Төтенше өкіл – Попов. «Келісемін»: ОО бастығы үшін – Волохов».
Осы қаулының үстін бастыра: «Осы қаулы маған оқылды, бірақ та қаулыда негізделген материалдар маған толық көрсетілген жоқ. Ж.Досмұхамедов. 25/Х – 31»,– деп қол қойған.
Бір түсініксіздігі, тергеуші кәсіби заңгермен бетпе-бет келе отырып, Ж.Досмұхамедовке мүлдем қатысы жоқ Д.Әділевтің қылмысты ісін қалай «қиыстыра» қосақтаған? Жерге орналастыруға, телім бөлуге, «Алқа» үйірмесіне қатысты өзге көрсетінділерде де Ж.Досмұхамедовтің аты аталмайды. Қалайда «сауатты» айып тағып, түрмеге қамауды мақсат етсе керек. Ал «қылмыскер» адам айыптау қорытындысымен келісе ме, жоқ па, оларға бәрібір еді.
4.
Осыншама қилы да қияметті тергеудің қорытындысы ретінде шығарылған үштіктің үкімі Халел Досмұхамедовтің жер аударылып барған Воронеж қаласынан 1934 жылы 28 наурыз күні Саяси бөлімге қарата жазылған өтінішінде толық қамтылған. Онда:
Достарыңызбен бөлісу: |