«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет14/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Ырғыз ауданы, Б.Алманов атындағы ЖББОМ
8-сынып оқушысы
Жағыпар Тұмар Алмасқызы
Жетекшісі: Қалмағанбетова Нұргүл Қонақбайқызы

Қан майданның қасіретті жылдары! Минут сайын талай боздақтың өмірін қиған сұрапылды тарих мәңгі ұмытпайды. Бүкіл адамзаттың қасіретіндей болып кеткен Ұлы Отан соғысының Жеңісі орнағалы 75 жыл толды!


Біз соғысты көрген жоқпыз, Естідік,
Соғыстан соң туғандармыз,
Етек жауып, ес біліп.
Соғыс үні жетім болып, жесір боп,
Тұратындай әлі бізге естіліп…-
деп ақын Ж.Әуелбаев жырға қосқанындай, соғыс десе, жетімнің үні, ананың зары құлағымызға естіліп, майдангер болып ұрыс даласында қаны төгілген аталарымыз бен ағаларымыздың бейнесі көз алдымызға елестейді.
«Сендер соғысты көрген жоқсыңдар ғой...» Кешегі қилы заманның қиын-қыстау шағын еске алғанда, бүгінгі шалдар әңгімесін осылай бастайды. Олар кешегі боздақтардың арқасында тыныш ұйықтап, «бейғам» өмір сүріп отырған біздерге қызыға қарайды. Олар біздердің алдымызда өтелмес парыз екені аңғартады...» деп басталатын жазушы Дулат Исабековтің шығармасын оқығаныңыз бар ма? Соғыстың аты – СОҒЫС! Соғыстан кейін өмірге келген Дулаттың бір шығармасының өзінен талай қасіретті аңғарасың. Сол сияқты сұрапылды көзбен көргеннің де, тылда жүріп көрмегеннің де тағдырға артар кінәсі көп шығар...
Соғыста көз жұмғандар ішінде менің атамның немере екі ағасы Әбсаттар мен Әбдіғали Шүйінішалиндер есіме түседі. Мейлі олар қан майданда ерлікпен қаза тауып, Кеңес Одағының Батыры атағын алмай-ақ қойсын, мен үшін олар БАТЫРЛАР! Бір ошақтың оты өшкен осынау тағдыр көп үйдің басынан кезінде өткерген де болар. Бір әулеттің ұрпағын жалғастырар қос азаматы майданға аттанып, анасының қу босағаны құшақтап қалғаны ащы тағдыр емес пе?
Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар?
Көрдің бе үлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар,-
деп Сырбай ақын жырлағандай, осы әнді естісем еріксіз көзіме жас үйіріледі.
Әжем осы қос боздақ туралы естелік есіне түскенде айтатын. Адам басынан өткермейінше, бәріне немқұрайлы қарайтыны анық қой. Бұл қасіретті адамзат ешқашан басынан өткермесін! Бірақ тарих айтқан ақиқатты мойындап, өткенге тағзыммен, тәубамен қарау да – үлкен құрмет қой.
Ата-бабамыз талай ғасыр ұлан байтақ жерін қорғап, ат үстінде жүріп, күн кешті. Жауынгер бабамыз сүйегіміз қай жерде қалар екен деп, мойнына туған жерінің топырағын тағып кетеді екен. «Өле кетсем, туған жерімнің топырағы кеудемде жатсын, тірі болсам, туған жердің топырағы өзіне тартсын,»- деп, мойнына бойтұмар етіп тағып алатын болған. «Тұмар» сөзі – түркі тілінде «Тума йер» -«туған жер» деген мағына береді екен. Сол ТҰМАР деген есім телінген мен үшін туған жердің қадір-қасиетін түйсінетін жан ретінде өз туған жерінен шыққан ерлер туралы зор құрметті жасағым келеді.
Жерлес жазушы Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» повесін оқыдым. Майдангер жазушының шығармасында жерлестеріміз Қасым мен оның жары Нәзираның отбасының басынан өткен қилы тағдыр сан соқпағымен үйіріп әкеп, Қасымның майдан шебінде ерлікпен қаза тауып, жары Нәзираның Ақтөбеге балаларымен әзер жеткені баяндалады. Майдан шебінде қызмет қылған орыс Света атты құрбысының жетім қалған қызын бауырына басқан қазақтың қарапайым әйелі Нәзираның бейнесі арқылы соғыстың сұрапылын жеңген тағдырды бейнелейді. Бұл Тахауи жазушының өмірден алған оқиғасы еді.
Осы сынды сан тағдыр бетпе-бет келген ажалдан қорықпай, «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» деген мақалдың барын дәлелдегендей. Тоқтауы жоқ зырғыған уақыт табанын тайдырмай, майданнан тірі оралғанға қызыға қарайтын заманда шаңырағына аман оралған менің үлкен нағашы атам Қалмағанбетов Жақып туралы естеліктер көп еді. Оны маған анам айтатын. Әңгімешіл әжемізден қалған бірді-екілі естеліктерінің өзі де сары параққа айналып, тарих шаңының астында қалып барады.
1941 жылы алғашқы сәбиі дүниеге келген жылы атамыз соғысқа аттаныпты. Соғыс басталған шақта өмірге келген шақалақтың есімін ел тыныш боп, соғыс жеңіспен аяқталсын деген ниетпен есімін Тыныштық қойыпты. Сол қуанышын ұзақ көре алмай соғысқа аттанғанда, сәбиі әлі жасқа да толмаған екен. Майдан даласында 2-3 жыл соғыса жүріп, Ресейді жаудан азат ету жолында жараланып, жарылған снаряд оң қолын шынтағынан тесіп өтеді. Ұзақ уақыт әскери госпитальде жатып емделген атамыз кейін еліне оралады. Үмітпен күтіп отырған жарына аман қауышады. Тылда күндіз-түні тынбай еңбек етіп жүрген Бибіажар әжеміз жарын жалғыз қарсы алады. Ол кеткенде ауырып шетінеп кеткен сәбиінің тілегіне әкесі тірі оралды. 1944 жылы елге келген аман-есен келген атамыздан кейін сегіз бала өрбіп, қазір үлкен әулетке айналып отыр. Бұл - Ұлы Жеңіспен өрбіген тағдыр сыйы еді!
Тағдыр 1418 күн бойы арпалысқа түсіп, ақырында кеудесінде адалдығы бар, бойында намыс оты бар, берген сертіне беріктігі бар Кеңес әскері Жеңіске жетті! «Ер елі үшін туады, елі үшін өледі» дейді қазақ мақалы. Елі үшін туған боздақты туған Аналарға мың тағзым! Елі үшін өлген, елі үшін күрескен жауынгер үшін мың тағзым!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет