«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-233-72-57
14
х
Îл адамға алтын
қажет болды
Ќ
ос доңғалақты арба жасайтын вавилондық
Бансир ұстаның ұнжырғасы түсіп, терең уа-
йымға батқандай. Өз иелігіндегі
жерді қоршаған ала-
са дуалдың жанында отырған ол қарапайым үйіне,
ашық қақпасынан жасалып бітпеген қос доңғалақты
арба тұрған ұстаханасына тұнжырай көз салды.
Оның күйбеңдеген әйелі әлсін-әлсін төбе көрсете-
ді. Күйеуіне көз астынан ұрлана қарауынан ет салын-
ған қаптың түбі көрінгенін анық байқауға болады,
демек, Бансирге
балға мен балтаны қолға алып, арба-
ның кедір-бұдырын тегістеп, жалтырата бояп, былға-
рысын керіп, ауқатты тапсырыс берушіге сату керек.
Бірақ оның бұлшық еттері бұлтылдаған мығым
денесі орнынан қозғалмады.
Басындағы он сан ой
түйінді мәселені қанша қаузағанымен оның ше-
шімін таба алмады. Оны Евфрат жазығына тән ыс-
тық күн дәл төбеден аяусыз күйдіріп барады. Ұста
«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-909-01-77
15
маңдайынан сорғалаған тердің жүн басқан кеудесіне
құйылып жатқанын сезбеді.
Оның үйінен қолсозым жердегі патша сарайын
қоршаған баспалдақты қабырғалардың еңсесі биік.
Ваала шіркеуінің ашық түске боялған мұнарасы
көгілдір аспанмен астасқандай. Осынау ұлылық-
тың көлеңкесінде Бансирдің қарапайым үйі
одан да
жұпыны әрі күтімсіз баспаналардың арасында тұр.
Бүкіл Вавилон асқақтық пен бейшаралықтың, көзге
ұрған байлық пен ашық-шашық кедейшіліктің еш-
бір жоспарсыз әрі жүйесіз салынған қойыртпағынан
тұратын-ды.
Егер ол айналаға көз салғанда қалалық байлар-
дың зымыраған арбаларын,
жаздық сәнді сандал
киген саудагерлер мен жалаңаяқ кедейлерді көрер
еді. Тіпті арбалы байлардың өзі аспалы бақты суғару
үшін меспен су тасыған патша құлдарына жол беріп,
жол бойындағы арықтарға қарай ығысады.
Ой тереңіне батқан Бансир қаладағы үйреншік-
ті әбігер тіршілікке назар аударатындай жағдайда
емес еді. Кенет лира аспабынан шыққан сыңғыр ды-
быс оның ойын үзіп жіберді. Жалт қараған ол өзіне
жақсы таныс музыкант Кобби досының күлімдеген
жүзін көрді.
–
Құдай жарылқасын сені, досым, – деп бастады ол
өзінің жарқын сәлемін. – Жұмыссыз бос отырғаны-
ңа қарағанда, шынымен де, солай болған секілді ғой.
Сенің жетістігіңе менің де қуануыма қарсы емес шы-
ғарсың. Әмияның толы-ау шамасы,
әйтпесе ұстаха-
наңда бас көтермей жұмыс істер едің. Сондықтан қа-
йырымды бол, бейшара екі шекелді шығар да, маған