Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы


Жібек жолы бойында туризмді дамыту



бет4/5
Дата06.02.2022
өлшемі21,39 Kb.
#80977
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
4..Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
44, 44
Жібек жолы бойында туризмді дамыту:

Тек қана мәдени құндылықтары басымдық танытатын Өзбекстанмен салыстырғанда Қазақстанның бәсекелік артықшылығы Жібек жолының қазақстандық бөлігінің бірегей табиғат ландшафтарымен, эндемикалық флора және фаунамен және көшпелілердің тарихи-мәдени мұрасымен әрі көне қалалар халықтарының мәдениетімен үйлесім тапқан құрама турлар болып келуінде.
Аталған жобаны іске асыру үшін мыналар жоспарланып отыр:
“Жібек жолы меруерті” халықаралық туристік пойызын ұйымдастыру жөніндегі жобаның бірінші кезеңін Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент-Самарқанд-Үргеніш-Бішкек-Рыбачье-Алматы бағдары бойынша 2007-2008 жылдары жүзеге асыру;
“Жібек жолы меруерті” халықаралық туристік пойызын ұйымдастыру жөніндегі жобаның екінші кезеңін Алматы-Тегеран бағдары бойынша жүзеге асыру жөнінде мемлекетаралық келіссөздер жүргізу және бағдарды Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округы арқылы 2008 жылдың аяғына қарай Пекин қаласына дейін ұзартуды қамтитын үшінші кезеңін іске асыруға дайындау;
“Қорғас” және “Достық” шекара пункттерінен Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласына дейін жол бойы инфрақұрылымының объектілерін көрсете отырып жол картасын жасау;
Түркістан қаласында, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының, Дүниежүзілік туристік ұйым мен ЮНЕСКО-ның (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы) өңірлік бағдарламасының “Жібек жолы: өңірлік ынтымақтастық және даму мақсатында әлеуетті нығайту” халықаралық жобасын іске асыру шеңберінде қонақ үйлер мен керуен-сарайлар желісін салу және оларды дамыту;
Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа қатысушы мемлекеттер үшін туристік визаларды өзара тану және одан әрі бірыңғай туристік виза енгізу мәселелерін шешу жөніндегі мемлекетаралық келіссөздер процесін, оның ішінде аталған ұйымдар қызметінің шеңберінде жандандыру.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет