«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы



бет97/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Шығыстың қос шынар қыздары!


Қарғалы ауданы, «№1 Бадамша орта мектебі» КММ
Пахомов Георгий
7 сынып оқушысы

Қазақ қызды ұлттың ұяты һәм ары деп есептеген. Ал ұят пен арды қазақ барлығынан да жоғары қояды. «Жаным – арымның садағасы», «Өлімнен ұят күшті» дейді бабалар даналығы.


Сондықтан да болар, қызды құрмет тұтып, оған төрді ұсынған. Ер азаматты қалай сыйласа, қызын да солай сыйлаған. Төмен етекті деп кемітпей, қажет кезінде арқа сүйей білген. Сондықтан да болар … «аталар заманы қазақ қызын еркелетпей өсірді»… - деп жазады Ғабит Мүсірепов, - Ортада от, жабықта қырау, тыстасықырлағансарыаяз. От басындабүрсеңқаққанкәрі мен қызылсирақ бала ғана. Азаматүстінде, малда. Қазақ қызы – азамат, о да сонда. Қазақ қызы ақ мамықтың үстінде, бой күтумен ержеткен жоқ. Қыс аяз сорып, жаз ыстық пісірді оны. Бөрік астында бөрі бар, жар астында жау. Ал әкетті, жау жетті – ұйқы сергек, ойың – сақ. Садақ – белде, найза – қолда, әр азамат – жауынгер, соның бірі қазақ қызы еді.
... Иә, соның бірі қазақ қызы еді. Соның бірі ... Құртқа, Қарлығаш, Бопай, Ботагөз, Нарқыз, Сапар, кешегі Әлия мен Мәншүк, Кәмшат пен Хиуаздар ...
Олар ең бастысы елін, жерін, Отанын сүйе білді. Сол махаббат оларды ғаламат ерлікке жетеледі. Жазушы айтпақшы, олар ақ мамықтың үстінде бой күтумен емес, ат үстінде азамат қатарында өсті.
Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүктің ерлігі көзіңе жас алып тұрып мақтанатын, кеудеңді рух кернеп, көкірегінде намыс оятатын ерлік. Екі тағдыр, екі аяулы ғұмыр. Олардың алақандай ғұмыры туралы баяндарды оқып отырып, жылағыңда келеді, сондай қыз туған халықтың перзенті екеніңді ойлап, сол батырлармен қандас, туыс екеніңді ойлап, қуанасың да, мақтанасың ... . Жиырмаға да толмаған өрімдей мерген қыз Әлия командирінен айырылып, жаудың қарша бораған оғынан жер бауырлап қалған жауынгерлерге ұран салып, жерден көтерсе, келесі бір майдан даласында пулеметші Мәншүк жараланған басын тағып алып, жалғыз өзі өкшелеп келе жатқан жауды беттетпей, қыра берді… Әлияның соңғы сөзі: «Отан үшін алға!» болса, Мәншүк «Мәншүк, Гитлердің қай әскерін қырып тауысасың,позиция ауыстырып, күш жинайық,» дегенде көнбей сол жотада жалғыз қалыпты: «Сендер бара беріңдер, мен сендерді қорғай тұрармын». Бұл Мәншүктің соңғы айтқан сөзі еді.
Кіндік Азия республикаларынан соғыста қару ұстанып, жаумен айқасқа түскен бес жүз қыз-келіншектің арасында қос қазақ – Әлия мен Мәншүк қана Кеңес Одағының Батыры атанды. Екі өрімдей қыздың қысқа да мәңгілік ғұмыры өнегеге толы. Рас, екі ержүрек қыздың жер бетінде сүрген өмірі, көрген жарығы аз. Ширек ғасырға да жетпейді. Сондықтан да екі шынарымыз туралы дерек те көп емес. Десек те, өшпес өнегеге толы қос тағдыры әрбір жас өскіннің жүрегінде тәрбиенің темірқазығы, отансүйгіштіктің, шынайы патриотизмнің, елді, жерді сүюдің нағыз үлгісі ретінде, ата мен ананы, халықты, туған жерді құрметтеудің өнегесі ретінде қалдыруға тиіспіз. Бұл ұлт тұтастығын, ел ішіндегі бірлікті, халықтың бейбіт тірлігін, ұрпақтың кемелболашағын ойлайтын, қысқасы, ұлт үшін жаны ауыратын әр қазақтың мұраты һәм міндеті болуға тиіс. Өйіткені, Әлия мен Мәншүк – тәрбиенің діңгегі боларға лайық аяулылар.
Қазір ұлттық рух, ұлттық тіл мәселесі туралы жиі айтылады. Санасында сәулесі бар әр адамның жүрегінде рух болса, қиналғанда ширықтырып, алға ұмтылдыратын, шынықтырып, қайтадан сапқа тұрғызатын, сөніп бара жатқан үмітті қайта жандырып, еңсесін тіктеп, басын көтеретін құдіретті нәрсе де сол рух болуға тиісті. Біздің өрімдей қос шынарымыз да сол өлмейтін де өшпейтін рухтың өзі сияқты...
Әлия мен Мәншүкті, осы аяулы қыздар қатарында қару ұстап жаумен айқасқан азаматтардың ерлік істерін жастарға үлгі етсек, жарасады.Мәселен, мына естелікке қараңыз: «… Ең бастысы, біздің жігіттер намысшыл еді ғой. Намысын жігері жанығандай шетінен тастүйін, кеудесінде кек қайнап, ең қиын тұста тұрды, соғыс өнерін жетік меңгеріп алды», - деп жазады Мәншүкті өз қолымен жерлеген Ұлы Отан соғысының ардагері Ахметқазы Болатов.
Қазіргі қазақ жігіттері мен қыздарының бойынан осындай намыс көргіміз келсе, неге осы азаматтарды үлгі етпеске...
Әлия мен Мәншүкті ұлықтаудыңүздік үлгісін көрсетіп келе жатқан Әлия-Мәншүк атындағы «Қос шынар» қоғамдық қоры осы бағытта көп жұмыс жасап келеді. Оның жетекшісі Әлиятанушы ақтөбелік Ғалымжан Байдербес ел тәуелсіздік алған тұста қоғамның қолынан сытылып бара жатқан ұрпақ тәрбиесін қарлығаш қанатымен су сепкендей өз қолына алды. Ерлікті тағылым етіп алды да, тәрбие деген тәңірдің ұшар басына оны ту етіп тікті. Қос шынарымыз Әлия мен Мәншүктің есімі жүректерде мәңгі сақталуы үшін еңбектенді. Әлия ауылынындағы жабылудың аз-ақ алдында тұрған мұражайдың тағдыры қыл үстінде тұрғанда, соны жағаға алып шыққан да Байдербес ағай. Сондағы мақсат – қос аяулымызды әр жүректің түбінде мәңгі орнықтыру, ұлттың жанына батыр рухын желеу ету болатын.
Әлияның жетпіс, сексен жылдығы дүркіреп өтті. Әлия жөнінде бірқатар кітаптар мен альбомдар жарық көрді, видеофильм түсірілді. Қобда ауданының батыр туған ауылында облыстық патриоттық тәрбие беру орталығы ашылды. «Қос шынар» қорының ұйымдастыруымен осындай маңызды шаралар барысында Ресей федерациясының Мәскеу қаласына батырдың жерлестері барып тұрады. «Қос шынар» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен ақтөбеліктер Мәскеумен, Ресей астанасындағы Әлия Молдағұлова атындағы №821 мектеп ұжымымен бірнеше жылдан бері тығыз байланыс орнатып келеді. 2005 жылы Әлия батырдың 80 жылдық тойы тұсында қазақстандықтар Мәскеу, Санкт-Петербург жерін аралап, Мәскеу төріне Әлия бейнесі орнатылғанын, Ресей астанасындағы Әлия атындағы №891 орта мектептің қабырғасына Әлияның жүзі көркем бейнеленген ескерткіш тақта ілінгенін, мектепті, ондағы Әлия мұражайының жаңарып, жасақталғанын көріп, бір жасап қайтты десе де болады.
Айта кету керек, Вешнякидегі Әлия Молдағұлова атындағы көше – біздің Әбілқайыр хан даңғылына пара-пар деуге боларлық кең даңғыл. Соғыс басталғанда қазіргі мектеп үйіне мерген қыздар мектебі орналастырылған. Біздің Әлия соғыс өнерін, мергендіктің қыр-сырын дәл осы жерде меңгерген. Беріде, Жеңістің 30 жылдығы мерекеленген тұста, көшеге де №891 орта мектепке де Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова есімі беріліпті.
Әлия мен Мәншүктің қарлығаштың қос қанаты сияқты, екеуін бөліп-жаратын ештеңесі жоқ. Өмірінің көп тұстары да ұқсайды. Екеуін де ата-анасынан жастай қалған. Екеуі де туған үйлерінде өспеген, Әлия нағашысының, Мәншүк ағасының тәрбиесінде болған. Екеуі де майданға өз еріктерімен аттанған. Екеуінің ауылдарының арасы да онша алыс емес. Бірі Ақтөбенің Қобдасында өмірге келсе, екіншісі Оралдың Ордасында туыпты.
Әлияның әкесі Нұрмұхамед ауқатты, бай саудагер болған, жаңа үкімет қыр соңынан қалмағаннан кейін партияға да өтіпті.
Оралда №27 мектеп, М.Мәметова есіммен аталса, Ақтөбедегі №27 орта мектепте Әлия мен Мәншүктің мұражайы бар. Ақтөбедегі гуманитарлық колледж Әлия Молдағұлованың атында, медицина колледжіне Мәншүк Мәметованың есімі берілді. Әлия да, Мәншүк те қыршын жасында – бірі 19-да, бірі 21-де – көз жұмды. Екеуінің де денесі орыс жерінде жерленген.
Осы екі аруды бөліп-жармайтын мақсатпен туды«Қос шынар» қоғамдық қоры. Осы аралықта бірқатар шаруа жасалды. Олерлік рухты уағыздады. Аңызға айналған арулардың тағдыр талайын зерттеуге бітім болмысымен кіріскен «Қос шынар» қорының төрағасы Ғалымжан Байдербестің мақсаты – жастарға патриоттық тәрбие беру, ерлік рухын өшірмеу оны жас ұрпақ санасында өлместей, аласармастай асқақтату болатын. Әлияның туған жері Қобда ауданының Бұлақ ауылына, Мәншүктің кіндік кескен жері Батыс Қазақстан облысы Ордаға дейін автоэкспедиция ұйымдастырылған еді.
Алияның қаза тпқан күні Псков облысы Новосокольники қаласы басшылығының «Новосокольники қаласының неміс басқыншыларынан азат етілгеніне арнайы мереке өтеді.Мәскеудегі батыр атындағы мектепке барған ақтөбеліктер білім ордасында өткізілген арнайы шараға қатысты. Біздің өнерпаздар да қарап қалған жоқ, мектеп оқушыларына, келген қонақтарға ән шашуын тарту етіп, облыстық мәдениет басқармасы берген Әлияның алтындаған бюстін мектеп басшылығына тапсырды. Осыдан соң ақтөбеліктер Новосокольники қаласында өткен Ю.Алексееваның «Новосокольники: земля, опаленнаявойной» деген кітабының тұсаукесеріне қатысты. Аталған кітапта Әлия туралы кеңінен жазылған. Тіпті біздің 101-атқыштар дивизиясы туралы да тың деректер бар екен.
Бұдан соң батыр қызымыз жерленген Монакова қорымына барып, құран оқып қайтты. Бұдан соң шығыстың қос шынарының жерлестері батыр Мәншүк Мәметова қайтыс болған Невель қаласына қарай жол тартты. Мұнда Мәншүк батырдың басына барып құран оқып, рухына тағзым етті. Осындай сапарлардың жиі болып тұрғаны жақсы.
Әлия мен Мәншүктің көзін көргендермен кездесу, олардың естеліктерін тыңдау да үлкен олжа. Тың дәйектер мен бұрын соңды естімеген деректерге кезігесің.
Мәселен, мына дерекке қараңыз:
«Новосокольникиде өткен кездесуде тоқсанға жақындаған қария соғыс кезінде Айдарово деревнясының түбінде талай жауынгерді өз қолымен жерлегенін айтты.
Әскерлер жауды қуып кете береді де, майдан даласында қалғандарды жерлеу әйелдер мен балалардың еншісіне бұйырады екен. Соғыс заңы солай! Ұрыс даласының орнын кезекті бір тазалау кезінде «мен-қазақпын, қазақпын!» деп екі рет қайталап барып көз жұмған солдатты әлгі қария 65 жылдан соң айтып тұр.Қазақы шапан киген солдат. Осы дерек соғыстың бізге беймәлім қырынан хабар бергендей. Шапанмен соғысқан қай солдат? Соған қарағанда Великие Луки бағытына қарай жаудың тотарысын қайтару үшін солдат киімін кигізбей-ақ, жастарды топырлатып төккен де сияқты...» - дейді Ғ.Байдербес «Жас Алаш» газетіне берген сұхбатында. Немесе осы берілген мына дерекке қараңыз.
Автор журналист Б.Сәрсембина Әлияның өлімі туралы түрлі деректің бар екендігін айта келіп, былай дейді: «... Казачиха біздің қолға өтті. Бір кезде немістер деревняны танкімен қоршай бастады, жаяу әскері соңында. Әлия бір үйдің ішінен оқ атып жатты. Ату нүктесін басқа жаққа ауыстыру үшін жүгіріп жүргенде оқ тиді. Жаяу әскерлер түгелдей қаза тапқан соң, шайқасқа Поляковтың барлау взводы кірісті. Барлаушылар Әлияның құлап қалғанын көрген бойы жауып тұрған оқтың астымен көмекке ұмтылды. Әлия ішінен жараланған еді. Осы жерде басқа да жаралы сегіз адам жатты. Әлияны шөптің үстіне жатқызып, қайтадан ұрысқа кірісті.
Іле-шала қамыспен жапқан сарай төбесіне жау снаряды түсіп, сарай бір сәтте өртеніп кетті. Тоғыз адамнан кімнің тірі қалғаны беймәлім... .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет