Ветеринариялық медицина кафедрасы


кесте. А - трематода жұмыртқалары



бет5/11
Дата18.02.2017
өлшемі16,52 Mb.
#9826
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1 кесте. А - трематода жұмыртқалары:

1 - Fasciola hepatica; 2 – Paramphistomum sp.; 3 – Dicrocoelium lanceatum; 4 – Eurytrema pancreaticum; 5 – Opisthorchis felineus; 6 – Echinostoma revolutum; 7 – Orientobilharzias turkestanica.



Б - акантоцефал жұмыртқалары:

1 – Macracanthorhynchus hirudinaceus; 2 – Polimorphus magnus; 3 – Filicollis anatis.


Гельминттердің жұмыртқаларының қысқаша сипаттамасы
Паразиттік құрттардың жұмыртқаларын органикалық қосындылардан (споралардан, крахмал дәнінен, өсімдік пыльцадан, саңырауқұлақтан) кене жұмыртқаларынан және тағы басқаларынан ажырату керек. Гельминт жұмыртқаларының негізгі өзгешеліктері бар: қабық құрамында (жиі құрылымы күрделі, көбісінде жапқышы, тығыны болады) және жұмыртқаның ішінде ұрықтың әр түрлі даму сатысы байқалады. Кенелердің жұмыртқалары гельминттің жұмыртқаларына қарағанда ірі болып келеді.

Паразиттік құрттар жұмыртқаларының мөлшері әр түрлі болады. Мысалы, күйістілердің нематодироз қоздырушылар жұмыртқалары ұзынынан, құс простогонимоз қоздырушысы жұмыртқаларына қарағанда он есе үлкен.

Гельминттердің жұмыртқалары өте ірі – 0,15 мм және одан да үлкен болады (Nematodirus spathiger); ірі – 0,1 – 0,14 мм (Fasciola hepatica); орташа – 0,06- 0,09 мм (Ascaris suum); ұсақ- 0,03- 0,05 мм (Dicrocoelium lanceatum); өте ұсақ- 0,02 және одан да кішкентай (Prosthogonimus ovatus)

Класстар жұмыртқаларының мөлшері, түсі, пішіні, қабық құрылысы және ішкі ағзаның айырмашылығы әр түрлі болады.



Трематода жұмыртқалары жиі сопақша, бір полюсында жапқышы болады. Қабығы жылтыр. Кейбіреуінің қабығында филаменттері (сабағы), төмпешігі болады. Жұмыртқаның түсі ақшыл – бозғылт немесе қоңыр (жиі сары).

Цестода жұмыртқалары екі түрлі болады: лентец және цепень жұмыртқалары. Лентец жұмыртқалары трематода жұмыртқаларына ұқсас болады (сопақтау, бір шетінде қақпағы бар). Цепень жұмыртқаларының айырмашылы бар: жиі олардың көлемі орташа, пішіні дөңгелектеу, бозғылт түсті, толық жеткен ұрығының ішінде үш жұп эмбрионалдық ілгекті онкосферасы болады.

Нематода жұмыртқалары трематода жұмыртқаларынан қақпағы жоқтығымен, цестода жұмыртқаларынан – онкосфераның жоқтығымен ерекшеленеді. Нематода жұмыртқаларының мөлшері, пішіні, құрылысы және қабықтарының түсі әр түрлі, сыртқы қабығы жылтыр, бұдырлы, ойықты болады; Қабықтың жуандығы жіңішке (стронгиляттарда), трихоцефал жұмыртқаларының қабығы жуан болып келеді. Көп нематода жұмыртқаларының пішіні сопақтау, симметриялы, кейбіреулерінің жартылай цилиндр тәрізді (драшеяларда) болады. Көп нематодалар сыртқы ортада жетілмеген (жұмыртқаларының ішінде құрылған личинкасы болады) және жетілген жұмыртқаларын бөледі.

Скребень жұмыртқаларының пішіні сопақтау, эллипс және ұршық тәрізді, көлемі орташадан іріге дейін болады. Сыртқы ортаға бөлінген жұмыртқалардың ішінде – акантор личинкасы орналасады.

Кең тараған түрлерi бауырдың, өт жолын, ұйқы безiн, қойлардың алуы iшегiн, құстардың жұмыртқа жолын зақымдайды.



Бақылау сүрақтары:

  1. Қандай морфологиялық ерекшелер трематодаларға өте мінезді?

  2. Жалпақ қүрттардың тегументі қандай рольді атқарады?

  3. Гельминттерді гео- және биогельминттерге бөлу қандай мағынаны білдіреді?

  4. Қандай белгілер арқылы трематода жұмыртқаларың ерекшелейді?

  5. Неге трематодаларды сорғыштар деп атайды?



Лабораторлық сабақ 5

Тақырып: Жануарлар фасциолезы

Сабақтың мақсаты: Студенттерді фасциолез қоздырушыларымен, даму циклімен және диагноз қою әдістерімен таныстыру. Фасциола жұмыртқаларың сүретін салу.

Қүрал-жабдықтар: плакаттар, дымқыл және бойялған препараттар.

Фасциолез – қой, ешкi, iрi қара мал, үй жануарлары мен жабайы жануарлар ауыратын трематозды ауру. КСРО-да бұл ауруды трематоданың 2 түрi шақырады: Fasciola hepatica мен F.gigantica, Fasciolidae тұқымдасына жатады. Фасциолезбен адамда ауырады. Өсiп-өнген трематодалар бауырдың өт жолдарында тiршiлiк етедi. Ауру созылмалы түрде өтедi. Жiтi түрiнде зат алмасу бұзылып, бауыр зақымдалады. Фасциолезбен ауырған жануарлардың өнiмдiлiгi төмендейдi (сиыр сүттiлiгi 25-40% кемидi), ет пен жүннiң сапасы нашарлайды (қойларда), өлiм байқалады. Ұша ветеринарлық тексеруден өткен кезде ауру жануардың бауыры жарамсыз болады.

Қоздырушылар – F. hepatica - кәдiмгi фасциола. Ұзындығы 2-3 см, енi 1 см дененiң алдынғы бөлiгiнiн кутикуласынын дорсальдi және вентральдi жақтарында шипиктары болады. Дененiн алдынғы бөлiгi iлмек тәрiздi екi сорғыштары бар. Iшегiнде бүйiрлi өсiндiлер болады. Аталық жыныс мүшесi ағаш бұтағына ұқсайды. Дененiң алдынғы жағында аналық орналасқан, оның артында жұмыртқалықтар бар. Паразиттін екi бүйiрi жүзiм тәрiздi сары денелерге толған.

F.gigantica – алып фасциола, F. hepatica-дан дене пiшiнiмен, даму циклымен, патогендiлiгiмен ерекшеленедi. Ұзындығы 7,5 см, денесi ұзынша келген, бүйiр шеттерi параллельдi. Бұл түр КО-ның онтүстiк зоналарында кездеседi. Ол өте патогендi. Кейбiр аудандарда бір жануарда паразиттiң екi түрде кездеседi.

Аралық иелерi - F. hepatica-ға кiшкене прудовик Lymnaea truncatula, ал F.gigantica-ға құлақ тәрiздi прудовик Lymnaea auricularia.

Қоздырушының биологиясы: Фасциола – биогельминт, бауырдың өт жолдарында тiршiлiк етедi, көп жұмыртқалар шығарады. Олар өт жолы арқылы 12 елі iшекке түседi, одан кейiн сыртқы ортаға шығады. Жұмыртқа одан әрi даму үшiн өттегi, қолайлы температура мен ылғалдылық керек. 20-30°С температурада жұмыртқа тез дамиды. 10-12°С олар баяу дамиды, 40°С-тан жоғары болса жұмыртқалар өледi. Қаранғыда жұмыртқалар тез дамиды, бiрақ ұрық қабыршағын жарып шықпайды.

Қолайлы жағдайда екi жетiден кейiн мирацидий дамиды, бұл личинка ұзындығы 0,15 мм, ұзынша пiшiндi. Дененiң алдынғы шетiнде қозғалмалы бұлшықеттi iлмек, өт торшалары орналасқан, олардың секретi аралық иеге мирацидийдiң кiруiне көмектеседi.

Мирацидий денесi кiрпiкшелермен қапталған, сол арқылы олар суда еркiн жүзедi. Мирацидийдiң өмiр сүру уақыты бiрнеше сағаттан 2-3 күнге дейiн. Аралық ие денесiне кiргенде мирацидий кiрпiкшелерiн тастап, iшкi мүшелерге, бауырға енедi. Онда ол ұршық тәрiздi болады, бiрнеше сағаттан кейiн аналық спороцистаға айналады. Спороцистада ұрықтық торшалар болғандықтан жыныссыз жолмен ұрпақтын келесi сатысы редия, одан церкарий шығады.

Церкариларда ауыз және құрсақ сорғыштары, жұтқыншақ, iшектерi жақсы дамыған. Бүйiрлерiнде цистогендi, терiлi бездер орналасқан. Личинка денесiнiң алдыңғы жағынан екi есе ұзын құйрықтары бар. Дене ұзындығы құйрықсыз 0,3 мм. Моллюска денесiнен церкарий сыртқы ортаға шығады. Негiзiнен бiр моллюскадан бiрнеше жүз церкарий шығады. Мирацидий моллюскаға кiргеннен церкарий қалыптасқанға дейiн 2-3 ай өтедi.

Церкарий моллюскадан шыққаннан кейiн бiрнеше уақыт еркiн жүзiп жүреді. Қатты затқа жабысады немесе жүзiп жүредi, цистогендi бездер ерекше секрет бөледi де қабыршақтанады. Цистамен оралған церкарийді адолескарий деп атайды. Жануалар шөп, өсiмдiк және соны жеу арқылы, фасциолез личинкалары бар су қоймаларынан су iшкенде жұғады.

2 сүрет. F. hepatica Дефинитивтiк ие iшегiнде адолескарий

қабыршағын түсiрiп, құрсақ құысына енедi, бауыр капсуласы мен паренхимасын бұзады, жас фасциолалар өт жолдарына кiредi. Кейде адолескарий iшек кiлегей қабатын бұзады гематогендi жолмен iшек венасы арқылы бауырдың өт жолына өтедi. Адолескаридiң бауырға түскеннен толық дамыған сатысына дейiн 2,5-4 ай өтедi. Бауырда фасциола бiрнеше жыл өмiр сүредi.

Эпизоотологиялық деректер. Моллюскалар кiшкене су қоймаларында тiршiлiк етедi, судың рН=5,8-9,0. Көгерген суда прудовик тiршiлiк етпейдi. Моллюскалар ішінде фасциола личинкаларын сақтап қыстауы мүмкiн, осыған байланысты жануарды зақымдауда үлкен роль атқарады. Негiзiнен жануарлар – ауру жануарлар көктемде жұмыртқаларды нәжiспен бөлу арқылы таралған адолескаридi жұту арқылы зақымдалады. Қазақстанда жануарлар фасциолезбен маусымның екiншi жартысында зақымдалады.

Церкаридiң максимальдi таралуы жаздың соны мен күзде байқалады, өйткенi жануар организмiнде фасциоланын ересек сатысы 2,5-4 айда дамиды. Толық жетiлмеген паразиттер күз айларында бауырда кездеседi, ал желтоқсан-қантар айларында зақымдалу өте жоғары болады.

Фасциола жұмыртқалары жоғары және төмен температураға, кебуге, шiрiгенге өте сезiмтал. 40-45°С температурада 30-40 мин, ал 50°С кезде өледi, -5°С температурада 1 күнде өледi. Кепкен нәжiсте жұмыртқа өмiр сүру қабiлетiн ылғалдылық жоғалғанша жонылмайды.

Патогенез. Iшек, бауыр, өт жолдарына өткенде жас паразиттер патогендi әсер етедi. Жас фасциолалар iшек кiлегейлi қабатынан қан тамырларына өткенде жарақаттайды, бауырдың кейбiр бөлiктерiне қан айналымын бұзады. Бауыр ұлпасы арқылы қозғалып, капиллярларды, паренихиманы, өт жолын бұзады. Кейде фасциола қан ағымы арқылы басқа мүшелерге енiп капсуламен қапталады. Қатты инвазия болғанда олар iрi қара малдың өкпесiнде де кездеседi.

Жас фасциолалар iшектен бауырға микрофлора енгiзедi, өт жолы бiтеледi, бұдан организмнiң интоксикациясы болады және инфекция дамуы мүмкiн. Жынысты жетiлген фасциола қанмен көректенедi, өт жолы арқылы өтiп, оларды зақымдайды көп болса бiтеп тастайды. Паразит бөлетiн өнiмдер және токсикалық заттар бауырға әсер етедi. Ретикулоэндотелиальдi және жүрек қан тамыры жүйесiне, орталық жүйке жүйесiне, iшек-қарын жолының, тыныс алу мүшелерiнiң жұмысын зақымдайды.

Зат алмасуда бұзылады. Э. А. Давтян мен В. Д. Акопян фасциолезбен зақымдалған жануарларда витамин А жетiспеуiн дәлелдедi, осыдан организмнiң резистентiлiгi төмендейдi. Сонымен қатар витамин А болғанда ғана витамин С синтезделедi. Организмнiң аллергиялық жағдайы туады.

Иммунитет фасциолез бойынша зерттелмеген. Эксперименттiк зерттеулер қатты қиындық тудырады, өйткенi паразит соңғы иеде көп өмiр сүредi. Кейбiр ғалымдар жануарларда туа бiткен және жүре пайда болған иммунитет бар дейдi, бiрақ әлсiз бiлiнедi.

Ауру белгiлерi әртүрлi болады, ол паразиттiн интенсивтiлiгiне, түрiне, жануардың жасы, азықтандыру жағдайына байланысты.

Қой мен ешкiде фасциолез жiтi және созылмалы өтедi. Жас малда ересек малға қарағанда ауыр өтедi.

Фасциолездiң жiтi өтуi организмге адолескаридың көп саны кiруiне байланысты, жiтi гепатит дамиды. Клиникалық белгiлер анық көрiнедi. Инвазиялық қойлардың конъюнктивасы бозарады, кейде сарғаюы да байқалады. Дене температурасы 41,2-41,6°С. Тәбеті төмен, қан аралас iш өту болады, iш қату мен тимпания болуы мүмкiн.

Аурудың созылмалы түрiнде бастапқыда клиникалық белгiлер байқалмайды. 1-2 айдан кейiн қойлар әлсiрейді, отардан қалып қояды, жата бередi, арықтайды.

Жүнi кеуiп, тез сынып түседi. Кеудеде, жақ асты аумақтарында, қабақ үстiнде iсiк байқалады. Гемоглобин процентi мен эритроцит саны азаяды. Бауыр аумағы ауырсынады, шекарасы iсiнген. Бiрте-бiрте кахексия, застой байқалады, жануар өлуi мүмкiн. Кейде ауру өте ауыр өтiп, бiрнеше айларға созылады.

Iрi қара малда фасциолез созылмалы түрде өтедi, көбiнесе 2 жастағы жас мал аурады. Қойларға қарағанда ауру белгiлерi дұрыс көрiнбейдi, өлуі өте болмайды, iсiктер байқалмайды. Жануардың қондылығы мен сүттiлiгi төмендейдi. Сауатын сиырларда іш тастау байқалады.



Патологоанатомиялық өзгерiстер. Жануарлар өлiгi арықтаған, құрсақ құысында түссiз сұйықтық бар. Бауыр мен лимфа түйiндерi ұлғайған. Өт жолдары үлкейген кiр-қоңыр түстi, өт сұйықтығымен толған. Фасциоланың көп санын көруге болады. Өт жолдарының қатары, интерстициальдi гепатит, бауыр циррозы байқалады. Егер фасциоланың саны аз болса, онда мекендеген жерлерде ғана өзгерiстер байқалады.

Талақта, қарын асты безде, өкпеде капсуламен қапталған фасциолалар кездеседi.

Фасциолез жiтi өткенде бауыр үлкейiп, үстiңгi жағында қанға толған ұсақ қанталаулар, сары-қоныр түстi кiшкене ошақтар кездеседi. Дұрыстап зерттегенде ұзындығы 0,3-1,2 см жас фасциолаларды табуға болады.

Диагноз қою. Диагнозды ауру белгiлерiне, эпизоотологиялық деректерге, гельминтоовоскопия нәтижесiне, патологонатомиялық союға қарайды.

Ауру белгiлерi тек осы ауруға тән болмағандықтан фасциолезге тек күдектенуiмiз мүмкiн.

Тiрi кезiнде диагнозды гельминтоовоскопия әдiсi бойынша қоямыз. Ол үшiн күндiктi жануарлардың нәжiсiн жуу арқылы анықтаймыз. Демидов пен Вишняускас әдiстерiн кең қолданамыз. Фасциола жұмыртқасы сопақша пiшiнде, ашық-сары, сары-қоныр түстi. Сырты тегiс. Жұмыртқаның бiр жақ шетiнде тегiс қақпағы бар, ал келесi жағында өте көзге көрiнбейтін төмпешiк бар. Жұмыртқа iшiнде сары клеткалары мен қоршаған сұйық массасы болып. Жұмыртқа ұзындығы 0,13-0,14 мм, енi 0,07-0,09 мм. гигианты фасциоланын жұмыртқасы үлкен, ұзындығы 0,125-0,157 мм, енi 0,06-0,10 мм. мөлшерi бойынша парамфистомата жұмыртқасынан ұсақ, олар мес қарында тiршiлiк етедi, олар ақшыл – сұр түстi, сары клеткалар жұмыртқасың жартысындағана болады. Фасциола жұмыртқаларын басқа жұмыртқалардан көлемi, түсi, iшкi құрылысы бойынша ажыратады.

Жiтi өтетiн фасциолез ауруда жас фасциолаларды қарапайым әдiспен анықтауға келмейдi, гельминтологиялық ашып-қарау әдiсiмең диагноз қояды. Ашып қарағанда жiтi гепатит байқалады. Жас фасциолаларда бөлiп алу үшiн бауырды К. И. Скрябин әдiсiмен зерттейдi.



Емдеу. Дегельминтизация жасау үшiн гексахлорпараксилол, тортхлорлы көмiртегi, гексахлорэтан, филиксан, битионол, ацемидофен және басқа шетел препараттарын қолданамыз.

Гексахлорпараксилолды қойларға 1 рет дозасы 0,4 г/кг 0,5-1 кг комбикормен қосып бередi. Дегельминтизацияны таңертең, азықтандырғанға дейiн өткізеді. 2 күн бұрын рационнан тез ашитын азықтарды алып тастайды. Бұл дәрiге керi әсер туғанда екiқышқылды сода немесе сүт бередi.

Гексихол – гексахлорпараксилолдын жаңа түрi, ол өте эффекттi және токсикалық әсерi аз. Бұл препаратты iрi қара малға 0,3 г/кг, қойға 0,2 г/кг мөлшерiнде бередi.

Төртхлорлы көмiртегiн iрi қара малға бұлшықет iшiне 2-3 әсерге сауыр аумағында 50 ертiндiде, медициналық вазелин шайында дозасы 10 мл 100 кг-ға, 1 рет.

Қойларға препаратты терi астына салады 2 мл 10 кг-ға терiсiз жерге шынтақ буыны артында. Кейбiр малдар препарат салғаннан кейiн қозуы мүмкiн, жабырқайды. Жас малға 6 айдан 1 жасқа дейiн 1 мл, 2-3 мл желатиндi капсулада ауыз арқылы береді.

Фасциолез ауруы жiтi өткенде 1 жастан үлкен қойларға гексахлорэтан дозасы 0,15-0,2 г/кг мен төртхлорлы көмiртегi мес қарынға дозасы 1 мл жануарға. Дегельминтизация алдында қой мен ешкiлерге азық бермейдi. Жануарларды дегельминтизациядан 2-3 сағаттан кейiн азықтандырады.

Бұл препараттарға қой мен ешкiлер өте сезiмтал, клиникалық белгiсi анық көрiнген жануарларға бұл препараттарды абайлап қолдану керек.

Ешкiлер төртхлорлы көмiртегiге өте сезiмтал. 6-айға дейiн қозылар мен лақтарға дегельминтизация жасамайды. Емдеуден кейiн улану байқалса шiкi сүттi көп мөлшерде беруiмiз керек. 10% хлорлы калий ерiтiндiсiн 20 мл мөлшерде вена iшiне күнiне 3-4 рет салады. Дегельминтизация алдында 2 жетi бұрын қойлар рационына тұз бен витаминге бай азықтар берiледi.

Жiтi фасциолезде ацемидофендiн дозасы 150 мг/кг мөлшерде бередi. Гексахлорэтанды тек қой мен ешкiге ғана бередi дозасы 0,3-0,4 г/кг мөлшерiнде қолданады. Препаратты ұнтақ түрiнде немесе суспензия түрiнде бередi. Суспензия өте эффектi және токсиндiлiгi аз, ақ глинамен араластыру арқылы; 90 бөлектi ұнтақталған гексахлорэтанға 10 бөлiктi ақ глина араластырады оған 75 мл су қосады. Бұл суспензияның ересек қойға беретiн дозасы 30 мг 1 рет.

Тимпанияның алдын алу үшiн рационнан тезашитын азықтарды 1 күн бұрын алып тастайды. Дегельминтизация алдындағы тұнде жануарларды азықтандырмайды, емдеуден кейңн 2-3 сағат кейiн азық бередi.

Қойлардын фасциолезiнде филиксанның, 0,3-0,4 г/кг мөлшері өте эффектiвті. Ұнтақ немесе сулы ерiтiндi түрiнде iшке қолданады. Топтық азықтандыру әдiсiн қолданады. Емдеу алдында 10-12 сағат бұрын азықты берудi тоқтатады.

Битионол, инструкцияға сәйкес жеке 0,15 г/кг мөлшерде берiледi, топтап 0,2 г/кг концентраттармен аралыстырып.

Дегельминтизациядан кейiн жануарларды 6 күн бөлек құрғақ жерлерде ұстайды, суқоймаларынан алыс жерлерде. Содан кейiн бұл жерлерде малды жаймайды.

Алдын алу және күресу шаралары. Шаруашылықта фасциолездi толық жою үшiн комплекстi шаралар ұйымдастырады, жынысты жетiлген гельминттер сатысын жояды. Аурудан таза емес шаруашылықтарда алдын алу шараларын жылына 2 рет жүргiзедi. Байлап ұстағаннан кейiн 2-2,5 айдан кейiн өндеу жасайды, өйткенi бауырдағы фасциолалар осы кезде жынысты жетiледi. Iрi қара малды да байлап ұстағанда өндейдi. К.О-да бiрiншi дегельминтизация желтоқсанда, ал екiншi рет қаңтардың екiншi жартысында өткізеді.

Алты айдан жасы жоғары жануарларды төртхлорлы көмиртегiмен, гексахлорэтан мен емдеу кезiнде сияқты дегельминтизация жасайды. Нәжiстi жинап, залалсыздандырады.

Фасциолезде жайылымды 2-2,5 ай сайын өзгертiп отырады. Шаруашылыққа қайта әкелiнген жануарларды карантиндеу кезiнде қарайды, нәжiстi зерттейдi. Фасциолезбен ауырған жануарларды дегельминтизациядан кейiн ғана табынға қосады. Моллюскаларды жою үшiн медный купоросты сулы ерiтiндi түрiнде қолданады 1:5000 10 л 1 м. Ерiтiндiнi ағаш ыдыста дайындайды, гидропульт арқылы зақымданған жерге шашыратады. Су қоймасында балық өсiрiлсе препаратты қолданбайды.

Моллюскаларға қарсы 5,4 дихлорсалициланилид препараты да жақсы нәтиже бередi (1:1000). Ерiтiндiнi көктемде және жазда қолданады. Оны абайлап қолданады мал мен адамға зиян келтiрмеу үшiн. Химизациядан кейiн бiрнеше күн жануарларды өнделген жерге жаймайды. Балық шаруашылықты су қоймаларына препарат түспеу керек.

Жайлауды моллюскоциттi өндеудi жылына 1 рет көктемде немесе күзде моллюскалар белсендi болғанда жүргiзедi.

Мелиорация моллюскаларды жоюда үлкен роль атқарады. Қаз бен үйректер моллюскаларды жеп, кiшкене су қоймалар мен көлді аралық иеден тазартады.

Фасциола жұмыртқалары сыртқа нәжiспен бiрге шыққанда биотермикалық өндеуде жойылады. Сыртқы ортаның зақымдануы ауру малдың фасциолезбен зақымдалған бауыры да болуы мүмкiн. Бұндай бауырды жегенде адам абай болу керек, ветеринарлық санитарлық бақылау қажет. Бауыр қатты зақымданғанда утилге жiберiледi, онша зақымдалмаған бауырды тазартып шектеусiз шығарады.

Мирацидий күн жылы кезенде болады, оларды жоюға арнайы шаралар қолданбайды. Фасциолезге қарсы шараларда ауыл шаруашылығындығы малдарға бiрдей қолданады. Ал адамның жеке гигиенасына келетiн болсақ болоталы суқоймаларынан су iшпеу керек. Сол су қоймалардағы сумен өсiрiлген көкөнiстердi iндеттi түрде пiсiрiп жеу керек.



Бақылау сұрақтар:

  1. Қандай жануарлар фасциолезбен аурады?

  2. Қандай қоздырушы түрлері фасциолезді тұдырады?

  3. Аралық иелер кім болады?

  4. Инвазиялық сатысы деген не?

  5. Фасциолездің қандай барысы болады?

  6. Фасциолезге қалай диагнозды қояды?

Лабораторлық сабақ 6

Тақырып: Дикроцелиоз

Сабақтың мақсаты: Дикроцелиоз қоздырушысының қурылысымен, даму циклімен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру.

Қурал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл және боялған препараттар.

Дикроцелиозкен тараған гельминтоз, Dicrocoelliidea тұқымдасына жататын Dicrocoelium lanceatum трематодасымен шақырылады. 70 астам үй жануарлары мен жабайы сүткөректiлердiң өт қабы мен өт өзегiнде өмiр сүретiн паразиттер. Күйiс қайратын: қой, ешкi, iрi қара мал, буйвол, түйе, елiктер т. б. ауырады. Дикроцелийлер адамда да кездеседi. Дикроцелиоз шығыны – ауру малдын өнiмдiлiгiнiң төмендеуi. А. Г. Кокуриннiң айтуы бойынша ауру малдың етiнде ақуыз 2 , май 1,65 кемидi. Көп жағдайда ауру малдың бауыры жарамсыз болады.

Қоздырушының ұзындығы 1 см, енi 1,5-2 мм, пiшіні ланцет тәрiздi. Ауыз сорғышы мен құрсақсорғышы жақын орналасқан. Iшек жолдары тегiс, паразит денесiнiң бүйiрiнде орналасады. Трематода денесiнiң алдынғы жағы мен құрсақ сорғышының артында 2 ен мен жұмыртқалық, ұрыққабылдағыш, Мелиса денесi орналасқан. Дененiң ортанғы бөлiгiнде iшек бүйiрiнде жүзiмтәрiздi сары денелер орналасқан, жатыр ағаш сияқты тармақталған, трематоданың құрсақ бөлiгiнiң артқы жағын алып жатыр.

Аралық иелер. Жерде тiршiлiк етпейтiн моллюскалар Helicella, Sebrina, Theba, Fruticda туыстары мен қосымша иелер Farmica, Proformica туыстығының құмырсқалары.

Қоздырушының биологиясы. Қоздырушы жұмыртқалары ішіндегі мирацидии, өтпен қосылып жануар iшегiне түседi, нәжiс арқылы сыртқы ортаға шығады. Онда оларды моллюскалар жұтады. Моллюсканың iшегiнде жұмыртқадан мирацидий шығады, ол спороцистаға айналады.

Мирацидидiң дәндi шараларынан көптеген ұрықтық торшалар дамиды. Кейiннен бұл торшалар бөлек топтар құрайды, осыған байланысты аналық спороциста дочерний спороцистаға бөлiнедi.

Ересек церкарийлерден кейiн спороцистада жаңа церкарийлар тоқталмайды. Сондықтан моллюскалар көп уақыт паразит тасымалдаушы болады. Спорацистадан церкарий қан арқылы моллюсканың тыныс алу жолына енедi, онда олар клей тәрiздi затпен оралады.

Кiлегейлi домалақ тыныс алу қозғалысы мен моллюскадан шығып, өсiмдiкке жабысады. Дикроцелийлар моллюскада 3-6 ай дамиды. Сыртқы ортада кiлегеiлi церкарии бар түйiндерді құмырсқалар жейдi.

Құмырсқа организмiнде церкарий кiлегейден босанып, құрсақ қуысындағы iшекке енедi. Онда олардың құйрығы жойылады, инцистирленедi, 1-2 айда метацер-карияға айналады.

Сонғы иелер дикроцелозбен жайлауда шоппен бірге құмырсқаларды жеп, зақымдалады. Құмырсқа денесiндегi церкарий құрсақ құысынан басқа енiп, құмырсқа жүрiсi бұзылады. Бүндай құмырсқалар өсiмдiкке жабысады. Сондықтан мал тез зақымданады, құмырсқалар қорытылып болғаннан соң метацеркарий цистадан босайды. Бауырға, өт жолына белсендi енiп, 1,5-3 айда ересек сатыға айналып, сыртқа ортаға жұмыртқалар бөледi.



Эпизоотологиялық деректер. Дикроцелиоз барлық жерде кең таралған, далалы аудандардын оңтүстiгiнде кездеседi. Жануарлар көктем мен күзде жайлауда зақымдалады. Есiнен таңған құмырсқалар тәнертен және кешке көп болады.

Құмырсқалардың инвазиялық интенсивтiлiгi бiрден онға дейiн болады. К.О.-нын әртүрлi аймақтарында аралық ие, қосымша ие, сонғы ие сандары әртүрлi бекiтiлген. Құмырсқа мен моллюсканын интенсивтiлiк процентi де әртүрлi.

Дикроцелийумның жұмыртқалары сыртқы орта жағдайларына төзiмдi болады 18-20˚С температурада кебудi бiр апта бойы төзедi. 50˚С температурада өлмейдi, төменгi температураға да төзiмдi. Осыған байланысты олар моллюска мен құмырсқада қыстап жығуы мүмкiн .

Патогенез. Дикроцелиум бауырдың өт өзегiнде патологиялық өзгерiстер туғызады. Интенсивтi инвазияда өт жолынды созылмалы катаральдi қабынуы болуы мүмкін, бауырда милиарлы цирроз болады. Бауыр паренхимасы өте зақымданбайды. В. Д. Акопян (1972) айтуы бойынша дәлелдегендей ауру қойлар организмiнде А және С витаминдерiнiң алмасуы бұзылады. Ақуыз симасуы нашарлайды.

3 сүрет. Dicrocoelium lanceatum Иммунитет. Дикроцелиозбен бiрiншiлiк

зақымданғанда аз уақыттық иммунитет п.болады (барлық малда емес).



Ауру белгiлерi. Әлсiз инвазияда клиникалық белгiлер байқалмайды. Гельминттердiң саны көп болса, аурудың ауыр ағымы байқалады. Жануар жабырқаған, асқорыту жұмысы бұзылады, iш қату мен iш өту айналып келiп тұрады. Жүнi сынғыш келедi, денеде терi түскен жерлер п.б. кеуде және кеуде астында iсiктер байқалады. Сиырда сүттiлiк төмендейдi.

Жас малда дикроцелиоз белгiсiз өтедi. 3 жастан жоғары қойларда клиникалық белгiлер байқалады. Оларда арықтау, жүдеу, өнiмдiлiктiң төмендеуi байқалады. Iрi қара мал мен қойды дұрыс азықтандырмағанда өлуi мүмкiн.



Патологоанатомиялық өзгерiстер. Инвазия жоғары болғанда бауыр үлкейген, өт жолдары кеңейген, олар ақ тұстi, қоныр-жасыл сұйықтықпен толған, онда көптеген паразиттер болады. Капсула және капсула астында торшаланған сүрет болады, торшалар қосылып бiртектi капсула ошағын құрайды, органикалық ақ түстi дақтар болады. Жануарды сою кезiнде арықтық, анемия, терi асты клетчатка инфильтрацияланғаны байқалады.

Диагноз қою. Тiрi кезінде нәжiстi овоскопия зерттеу арқылы паразит жұмыртқаларын табамыз. Дикроцелий жұмыртқалары ұсақ, ұзындығы 0,038-0,045 мм, енi 0.02-0,03 мм, қара-қоңыр түстi, сыртында қалың қабықшасы болады. Ол ассеметриялы, iшiнде мирацидий болады және бiр жақ шетiнде қақпақша болады.

Өлген кезде бауырды ашып қарағанда дикроцелий құрттарын табады және патологоанатомиялық өзгерiстерге қарайды. Инвазияның интенсивтiлiгiн анықтау үшін бауыр үстiнің висцеральдi жағынан параллельдi 3 тiлiк тiледi де сосын дикроцелий санына қарайды. Инвазия интенсивтi болғанда бауырдағы трематода саны бiрнеше мың болады.



Емдеу. Қазiргi кезде ең тиімді дәрі гексихол. Оны ірi қара малға 0,3 г/кг, жас малға 0,4 г/кг, ешкi мен қойға 0,4 г/кг мөлшерде бередi. Iрi қара малға ұсақталған жем немесе құрама азыққа қосып 0,5-1 кг әр басқа жеке бередi. Қой мен ешкiге гексихолды құрама азықпен қосып 1:8, 1:10 мөлшерде бередi, мал топтарына тәңертен бередi. Препаратты фасциолез ауруында сияқты талаптар бойынша пайдаланады. Ересек iрi қара малға антигельминтиктi жеке берiп азықтандырады, бұзау мен қойға топтап, азықпен араластырып бередi. Жас дикроцелилардың препаратқа төзiмдiлiгi жоғары, бiрақ ересек болған сайын төзiмдiлiгi төмендейдi. Дегельминтизацияланған жануар бауырларынан паразиттер препаратты бергеннен кейiн 12 сағаттан кейiн түсе бастап, 7 күнге созылады.

Алдын алу шаралары. Дикроцелиозға қарсы сақтық шараларды комплексті жүргізеді ересек мал басын дегельминтизациялау, жайлауды гельминтологиялық бағалау, аралық иелердi жою, ветеринарлы-санитарлық шектеулер откізеді.

Жануарларға дегельминтизацияны күз-қыс айларында жасаған дұрыс. Жердi жырту арқылы аралық иелермен күресемiз, мәдени өсiмдiктер егемiз, құрғақ шөптi өртеймiз. Дикроцелиозға қарсы шараларды жануарлар осы аурумен зақымдалған жерлердi анықтау керек. Оны құмырсқа мен моллюскаларды зерттеу арқылы анықтаймыз. Құмырсқа иелеуiндегi есiнен танған құмырсқаларды зерттеймiз. Бұл ауру бар жерлерде малды бақпау керек. Жайлауда алдын алу шаралары үшiн құмырсқа иелеуiн изоляциялау әдiсiн қолданады. Жануарға ең қауыптi жайылатын жер суқоймасы мен өзен маңында.

Ет комбинаты мен мал соятын жерлерде жануар бауырын ветеринарлы-санитарлық қадағалап, қарайды. Өте қатты зақымдалған бауырды утилге жiбередi, әлсiз зақымдалған бауырларды тазартып, шектеусiз жiбередi.

П. Т. Твердохлебов айтуы бойынша жануар тектес биологиялық белсендi заттар күйiстiлердiң қарын алдынды дикроцелидiң метацеркариiн өлтiредi (құрғақ өт, холи қышқылы). Жүргiзiлген сауықтыру шараларыңың эффектiлiгiн жыл сайын тексередi. Ол үшiн әрбiр таза емес шаруашылықтан 20-30 жануарды гельминтокопрология әдiсiмен тексередi.



Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай жануарлар түрлері дикроцелиозге бейімді болады?

  2. Аралық және қосымша иелері кім болады?

  3. Дикроцелиоз жұмыртқалардың айырмашылығы қандай?

  4. Дикроцелийлар қай мүшелерде мекендейді?

  5. Қай түрде өтеді?

Лабораторлық сабақ 7

Тақырып: Iрi қара малдың және қойдың парамфистоматоздары

Сабақтын мақсаты: Парамфистоматоз қоздырушысының қурылысымен, даму циклімен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру.

Қурал-жабдықтар: плакаттар, дымқыл және боялған препараттар.

Парамфистоматоздар – Paramphistomatatа подотрядының трематодаларымен шақырылатын, жiңiшке iшекте, мес қарында, сирек күйiстiлердiң тақия қарынында тiршiлiк ететiн паразиттар iрi қара мал, енеке, сирек қой, ешкi, сонымен қатар солтүстiк бұғылар мен кейбiр жабайы күйiстi жануарлардың гельминтоздары. Жiтi және созылмалы өтедi. Жiтi парамфистоматоз 1,5-2 жастағы бұзауларда байқалады және жiңiшке iшектiң кiлегейлi қабығы мен ұлтабарда орын ауыстыратын трематодалармен шақырылады.

Созылмалы түрі – қосалқы қарындарда, ұлтабардың кiлегейлi қабығында тiршiлiк ететiн ересек гельминттермен шақырылады.



Ауру айтарлықтай экономикалық зиян тигiзедi: жiтi өткенде iрi қара мал төлдерi 50 – 100 %-ға дейiн өлiмге ұшырайды және физиологиялық дамуы күрт баяулап, малдың өнiмдiлiгi төмендейдi.

Қоздырушылары: Paramphistomum, Calicophоron, Gastrothylax, Liorchis туыстығына жататын парамфистомататтың бiрнеше түрi, iрi қара мал мен қойда тiршiлiк етедi. Оның iшiнде ең көп таралған: Liorchis scotiae, Paramphistomum ichikawai, Calicophoron calicophorum, Gastrothylax crurneniier. Олардың денесi ұршық немесе цилиндр тәрiздi, көлденен кесiндiде көбінесе дөңгелек пiшiндi келеді. Трематода ұзындығы 5-20 мм. Ауыз сорғышы жоқ, ауыз тесiгiнен кейiн күштi фаринкс орналасқан, құрсақ сорғышы жақсы дамыған және дененiң артқы жағына жақын орналасқан.

Трематодалардың қомақты денесi анатомоморфологиялық құрылысын зерттеу үшiн тотальдi препараттарды дайындауда қиындатады.




Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет