Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: 5-9-сынып оқушысы болуы; төменде көрсетілген эссеге қойылатын талаптарды қатаң орындауы тиіс.
Талаптар:
1. Эссеге қойылатын техникалық талаптар – эссе көлемі 2,5-3 (екі жарым - үш) бет, А4 форматында, шрифт Times New Roman – 12 кегль, барлық жағынан – 2 мм.;
2. Эссенің мазмұнына қойылатын талаптар: а) авторлық пікір (идея); ә) авторлық позицияның өрбітілуі; б) авторлық ұстанымның дәлелденуі;
3. Эссенің құрылымына қойылатын талаптар: а) Қойылған проблеманың өзектілігі; ә) автор қолдайтын немесе келіспейтін тезистің қалыптастырылып берілуі; б) берілген тезис мәнінің түсіндірілуі, дәлелденуі; в) тезистегі позицияға жеке көзқарасы; г) қорытынды.
Байқау құжаттары 26.03.2020 – 18.04.2020 ж. аралығында мына E-mail nurscienсe2017@mail.ru бойынша қабылданады.
Байқауға қатысушылар «Ең үздік эссе – 2020» бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталады. «Ең үздік ой», «Ең шығармашыл автор», «Жас қаламгер», «Ең үздік стиль» номинацияларымен марапатталады. Жүлделі орындар мен номинацияларға ие бола алмағандар, осы байқауға қатысушы сертификатымен марапатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |