«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы



бет3/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Қорытындылау мен марапаттау: «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ өкілдерімен 9-мамыр жеңіс күні мерекесіне орай салтанатты түрде өткізіледі. Өтетін орны мен уақыты қосымша хабарланады!
Ұйымдастыру комитеті: «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ, «Ұлы тарих – тағылымды жастар» ҚБ. Байланыс: 87761008086, 87014274520 (ватсап)
Қатысу: тегін


Ескерту: плагиат және интернеттен көшірілген дайын материалдар байқауға қатыстырылмайды және көрсетілген уақыттан кейінгі эсселер қабылданбайды.
Туған жердің батырларына мың тағзым!


Ақтөбе қаласы, №37 орта мектебі
5 «А» класс оқушысы
Ильясова Айжан

Қазақ халқы өте ержүрек, намысты, шыншыл батырлар көп. Қиын-қыстау заманда елін, жерін, туғанын жаудан қорғаған ардақты азаматтарымыз, батырларымыз аз емес. Олардың есімдері Қазақ елінде кеңінен таралып, ұрпақ үшін мақтанарлықтай. Мен өзім аса құрметтейтін батыр әпкелеріміз Мәншүк Мәметова, 1922 жылы туылып, 1943 жылы қайтыс болған. Ал Әлия Молдағұлова 1925 жылы туылып, 1944 жылы қайтыс болған.


Мәншүктін шын есімі – Мәнсия болған. Мәншүк бала кезінде мүлдем орысша білмейтін болған соң, анасы Әмина Саратовтағы орыс балабақшаға апарды. Ол жақта орыс балалармен араласып, орыс тілін тез меңгеріп алды. Мәншүк Мәметова небір шайқастарға қатысып, жеңіске жетті. 1943 жылы Невель қаласының түбінде болған шайқаста қатты жарақат алып қайтыс болды.
Ал Әлия апамыздың туылған жері Ақтөбе қаласы Қобда ауданы. 1932 жылдың күзінде Әлияның анасы аштық қысқанда екі баласын ертіп, картоп қалдықтарын теруге барады. Сол жерде бақша күзетшісі атқан оғы дәл анасына тиеді. Ол кезде Әлияның жасы жетіде, ал інісі Бағдат екі-үш жаста еді. Балалардың әкесі Әлияны туған ағасы Әубәкірге береді. Ал Бағдатты Канжалған апайына береді. Бірақ Бағдат көп ұзамай қайтыс болады.
Тағы да бір ең мықты батырлардың бірі – Қарасай батыр туралы жазғым келіп отыр. Қарасай батырдың өмірі ерекше әсер берді. Қазақтың қаһарман батыры, қолбасшы. 1589 жылы Алматы облысының Жамбыл ауданы Суықтөбе тауының етегінде дүниеге келіп, 1678 жылы Сарыарқадағы Көкшетау үшін болған шайқаста жарақаттанып, қайтыс болады екен. Мені таң қалдырғаны біздің тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы Қарасай батырдың ұрпағы.
Жалпы XVII ғасыр аяғында Қарасай батырдың қазақ-жоңғар арасында әйгілі үш соғыс болған. Қарасай батыр қазақ әскерлері қолбасшыларының бірі ретінде ақыл-парасатымен, тапқырлығымен танылған. Ол жылдар бойы ат үстінен түспей, 200-ге жуық ұрыстарға қатысып, 49 ірі шайқастарды басқарған. 19 рет жекпе-жек шайқаста жеңіске жеткен.
Қорытынды
Қазақ халқының батырлары – біздің мақтанышымыз. Біз үшін жанын қиып, талай жеңістерге жетті. Олардың ең мықтылары – Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова. Осы батырлардың арқасында қазір біз тыныш өмір сүрудеміз. Оларға мың тағзым, алғысымыз шексіз. Біздің батыр әпкелеріміз жас кезінде өмірден өтті. Сондықтан да біз олардың барлық жақсылықтарына алғыс айтуымыз керек!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет