«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет23/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Ырғыз ауданы, Ө.Қанахин атындағы ЖББОМ
Өмірзақ Жанна Талғатқызы
8-сынып оқушысы
Жетекшісі: Амантай Арай Абзалқызы


Есте сақтап аталардың ерлігін,
Жүректерге сақтау керек үнемі!


Өмірзақ Жанна Талғатқызы

Соғыс... Жеңіс.. Бірі-қасірет,бірі-даңқты қасиетті ұғым. Қасірет қай заманда да тіршілік иелеріне оңай тимеген тимейді де. Жеңіс ше?! Жеңу деген үнемі алда жүру ме, әлде барлық іс-әрекетте көшбасшы болу ма?! Иә, бұл ұғымдарды әркім әрқалай түсінері хақ.


Менің ойымша, жеңіс-қандай іс-әрекетте болмасын, сенің жасаған ісіңе халық шынайы бағасын берсе сол нағыз жеңіс болмақ, қадым заманнан бері, жеңісті ешкім алақан жайып сұрап алмаған, оңай қол жеткізбеген де. Соғыстың әкелген азабы мен тигізген зардабы бірден жоқ болып кете қоймайды. Жалпы, бәріне уақыт-емші шығар....
Халық кеңестің қарамағында болғанымен, әркім өз жайымен жүріп жатқан сәт еді, бұрынғы тату болған Германия мен КСРО-ның арасында жік түсті. Араздықтың басты себебі, екеуі де барлық күшті жинаған алпауыт мемлекеттер бір-бірін бағындырып алғысы келді, осының нәтижесінде 1941-1945 жылдар тарихта Ұлы Отан соғысы деген атпен қалды. Соғыс тек Кеңестік Одақтың өзінде болып қана қойған жоқ, Кеңестік Одаққа қарайтын барлық ұлттар мен ұлыстар болатын, оның ішінде біздің қазақ халқы да бар болды. 1941 жылы жүректері Отан деп соққан азаматтар алапат соғысқа кетті. Соғыстың кесірінен қаншама отбасы асыраушысынан айырылды,қаншама отбасы ойран болды, айрандай ұйып отырған отбасылардың өзіне салмақ түсіп,қара қағаздар келіп, елдің қайғыдан қабырғасы қайысты. Сұм соғысқа өз еркімен аттанған Әлия, Мәншүк секілді аяулы аруларымызды да аяған жоқ.
Біздің туған жеріміз Жайсаңбай өлкесінде де Ұлы Отан соғысына қатысып,ерлік танытқан аталарымыз көп. Олар: Жақыпов Құлжа, Мизанбаев Махмұт, Дәуселбаев Әбдіхамит, Төреханов Пірім, Қоянбаев Жайылхан, Молдиманов Әбдиман, Айекешов Мақсот т.б аталарымыз елге оралса, мына аталарымыз Әлмұратов Зайлағай, Құлжабаев Сүйеубай, Әлмұратов Ибраһим, Жақыпов Елубай аталарымыз елге оралмай сол майдан шебінде шейіт болған.
Мен осы майдангер аталарымыздың ішінен Төреханов Пірім атам туралы айтқым келеді. Ол кісі 1917 жылы Ырғыз ауданы,Ақсақал Тәуіп жерінде дүниеге келген. 1941-945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945 жылы соғыс аяқталған соң елге оралған. Елге оралған соң шөпшілер бригадасының бригадирі, 1950 жылы «ветсанитар» болып жұмыс жасаған. 1959-1960 жылдары ірі мал бақташысы болып, 1960-68 жылдары совхозда шопан болып еңбек етті. 1976 жылы зейнетке шықты.Атамыз «Еңбек ардагері» медальмен марапатталған. Ұлы Жеңістің 30 жылдығы, 70 жылдығы мерекелік медальдарымен және І дәрежелі Отан соғысы орденьмен марапатталған. Осылайша,ол кісі өзінің ерен еңбегі мен ерлігімен ұрпақтарына үлгі көрсетіп,дүниеден өтті. Біз майдангер аталарымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз!Ұмытылмақ та емес!
Ақиық ақын Мұқағали атамыз:
«Неменеге жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр демей ме?». Қазіргі күні бізге жеткен бейбіт күн мен жеңіске жеткізген ардагерлеріміздің саны азайып бара жатыр. Ия, адамның өмірі мәңгі емес, десек те осы қарияларымызды сыйлап, құрметтеу біздің Отан алдындағы ата-ана алдындағы өтелмес борышымыз болуы тиіс деп есептеймін. Қазіргі күні неліктен қарттар үйі көбею де?! Барым балам үшін деп, жиған-терген тәттісін баласының аузына тосқан мейірімді ата-аналар, қартайған шағында,осы балаларымның қызығын көрсем, немере сүйіп, оларды бақсам, қолымда болсын деген сәтте,өсіп-өніп ержеткен балалар қартайған әке-шешесін неге артық адам көріп,олардың көңілін не үшін қалдырады екен?! Бұл әділеттілікке жата ма?! Қарттар үйіне әке-шешесін тапсырған адамдарға, осы Отанын жаудан қорғаған өр мінезді аталарымыздың Отансүйгіш,елін сүйетін, мейірімді,қамқор мінезі жетіспейді деп ойлаймын. Өзімнің жеке көзқарасыма келер болсақ, бейбіт күнде қарттар үйінің көбеюі қатығездіктің көбейгені деп ойлаймын. Есіңізде болсын, келешек ұрпақ, қарттарға ең керегі жылы шырай мен қамқорлық қана, соны ұмытпаңыз!!!
Осы эссемді өзімнің өлең жолдарыммен аяқтағым келеді:
Елім бар ерім деп еңіреген,
Ерім бар елім деп елжірген.
Аталарым соғыста қалыспаған,
Сондықтан да халықпыз жеңілмеген!
Аталарым жері мен елін сүйді,
Ол кісілер армандады бейбіт елді.
Бабаларым ешқашан шегінбеген,
Біз жас ұрпақ үйрендік берілмеуді!
Біз туған жеріміздің батырларына тағзым ете отырып,олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз! Сарғайса да тарихтың ақ парағы,ол күндер мәңгі есте сақталады дегім келеді!!!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет