Алдымен сүй ардақты ата-анаңды



Дата05.04.2021
өлшемі14,67 Kb.
#109623
Байланысты:
Алдымен сүй ардақты ата-анаңды
10 класс бжб1, Ампер күші сол қол ережесі, Ампер күші сол қол ережесі, жеке жұмыс жоспары, жеке жұмыс жоспары, 9яз4т3а1-2с, 1513599536, 1513599536, 9 а жарты жылдық жоспар, 4 хаттама, 00073741-9e09e5a2, 00073741-9e09e5a2

Алдымен сүй ардақты ата-анаңды
Ата-ана отбасының негізгі құрам бөлігі. Сенің дүниеге келуің осы екі кісінің арқасында. Сен шырылдап дүние есігін ашқаннан, бағып-қағып, ешкімнен кем қылмай өсіреді.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай, бесік таянған аналарымызды қадірлеп, сыйлап жатырмыз ба? Арқа еті арша, борбай еті борша болып балаларымды ешкімнен кем қылмайын деп еңбектеніп жүрген әкелеріміздің еңбегін ақтап жатырмыз ба? Балаларым қатарынан қалмай оқысын-тоқысын, ел көрсін, жер көрсін деп қымбат оқу орындарына да түсіреді. Бірақ, оны бірі түсінсе, бірі түсінбейді.
Ата-анамызда барында бағалаңыз. Алыста жүрсеңіз хал-жағдайын сұрап тұраңыз. Сіздің осылай уайымсыз өмір сүруіңіз әке-шешеңіздің арқасында. «Балам аман ба екен?», «аш емес па?» екен деп үнемі уайымдап отырады. Тіпті дерлік «баламның аяғына кірген тікен, менің маңдайыма кірсін» дейді. Өздері сырқаттанып қалса да, балам деп бүйректері бұрып тұрады. Менің көрмегенімді, менің жемегенімді балам жесін деп барын аузына тосады. Сіз бақытты жансыз себебі, ата-анаңыз аман-есен. Көпке топырақ шашпаймын, кейбір балалар бар ата-анасын сыйламайтын, ақылын тыңдамайтын. Әкесінің жағасына жармасып, анасына ойына келетінін айтатын. Сонда ата-ана осыған лайықты ма? Қазіргі қоғамда қаншама бала ата-ана мейіріміне зәру. Кейбірі тіпті ата-анасының кім екенін де білмейді. Ата-анасына опсыздық жасайтындар өздерінің қателерін түсунуі керек. Әйтпесе тым кеш болып кетуі әбден мүмкін. Ата-анаңызды сыйлап, құрметтеңіз.
Ата-ананың баласына деген мейірімі мен көңілі шексіз. Бақыттың кілті ананың табанының астында. Сіз қанша ата-анаңызды Меккеге апарсаңызда ата-анаңыздың шексіз махаббаты мен сіз үшін бөлеген алтын уақытының құнын қайтара алмайсыз. Қандай істі бастасаңызда ең бірінші ата-анаңыздың ризашылығын алыңыз. Өйткені, сізге үміт артатын, сенетін, сізге арқау болатын адамдар бар. Ата-анаңызды бағалап, қадірлеңіз. Алдымен сүй ардақты ата-анаңды!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет