Туған жердің батырларына мың тағзым!
Ырғыз ауданы, М.Төлегенов атындағы ЖББОМ
5-сынып оқушысы
Қаниұлы Ислам
Жетекшісі: Жайшылықова Айнұр Қанатбайқызы
«Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмайды» демекші, Ұлы Отан соғысы мәңгі тарих қойнауына енді. Бүгінде бұл сұрапыл соғыстың аяқталғанына 75 жыл болмақ, дгенмен бұл соғыста қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасып, елін, жерін, туғанын жаудан қорғап, Отаны үшін жанын бергендіктен, соғыс ұмытылмастай ізін қалдырды. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуге ат салысты. Кеңестік Шығыс әйелдері арасында бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Мәметова мен 54 – атқыштар бригадасының мергені /снайпер / Әлия Молдағұлова болды.
Ұлы Отан соғысына қазақстандық жауынгерлер мен бірге менің де атам Құнанов Шабан ата да қолына қару алып, майдан даласында жаумен бетпе бет келген. Атам Шабан 1910 жылы туған. «Отан соғысы» орденімен, «германияны жеңгені үшін» және де басқа мерекелік медальдармен марапатталған. Ауылымыздың іргесіндегі шаруашылық маңызы үлкен Ақши бөгетін салуға қатысып, осы обьектінің жауапты қараушысы болып ұзақ жылдар бойы үздіксіз қызмет еткен. Адал еңбегі бағаланып Қазақ ССР Су шаруашылығы Министрлігінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарына ие болған. Атам менің жылы 92 жасында өмірден өткен. Атам туралы естеліктерді әкем айтып отырады.
Табан ет, маңдай термен келген осы Ұлы Жеңіске қаруымен үлес қосып, аты аңызға айналған өр тұлғалы азамат , қаһармандарымыз жетерлік . Біз кейінгі ұрпақ аты аңызға айналған батырларымыздың өнегелі жолдарын үлгі тұтып, қастерлеп отырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |