Ұлы Отан соғысына 75 жыл!
Ырғыз ауданы, М.Төлегенов атындағы ЖББОМ
Қуандық Еркеназ Еркебұланқызы
6-класс оқушысы
Жетекшісі: Қалмағамбетова Айнагүл Күлдібайқызы
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!
Ұлы Отан соғысы... Бұл үш ауыз сөзді естісем, денем тітіркеніп, бойым мұздап сала береді. Алайда, бұл – ерен ерлеріміздің ержүлектігімен төзімділіктерін паш ететін тарихта мәңгі қалатын күн. Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ,қазақтардың қанды қырғын, қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Толарсақтан саз кешіп, тізесіне дейін қар кешіп, сызды жерде кеудесімен жорғалаған бабаларымыздың ерлігін еш ұмытпауымыз керек. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, сынды ата-әжелеріміздің өр кеуделерін оққа қадап, қанын төгіп, алып берг ен ерлігін әсте естен шығармауымыз керек. Жарқын болашақ сыйлаған, бақытты ғұмыр кешуді нәсіп еткен аталар, әжелер ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тіршілігімізге мәңгі шуағын шашпақ.
Сөз соңында айтарым, «Өз халқын құрметтеп сүймеген адам-опасыз,оңбаған адам»,-деп қазақтың қаһарман жауынгер жазушысы Бауыржан Момыш ұлы айтқандай, біздің батырларымыз Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпағының, өз халқының намысын қорғап өз халқын шын сүйетіндігін, құрметтейтіндігін білдіреді. Бүгінде төрімізде қыранымыз қалықтаған, көк туымыз желбіреген тәуелсіз елміз! Мен сол тәуелсіз елдің бақытты ұрпағы екенімді мақсан тұтамын!
Достарыңызбен бөлісу: |