Тїркі тілдерініѕ салыстырмалы грамматикасы


Өзін-өзі тексеретін сұрақтар



бет30/58
Дата12.09.2020
өлшемі0,57 Mb.
#63853
түріСеминар
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Түркі тілдері, олардың жалпы сипаты

2. Түркі тілдерін ерекшелейтін фонетикалық белгілер

3. Морфологиялық және лексикалық ерекшеліктер


4 дәріс тақырыбы: Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасы

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Фонетикалық жүйе бойынша салыстырмалы зерттеудің нысаны, мақсаты, әдісі.

2. Түркі тілдеріндегі дауысты дыбыстар жүйесі жайлы мәселе

3. Дауысты дыбыстардың қалыптасуы

Түркі тілдерінің дауысты дыбыстар жүйесі

Әзірбайжан, башқұрт, қарақалпақ т.б. түркі тілдерінің дауысты дыбыстар жүйесі

Түркі тілдерінің дауысты дыбыстарының жасалу орнына, дыбысталуына, еріннің қатысына қарай бөлінуі.

Түркі тілдерінде бір буынды сөздер құрамындағы дыуысты мен көп буынды сөздердің 1-ші және келесі буындардағы дауыстыларды бір бірінен ажыратып қарау керек. Өйткені, бір буынды түбір құрамындағы дауысты әрі тұрақты, әрі сапалық жағынан басқа сөз құрамындағы дыбысқа бағынышты емес. Көп буынды сөз құрамындағы дауыстыларда мұндай қасиет жоқ: олар көбіне айнымалы болып келеді және сингорманизм, ұйғыр умлауты тәрізді құбылыстар оларға қатты ықпал жасады. Оның үстіне фонемалар өзгерістер әсер етпейтін жағдай тек бір буынды түбір құрамында ғана болады.

В.В.Радлов төлеуіт тілінің вокализмін еске алып, түркі ата тілінде 8 дауысты а, о, ө, у, і, а, у, ф (бұлар қазіргі қарашай- балқар, қырғыз, құмық, әзербайжан тілінің ерекшелігін ескеріп, олардың санын 9- ға жеткізеді.(э) Кейінгі зерттеулер көбіне Радлов ұсынған осы жүйеге сүйенеді.Кейін Б.Я.Владимерцов пен Н.М.Поппе моңғол вокализмнің ерекше сүйеніп, түркі негіз тілінің, түркі негіз тілінің ( сондай-ақ түркі- моңғол негіз тілінің) вокализм жүйесіне қосымша мұндай фонемалар тән деп көрсетеді:\а\ чуваш тіліндегі аплауттағы \у, якутта а\, а немесе а\ түркі а, чуваш, якут і\, е\е мен салыстырғанда біршама жабық, чуваш і\,іа чуваш у, басқа дауыссыздың өзгеуіне байланысты.

Дауыстылар сан жағынан қазіргі түркі тілдерінде бірдей емес. Екінші сөзбен айтқанда, бір тілдегі дауысты дыбыстар екінші бір түркі, тіліндегі дауыстылармен сан жағынан сәйкес келмейді. Мұндай әр қилылық, бір жағынан , сол түркі тілінің негізін салғанру, тайпа тілдерімен ұштасып жатса, екінші жағынан, олардың әрқайсының тарихи дамуының да жемісі.

Түркі тілдерінің негізгі топтарында дауысты дыбыстардың бөлінісі мына тәрізді болып келеді: әзербайжан тілінде- 9, башқұрт- 11, қарақалпақ- 8, қырғыз- 8, татар- 11, түркі-8, түркімен-9, өзбек- 6, ұйғыр-8, чуваш-9, алтай- 8, ноғай-11, тува- 8, шор- 8,т.б. Қазақ тіліндегі дауыстылардың саны әр түрлі көрсетіліп отыр. Бірсыпыра оқулықтар мен зерттеулерде 9 дауысты фонема бар деушілер дифенгоид дауыстылар немесе аса қысаң дауыстылар дейтін топты көрсетеді де, оған бу, ки\ киім \ тәрізді сөздер құрамындағы дыбыстар тіркестерін жатқызады. Дұрысында бұлар жалаң дауысты дыбыстар емес, қысаң дауыстылар мен дауыссыздардың қосындысы, тіркесі. Олай болса, қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс бар дейтін көзқарас шындыққа сай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет