«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет98/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Қарғалы ауданы
Трушникова Александра
9 сынып оқушысы


Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр,


Мұқағали Мақатаев

Соғыс...Бұл- үлкен қасірет.Барды жоқ ететін,тауды жер ететін күйретуші күш! Жер бетіндегі тіршілік атауының бәрін жалмап жұлатын ажал.Әркімнің көзінен жас,жүрегінен қан ағызатын сұрапыл жылдар. Талайды жақындарынан,туған бауырларынан айырған, сүйгендерінен қол үздірген,ардақты аналарды бауыр еті балаларынан ажыратқан соғыс жылдары жетім мен жесірдің санын көбейтпесе,азайтпады. Әр ай сайын жақындары майданға кеткен сарбаздардан хат күтетін. Бірақ хат орнына қара қағаз келмесе екен деп жаратқанға жалбарынатын. Себебі әр апта сайын бір қазақ ауылына ондаған қара қағаз келетін. Қара қағаз майданда сарбаз мерт болса ғана келеді.Ал жақындарының мерт болғанын кім қаласын? Әрине,оны ешкімде қаламайды ғой!


Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыс болды.Ұлы Жеңісті біз ешқашанда ұмытпаймыз. Жеңіс күні - бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке - бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығы, Отанын қорғаған жауынгер солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігі дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні - абыроймыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді.
Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды... Ішінде ақын да, әншісі де бар еді. Фашистік Германия тізе бүкті... Бірақ сол сұм соғыс өзімен бірге 10 миллионнан астам немістің өмірін алып кетті. Оны жеңген Кеңес Одағы 27 миллион адамның өмірін берді. Міне, соғыстың зардабы. Сондықтан адамзатқа әрқашан соғысты тоқтататын жеңіс керек. Осыдан 75жыл бұрынғы Жеңіс сонысымен қымбат. 1418 күн мен түн қан кешіп, кейінгі ұрпаққа тыныштық әкелгені үшін қасиетті. Әрине, жеңіс өздігінен келген жоқ. Оны елі, жері үшін отқа түскен ерлер ерлігі жеткізді. Қазақстаннан 1941-1945 жылдардағы қанды қырғынға 1,3 миллион ұл мен қыз аттаныпты. Бәрі де жанқиярлықпен соғысты. 500-ден астамы елге Батыр атанып, аңызға айналды. Содан бері зымырап 75 жыл өте шықты.
Отанын жаудан қорғау үшін көп ұлтты кеңес халқының ішінде қазақ халқы ерекше ерліктерімен, аңыздарымен жауға қарсы тұрды. Халық жадында сапында 30 ұлттың өкілі бар.Бұлардың 3 мыңдайы қазақстандықтар. Қазақстан жерінде жасақталған И.В.Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия Москваны қорғауда тарихта болып көрмеген теңдессіз ерліктің үлгісін танытты. Панфиловшылардың ішінде шын мәнінде болаттай беріктік пен ер жүректілік көрсеткен, өз заманында-ақ аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы да бар еді.
Алматыда жасақталған генерал-майор И.Панфилов атындағы сегізінші қазақстандық гвардияшы атқыштар дивизиясы Кеңес Одағының астанасы – Москваны қорғау күндерінде Ұлы Отан соғысының тарихына мәңгі өшпейтін ерлік беттерін жазды. Москваны қайсарлықпен қорғаған 28 панфиловшы батырларды халқы ғұмыр бойы құрметтеп есте сақтайды. Қазақстандық жауынгерлер рейхстагқа шабуыл жасауға қатысты, оның шаңырағына Жеңіс туын алғашқы болып қазақ халқының даңқты ұлы Рақымжан Қошқарбаев қадады.
Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың, Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлы мен Талғат Бигельдиновтың және көптеген жерлестеріміздің аттары алтын әріптермен жазылды.
Кеңес Одағының батыры, Қазақстан республикасының қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл жасауға жерлестеріміз Есжанов, И.Я.Сянов, Х.Қайдаусов, З. Тұрарбеков, Х. Көбеков, Т. Бигелдинов, А.Еремеев, Н.Шелихов және т.б. көптеген адамдар қатысты. Жас офицер Р.Қошқарбаев өзінің досы Г.Булатов пен бірге рейстаг терезелерінің біріне алғашқыларының бірі болып алқызыл Жеңіс туын желбіретті, ал Орал өңірінің жас офицерлері Қ.Меденов пен Р.Қараманов Берлин ратушасының төбесіне тікті. Қазақстандықтар партизандық қозғылысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге қарағанда Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен шоғырларда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері: Ғ.Ахмедьяров, Ғ.Омаров, В.Шарудов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, Ә.Жангелдин, Ж.Саин, Н.Көшекпаев т.б. есімдері бүгінде зор құрметке ие болды.
1941-1945 жылғы соғыстың тарихи маңызы үлкен. Бұл соғыс адамзаттың қас дұшпаны, қаскөй жауы фашизмнiң iнiне су құйды. Тамырына балта шапты. Бiздiң майдангер­лерiмiз де осы ұлы Жеңiске өз үлестерiн қосты. Сондықтан да оларды ешкiм де жазғыруға, айыптауға, сөгуге тиiс емес. Керiсiнше, қолымыздан келгенiнше құрметтеуiмiз, қадiрлей бiлуiмiз, қадiрiне жете алуымыз керек.
Міне, осылай Кеңес халқы мен оның Қарулы күштері бұдан 75 жылдан астам бұрын адам баласының қас жауы фашизмді осылай талқандады. КСРО-ның Ұлы Отан соғысында өз елінің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалды, Европа халықтарын фашизмнің қанды шеңгелінен құтқарып, жеңімпаз халық атанды. Өткен азапты жолдың ауыр сабақтарын халық ешқашан да ұмытпайды. Оның ауыр сабақтары біздің санамызға ұялап, қазіргі ұрпақтарды ерлікке, қырағылыққа баулып, жарқын болашағымызды қорғауға әрдайым дайын тұруға шақырады. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы тұсындағы талай ақын-жыршылар шығармашылығына арқау болды. Мұның ішінде ел мен жерде жүріп, жеңіске тілектес болған қаламгерлер да, аласапыран майданда қан кешіп жүріп Отанын, халқын жырлаған ақындар айтарлықтай болды.
Ұлы Отан соғысы....Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шерттерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығын тойламақшымыз. Біз ардагер аталарымыз бен апаларымыздың ерен еңбегін бағалап, Отанымыздың бейбіт өмір сүруіне үлкен үлес қосамыз деп сендіреміз.Отанымыздың бейбіт өмірі ол болашағымыздың жарқын жұлдызы. Дүние жүзінде бейбіт өмір ғана орын алсын деп тілеймін. Мен енді эссемді қорытындылай келе, Сырбай Мәуленовтің «Соғыстан қайтқан солдаттар» атты өлең жолдарымен тәмамдағым келеді:


Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет