В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық


МЫС ЖӘНЕ МЫС НЕГІЗІНДЕГІ ҚОРЫТПАЛАРДЫ



Pdf көрінісі
бет81/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

5.3.
МЫС ЖӘНЕ МЫС НЕГІЗІНДЕГІ ҚОРЫТПАЛАРДЫ
ПІСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
 
Таза мыс МЕСТ 859 — 78 сәйкес тоғыз маркалы болып 
шығарылады. Негізгі мыс қорытпалары ол қола мен жез. 
Жез 
дегеніміз мыс пен мырыш қорытпалары. Химиялық құрамы 
МЕСТ 15527 — 70 және 17711 — 80 бойынша анықталады. 
Мырыштың мөлшері 39
%-ға дейін болатын жездер өте иілімді, 
коррозияға тұрақты және пісірілімі өте жақсы. Құрамында 
мырыштың мөлшері 50%-дан аспайтын жездер іс-тәжірибеде кең 
қолданыс тапты. Арнайы жездердің құрамында, мырыштан басқа,
Fe, Al, Si, Ni сияқты басқа да элементтер болады (ЛА77-2, ЛАЖ60-
1-1 маркалары және т.б.). Алюминий мырыштың ұшқыштығын 
азайтады, ойткені балқыған жездің бетінде қорғаушы тотықты 
пленканы түзеді. Жез құрамына темірді енгізген жағдайда құрылым 
дәндері 
ұсақталанып 
қорытпаның 
механикалық 
және 
технологиялық қасиеттерін арттырылады. Кремний жездің 
пісірілімін жақсартады. 
Қола дегеніміз мырыштың мөлшері 4-5%-дан аспайтын мыс 
қорытпалары. Негізгі легирлеуші элементтер ол
Sn, Al, Mn, Si, Be 
және Fe. Қоланың аталуы негізгі легирлеуші элементінен алынады 
және екі үлкен топқа бөлінеді: қалайылы (химиялық құрамы МЕСТ 
18175 — 78 және 613 — 79 анықталады) және қалайылысыз (МЕСТ 
493 — 79 және 18175 — 78). 
Қолмен доғалы пісіру кері полярлы тұрақты токпен орындалады. 
Қалындығы 4 мм-ге дейін мысты жиектерін өңдемей, қалындығы 10 
мм-ге дейін – біржақты өңдеуменен (мұқалту 1,5-3,0 және 
бұрыштың ашылуы 70° жетеді) пісіруге болады. Пісірілетін 
үлгілердің қалыңдығы бұдан да жоғары болса Х-тәрізді өңдеу 
ұсынылады. 
Жез, қола және мыс-никелді қорытпаларды пісіру үшін
ММЗ-2, 
ЦБ-1 және МН-4 маркалы электродтарды, сонымен қатар қалың 
қаптамалы
ЗТ 
және 
«Комсомолец-100» 
электродтарды 
қолданылады. 
«Комсомолец-100» 
маркалы 
электродтардың 
өзектерін М1 және М2 маркалы мыстан жасайды. ЗТ маркалы 
электродта БрКМц3-1 қола өзегін пайдаланады. Пісіруді қысқа 
доғамен электродты көлденең теңселусіз кері полярлы тұрақты 
токты пайдаланып орындайды. Пісіру тоғы 
1
св
= (50-60)d, мұнда 
d –
сым диаметірі. Ұзын доғамен пісіргенде ылғал мен ауа пісіру 
ваннасына еніп жіктің кеуектілігіңе келтіреді.
Қалыңдығы 4мм-ге дейін табақтарды жиектерін өңдемей жіне 
қыздырмай пісіреді. Табақтардың қалыңдығы 5- 8 мм болғанда 200-
300°С дейін алдын ала, ал қалыңдығы 24 мм болғанда 750-800°С-қа
159


қыздырады.
Жезді 
алдын ала қыздырып және мысты пісірумен 
салыстырғанда пісіру тоғы төмендеу және пісіру жылдамдығы сәл 
жоғарылау болғанды пайдаланып пісіреді. 
Қапталған электродтармен қолаларды алдын ала қыздырумен 
және қыздырусыз пісіргенде кері полярлы тұрақты токты 
пайдаланады. Электрод диаметірі 6-8 мм, ал пісіру токтары 160-280 
А құрайды.
Мыстың пісірілімі жақсы болуы үшін оттегінің мөлшері 0,03 %, 
ал жауапты құрылымдарда 0,01 % аспау керек. Кремний, алюминий 
және 
титанды 
жік 
металына 
еңгізу 
арқылы 
жікті 
қышқылдандырады және оның жарықтар мен кеуектердің пайда 
болуына тұрақтылығын арттырады. 
Мыс балқымалы электродпен аргонда, азотта, азотпен 
аргонқоспасында және гелийді жақсы пісіріледі. Жіктің ең жақсы 
қалыптасуы аргонда және гелийде қамтамасыз етіледі. Азоттың 
пайдалануы пісіру кезінде бағасын төмендетеді және өнімділігін 
жоғарылатады. 
Мыстың жылуөткігіштігі жоғары болғандықтан жалғастың және 
жиектерінің пісірілімі жақсы болу үшін оларды 200-500 °С дейін 
қыздыру қажет. Аргонда пісіру кезінде металдың қалыңдығы 4,5 
мм, ал азотта пісіргенде металдың қалыңдығы 6 мм асса алдын ала 
қыздыру қажет. Аргонда пісіруді екі доғамен орындағанда 
қалыңдығы 12,7 мм дейін мысты пісіруге болады.
Түйіс жалғастарды әдетте арнаулы төсеніш планкаларда пісреді. 
Аргондағы импульсты-доғалы пісіру арқылы тік және төбелік 
жіктерді орындауға мүмкіншілік туындайды. Сонымен қатар, шаң 
мен газ шығуын азайтып жұқа металды пісіруге мүмкіндік береді. 
Жік сапасы қорғаушы газдың тазалығымен және элетрод сымының 
ұүрамымен анықталады. Пісірудің рсы түрінде аргон, таза гелий 
және азот пайдалынады.
Жезді пісіргенде мырыштың күйіп кетуін азайту үшін 
төмендетілген кернеу мен токты және импульсты доғаны 
пайдалану ұсынылған. Мырышты сымға қосу арқылы жіктегі 
мөлшерін көбейтуге болмайды. Жезді аргонда немесе гелийде 
әдетте БрКМц3-9 немесе БрАМц9-2 қолы сымдарымен пісіреді. 
Жезді 
пісіру 
мырыштың 
күйіп 
кетуінен 
туындайтын 
қиыншылықтарына байланысты. Жіктегі мырыштың мөлшерін 
арттыру үшін пісіруді жиектерді өңдеусіз бір өткелде орындау 
жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет