Тұрмашева, С. С. Салиш, А



бет21/69
Дата11.11.2023
өлшемі0,83 Mb.
#191046
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69
Байланысты:
Дүниетану 2-сынып қмж (1)

Барлық оқушылар: оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың басым бөлігі: топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Кейбір оқушылар: оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың
кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы 2 мин
8 мин

«Көңіл күй» мотивациясы.

  • Менің көңіл күйім керемет! Ал сендердің ше? Жақсы көңіл күй болса, онда айналаңдағыларға оны қалай тарту етесің? Әрине, көңілді күлімсіреп. Бүгін біздің

сабағымызға қонақтар қатысып отыр, оларға да
күлімсірейік. Сондай-ақ бір-бірімізге және де парталас сыныптасқа да күлімсірейік. Жақсы көңіл күй сабақтың аяғына дейін сақталуын тілеймін.

  • Қалай ойлайсыңдар, біздің бүгін сабағымыз қандай тақырыпқа арналады?

  • Бұл сұрақтарды мен бекерге қоймадым, ойланыңдар:

Оқушылар өз мысалдарын келтіреді.

Өз пікірлерін білдіреді. Өздерінің мысалдарын келтіреді. Басқа


оқушылардың пікірлері тыңдалады.





Мұғалім үшін: компьютер, экран, мультимедиалық проектор,
дыбыстық колонкалар, электронды
қосымша, кестелер мен мазмұнды
суреттер.







бүгінгі сабағымызда біздер кім туралы және не туралы сөйлесеміз? Біздің кездесуімізді қалай белгілейміз? (Біздің сынып, сыныптастар, достар)

  • Бұл тақырыптың атауы түсінікті болып көрінгенмен, шын мәнінде онда терең көрегендік мағына жатыр және күрделі ойлауды талап ететін көптеген мәселелі

сұрақтардан тұрады. Қалай ойлайсыңдар, не туралы? Ненің шешімін тапқыларың келеді? Бұл тақырыпты оқи отырып, жаңадан нені білдіңдер?

  • Сыныптастар, достар сөздеріне анықтама беру.

  • Біз қандай сыныптастармыз?

  • Өмірде достық қажет пе?

«Сынып» сөзіне ассоциация.
Сынып – бұл балалар ұжымы, сынып бөлмесі. Ұжым дегеніміз не?
Ұжым деп мақсат-міндеттері ортақ болатын топтағы
адамдарды айтады. Мектеп сыныбы ұжым болуы мүмкін. Бір ұжымдағы адамдар – жолдастар.

  • Сендердің сыныптарыңды сынып ұжымы деп атаса бола ма?

  • Неліктен? Ал отбасы деп ше?

  • Кәне, тексерейік. Ойын ойнауды ұсынамын.

«Сыныптастар» кластерін құрастыру.
Сендердің ойларыңша, сыныптастар деген кімдер?
СЫНЫПТАС – Біз бір сыныпта бірге оқитын сыныптаспыз.
Нағыз сыныптастарды қандай қарым-қатынастар байланыстырады?

Достық дегеніміз не?


Достық – бір-біріне деген сенімге, сыйластыққа және мүдделерінің ортақтығына негізделген жақын қарым- қатынастар. Ескі достық, сыныптастар достығы.
Досы көпті жау алмас.
Сыныптастарыңа қандай қарым-қатынас жасау керек? Олардың қарым-қатынасына сызат түспеу үшін неге жол бермеу керек?

Мұғалімнің соңынан жаңа сөздерді қайталайды.


Жаңа сөздерге анықтама береді.


«Сынып» сөзіне ассоциация құрады.
Сұрақтарға жауап береді.

Сыныптастар кімдер? – деген сұраққа жауап береді.


Достық, мектептегі достар туралы талқылайды.
СД дискі тапсырмаларын орындау




Оқушы үшін: оқулық, оқушы дәптері (№1).

Фотосуреттер


Сынып туралы түсірілім

Оқулық
СД дискі






10 мин



Неліктен бір-біріне көмектесу қажет?
Мектептегі жолдас – бұл оқуда бір-біріне көмектесетін
сыныптастар. Мектептегі достар оқуда, сабақта және үйде, үй тапсырмаларын орындауда өзара көмек береді, сондай- ақ қоңыраудағы үзілісте, ал сабақтан кейін –
қызығушылықтары бойынша бос уақыттарда бірге уақыт өткізеді.
Сонымен, сынып оқушылары – бірге жасайтын ортақ
істері бар, көзқарастары бір балалар. Бірге атқарылатын әрбір іс оқушылардың достығын нығайтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет