«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет4/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


М. Жұмабаев атындағы ЖОББМ
7 «а» сынып оқушысы
Аманкелдіұлы Арман

Жауыздықтың өрті лаулап, талай қандастарымыз өмірін қиған бұл соғыстың біткеніне міне 75 жылда толды. Бұл солғысқа талай жерлестеріміз қатысты. Солардың ішінде менің атам Шобдарбай Карибаев та болды. Атам 1916 жылы дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына атам 1941 жылы аттанды. Соғыс кезінде талай қиындык көріп,ел үшін ешкашан аянбады. Оңтүстік майданда басқыншылармен болған ауыр шайқастарға қатысқан. 1942жылы оң қолынан жарақат алып, әскери госпитолда емделген соң, әйгілі Сталинград майданында соғысқа араласады. 1943 жылы сол жақ жамбаснан ауыр жарақат алып, 1944 жылдың жазында бір солдаттың жетелеуімен қос балдаққа сүйенеді жәнеде осы жылы атам елге мүгедек болып оралады. Атам соғыстан оралған кезінде жанұясын құрып, әжеммен үш ұл, үш қызды тәрбиелеп өсірді. Атам өте көп марапаттар алған. Осылардың ішінде ең ерекшесі болып табылатын мадақтамасы, «Қызыл жұлдыз» және Қазакстан Республикасы Президентінің жеңістің 50 жылдығына орай берген медалі болып табылады. Тағыда бір ерекше марапаты өз ерлігі үшін, Облыс әкімінен алған медалі. Президенттің өзі оған өз қолыменен алғыс хатпен қол сағат табыстады. Қазіргі кезде жеңіске 75 жыл толды. Бұның бәрі ардагерлеріміздің аркасы.


Шобдарбай атам 80 жас жасап, ұлы жеңісіміздің 50 жылдығын көріп, 1996 жылы өмірден өтті. Бізге осындай тәуелсіз қазақстанда шат-шадымен өмір сыйлаған әке-атамыздың, барлық Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін мақтан тұтып, алдарында басымызды иеміз. Мен атамды көрмесемде қандай ержүрек болғаны әжеммен, әкемннен мәлім.
Ерлік те, Ерлер де ұмытылмау керек. Атамның өмірден озғанына биыл 24 жыл толады. Мен атамды көрмегеніме өкінбеймін. Себебі, әкем әр кез атам туралы айтып тұрады тап сол кезде жанымнан ұшқын ұялап жанымда атам отырғандай болады. Атамның медальдарын көргенде бір мақтаныш сезіміне бөленемін.
Мен атамды мақтан тұтамын. Мен үшін атамның орны бөлек жәнеде мәңгі жадымда қалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет