Тест 18 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: бір дұрыс жауапты 10 тест тапсырмасы, контекст негізіндегі бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасы және ашық түрдегі 3 тест тапсырмасы. Ұзақтығы -80 минут

  4. Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі. Тест 2 блокқа бөлінген 18 тапсырмадан тұрады:

        Тыңдалым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 2 мәтін),

        Оқылым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 1 мәтін, ашық түрдегі 3 тест тапсырмасымен 1 мәтін); Ұзақтығы -80 минут



  1. Таңдау пәндері бойынша:

Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет. Тест 18 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: бір дұрыс жауапты 10 тест тапсырмасы, контекст негізіндегі бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасы және ашық түрдегі 3 тест тапсырмасы.

Шет тілдері (ағылшын, неміс, француз тілдері). Тест 2 блокқа бөлінген 18 тапсырмадан тұрады:

Тыңдалым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 2 мәтін),

Оқылым (бір дұрыс жауапты таңдауға арналған 5 тест тапсырмасымен 1 мәтін, ашық түрдегі 3 тест тапсырмасымен 1 мәтін);

Информатика. Тест 17 тапсырмадан тұрады, оның ішінде: бір дұрыс жауапты 10 тест тапсырмасы, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты 5 тест тапсырмасы және тәжірибелік дағдыларын бағалауға арналған 2 тапсырма.

 Білім алушы жазбаша жұмысы үшін қойылған бағамен немесе тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда, емтихан бағасы жарияланғаннан кейінгі келесі күні 13:00 сағатқа дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, білім басқармаларының, сондай-ақ республикалық мектептердің білім алушылары үшін Министрліктің жанынан құрылған Комиссияға шағымданады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығының 74-тармағы).

5. Тыңдалды: “Mektep.edu” платформасындағы жоспарлардың толтырылуы, бағалардың қойылуы

Сөйледі: Ахмет Б. Ө

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің №509 бұйрығына сәйкес жартыжылдық бағалауға көшу келесі оқу пәндері бойынша жүзеге асырылады:  «Дүниежүзі тарихы» (5-9-сыныптар);  «Химия» (7-сынып);  «Информатика» (5-9-сыныптар);  «Құқық негіздері» (9-сынып);  «Қазақ тілі»/ «Орыс тілі» (10-сынып ЖМБ);  «Геометрия» және «Информатика» (10-сынып ҚГБ). Ескерту: үшінші тоқсанда аталған пәндерден қорытынды бағаны енгізу үшін ұяшықтар көрсетілмейді. Қазіргі журналдың формуласы бойынша оқушының тоқсандық бағасына қалыптастырушы бағалаумен қатар БЖБ, ТЖБ да әсер етеді. Электронды журналды тексеру басында көптеген келеңсіздіктерді байқадық. Сабақ жоспары салынбаған. Әріптестер арасында Қанисова Г, Бисен Ғ, Жұмалиева Ж, Елубаева А, Айдынғали С. журнал толтыру барысында салғырттық танытқансыздар. Екі-үш аптаның тіпті ай басынан бергі қалыптастырушы бағалаулары құйылмаған. Электронды журналды ата-аналар, оқушылар, басқарма өкілдері бақылайтындығын ескерсеңіздер екен.

Қаулы:

1 .Сабақ барысында тиімді оқытудың жаңа тәсілдері арқылы сабақты тиімді ұйымдастыру басты назарда болсын

2. ІІІ тоқсан бойынша оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы жақсы деп бағалансын. 5 пәннен «3» ке шыққан оқушылардың Ата-анасына қызметтік хат жазылсын.

3. «Алтын белгі», «Үздік аттестатқа» үміткер оқушылардың құжаттарында анықталған қателіктерге түзетулер енгізілсін.

4. Мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындық деңгейі жақсы деп бағалансын.

5. “Mektep.edu” платформасындағы жоспарлардың толтырылуы, бағалардың қойылуы бір жолға қойылсын. Толтырылуы үнемі бақылауда болсын. Қанисова Г, Бисен Ғ, Жұмалиева Ж, Елубаева А, Айдығали С. ескерту берілсін.

Педкеңес төрайымы: Нурбасинова Р.Ш

Педкеңес хатшысы: Тәжіқараева М. Д




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет