«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы



бет18/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Атамның ерен ерлігі!


Ырғыз ауданы, М.Төлегенов атындағы ЖББОМ
Мерейқызы Айымерке
7-класс білім оқушысы
Жетекшісі: Қалмағамбетова Айнагүл Күлдібайқызы


«Туа батыр болмайсың, жүре батыр боласың»


Халық нақылы

Соғыс... Бұл сөзді естісем, жүрегім мұздап сала береді.Алайда өткен тарихымызды ұмыту әсте де мүмкін емес. Барлығымызға аян, 1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енді.Бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып ұрыстарға қатысты. Талай қан төгілді, талай бала әкесіз қалды, талай ана жесір қалды. Біздің ерлеріміз туған Отанымыздың бостандығы мен азаттығы үшін ауызбен айтып жеткізгісіз қиындыққа төзіп, Ұлы Жеңіске қол жеткізген майдангерлерден қалыспай, Жеңісті жақындатуға өз үлесін қоса білді. Менің де атам отты жалындарды белуардан кешіп жүріп, ерлік көрсеткен батыр болғанын мақтаныш сезіммен жеткіземін.


Әкемнің айтуынша, арғы атам Орман Есжан Ұлы Отан соғысына қатысқан. Атам 1915 жылы Комсомол ауданы, Шөптікөл ауылында қарапайым шаруа отбасында өмірге келген. 1939 жылы 24 жасында әскер қатарына алынады. Әскерде жүрген жерінде соғыс басталып, майданға қару-жарақ таситын әскерлер құрамына ілігіп кетеді. Кезекті бір демалып жатқан жерлерінен алаулап жанған оттың иісінен оянап кетеді. Дереу, барлық әскерлер жиналып далаға шықса, айналасының бәрі жанып жатқанын, өздерінің от құрсауында қалғанын байқайды. Барлығы отты сөндіріп, таң ата жауға қарсы шабуылға дайындалады. Фашистермен бетпе-бет келіп атысып, біршама жаудың бетін қайтарып, біразын жайратып салады. Алайда, атамның қасындағы жауынгер достарының біразы жараланады. Ал, атам болса иығынан жараланады. Бұл қырғын, тоқтаусыз 3 күнге созылады. Атам тағы да иығынан жараланып жарасын одан сайын ұлғайтып алады. Ес-түссіз қалған атамды қасындағы жауынгер достары әскерлерді емдейтін орынға (госпитальге) апарып жатқызады. Содан атам бір аптадай ем алып, ұрыс даласына қайта келіп, достарына қосылады. Атамның ерліктері мұнымен ғана шектелмеген. Бірақ, әкемнің есінде қалғаны осы ғана екен. Әрине, мен үшін, бұл аз ерлік емес. Соғыс біткеннен кейін атам елге оралып қызметке араласқан. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін атам «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. Осындай атамнан қалған жалынды естеліктерді естігенде қатты қуандым. Атамның соғысқа қатысып, ерлік көрсеткені менің жүрегіме мақтаныш сезімін тудырды.
Әкем ылғи да маған: «Ерлік – табиғаттың сыйы емес, ұзаққа созылған тәрбиенің жемісі. Ерлік адам бойына әртүрлі жағдайда пайда болады. Ұрыс үстінде жаралану немесе өлу жауынгер үшін кездейсоқ нәрсе емес. Ол - қиындық атаулыны жеңуге ынтық, жанын шүберекке түйе әзірлеген дайындықтың жемісі. Ерлік дегеніміз үлкен мақсаттар жолында жасалған ерекше қадам» - деп, айтып отырады. Міне, осындай ерлік жасаған Есжан атамның ұрпағы болғаныма мақтан тұтамын.
Сөз соңында айтарым, бүгінде біз тәуелсіздігі – тұғырлы, егемендігі – еңселі, әнұраны – айбарлы елде тұрып жатырмыз. Бабаларымыздың –батырлығымен, ерлеріміздің – ерлігімен келген жерімізді қорғау, біздің міндетіміз. Өз жерімізіге өзіміз иелік етіп отырғанымызда, осы бабаларымыздың ерен ерлігінің арқасы. Мен бақытты ұрпақпын!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет