Ветеринариялық медицина кафедрасы



бет1/11
Дата18.02.2017
өлшемі16,52 Mb.
#9826
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«А. Байтұрсынов атындағы

Қостанай

мемлекеттік

университеті» РМҚК

Ветеринария және азық-тұлік өнімдері технологиясы факультеті





БЕКІТЕМІН
Оқу және жаңа технология бойынша оқыту жұмыстарының проректоры

___________________Ф.Майер

_____._________2011 ж.

Ветеринариялық медицина кафедрасы



ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

пәні Санитарлық паразитология

мамандығы 051202 - Ветеринариялық санитария


кредит саны 4

Қостанай, 2011


«Санитариялық паразитология» пәні бойынша оқу бағдарламасын РОӘЖ-ң 2006 жылғы 22 маусымдағы хаттамасымен бекітілген негізінде биологиялық ғылымдарының кандидаты, доцент Сулейманова К.У.құрастырған.
23. 05. 2011 ж. ______________________

Ветеринариялық медицина кафедрасының отырысында қаралған және ұсынылған 07.06.2011 ж. хаттама № 6


Кафедра меңгерушісі А.Тегза

Ветеринария және азық-тұлік өнімдерінің технологиясы факультетінің әдістемелік кеңесімен мақұлданған 15.06. 2011ж. хаттама № 10


Әдістемелік кеңестің төрағасы Г. Байкадамова

1 Пәннің сипаттамасы

Санитарлық паразитология 051202 – Ветеринариялық санитария мамандығы бойынша дәрігерлер даярлауға арналған кәсіпдендіру пәндердің міндетті түрде оқитын пәні болып саналады.


Пререквизиттері: осы пәнді меңгеру үшін жалпы зоология, анатомия, латын тілі алынған білім дағдылар мен машықтар қажет.

Постреквизиттері: «Санитариялық паразитология» курсын меңгеру алдағы кәсіптік пәндерді сәттілікпен игеруге көмегін тигізеді: жалпы эпизотология, ветеринариялық санитариялық сараптау.

Постреквизиттері:

Пәннің мақсаты мен міндеті

Пәннің мақсаты : теориялық білім алу, қоздырушыларына назар аударып жаңа әдістері арқылы зерттеу және қүресу шараларын өткізеді.

Пәннің міндеті – паразиттердің ерекшеліктерің зерттеу, студенттер тірі кезінде және өлген сон паразитоздарға диагноз коюын игеру, сыртқы ортада әдістерді қолдану үйрену

Оқу тәжірибесін өту мен зертханалық, тәжірибелік сабақтарды орындаған кезде студент келесі дағдыларды, машықтарды білуі тиіс:





  • Зертханалық –тәжірибелік сабақтарда және өндірістік тәжірибені өрындаған кезде студент гельминтоздарға, протозооздарға, арахно-энтомоздарға диагноз қою әдістерің үйрену;

  • паразитологиялық лабораторияға патологиялық материалды алуын және жіберуін білу;

  • иназиялық ауруларға қарсы ветеринарлық - санитарлық шараларды өткізу және оларға сапасын жасау;


2 Пән мазмұны

Негізгі бөлім

1. Инвазиялық аурулар туралы ілім

Санитариялық паразитология пәнінің мақсаты мен міндеті. Паразитологияның биологиялық негізі. Паразитизм ұғымына анықтама. Паразитизмнің шығуы және табиғатта таралуы. Паразитоздар қоздырғышының жұқтыру негіздерінің әр түрлі деңгейде қалыптасу – генетикалық, торшалық және организмдіқ деңгейлерде.Паразиттердің түрлері: сыртқы және ішкі паразиттер, уақытша және стационарлық (тұрақты және тұрақты емес) паразиттер. Паразитоценоздар және ассоциативтік инвазиялар. Паразиттер иелерінің жіктелуі: ақтық, аралық, қосымша, резервуарлы, облигатты, яғни міндетті түрді және факултативті ие. Паразиттер мен иесінің аралық қарым – қатынасы, паразиттер мен басқа симбионттардың аралық қарым-қатынасы. Инвазиялық негіздермен биологиялық әдістер көмегімен күресу. Сыртқы ортаның паразиттердің марфалогиясы мен биологиясына тигізетін әсері. Паразиттердің фаунасының, тасымалдаушыларының аралық, қосымша, резервуарлы иелерінің, олардың сандық динамикасының аумақтықерекшеліктері. Адамның биогеоценоздың ішіндегі паразитарлық экожүйесінің түріне және сандық құрамына тигізетін әсері. Академик Е.Н.Павловский ұсынған табиғи ошақты аурулар туралы ілім. Академик К.И.Скрябин ұсынған девастация туралы ілім. «Инвазия» және «Инвазиялық аурулар» туралы ұғым. Инвазиялық аурулардың номенклатурасы. Инвазияның көздері. Инвазиялық аурулардың энзоотикалық және эпизоотикалық өтуі. Инвазияның резервуарлары. Инвазиялық аурулардың эпизоотикалық шеңбері. Инвазиялық аурулардың таралуы мен маусымдылығы. Санитарлық паразитоценологияның негіздері. Індетті-инвазиялық негіздері гемипопуляциясының өзара әсері дамуының заңдылықтары, паразитоздардың үйлесімді немесе аралас ошақтардың жұмыс істеу заңдылықтарының мәні, инвазия ошағының жұмыс істеу механизмі. Паразитоздар ошақтарының белсенділігін төмендету үшін арнайы экологиялық таза шаралар. Иммунитет және премуниция. Малшаруашылығы кешендері мен арнайы шаруашылықтарда инвазиялық аурулардың эпизоотологиялық ерекшеліктері. Тоғышар тасымалдаушылар және олардың шаруашылықтардағы эпизоотологиялық жағдайына әсерін тигізу маңызы. Инвазиялық аурулар бойынша эпизоотологиялық жағдайды болжау. Инвазиялық аурулардан шеккен экономикалық зиян . Адамдарға және малдарға ортақ инвазиялық аурулар. Инвазиялық ауруларға қарсы қолданылатын негізгі санитарлық шаралар. Аурулардың қоздырушыларына қарсы қолданылатын биологиялық әдістер. Инвазиялық ауруларға қарсы химиялық сақтандыру. Сыртқы ортаның гелминтоздар мен асқорыту жүйесінің қарапайымдылардың қоздырушыларына тигізетін әсері. Инвазиялық қоздырушылардың сыртқы ортадағы әртүрлі жағдайда таралуының, айналымының, төзімділігінің, сақтану мерзімінің ерекшеліктері.

Жерді, су-қоймаларды, нәжісті, көк-өністер мен жидектерді, балықтарды, кейбір гидробионттарды санитариялық паразитологиялық әдістермен зерттеу. Инвазиялық материалдардың тіршілігін және сақталуын зерттеу нәтижелерін бағалау. Малдар бағылатын жерлерде сыртқы ортаны санитариялық паразитологиялық қадағалау.Сыртқы ортаны паразитоздардың қоздырушыларынан сақтау шаралары.

2. Санитариялық гельминтология

Санитариялық гельминтологияның анықтамасы және мазмұны. Гельминтологияның қосымша даму тарихы. Жануарлар гельминттердің жіктелуінің негізі.Трематодтар, цестодтар, нематодтар және акантоцефалдардың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Гельминтоздардың эпизоотологиясы, дамуы және иммунитеті. Гельминтоздардың малды сояр алдында және сойғаннан кейін диагностикалау әдістері. Гельминтоздарды болжау. Мал, құс шаруашылығының әртүрлі жағдайында гельминтоздардың алдын алудың негізгі санитарлық принциплеті. Сыртқы ортаны гельминттердің жұмыртқалары мен балаңдарының сыртқы ортада таралуы мен айналымы, олардың сыртқы ортада сақталуы мен төзімділігі. Аралық, қосымша, резервуарлы иелерді гельминтердің балаңқұрттарымен зақымдануын зерттеу. Трематоздар. Сорғыш құрттарға жалпы сипаттама. Күйістілер фасциолезі. Күйістілер дикроцелиозі. Ірі қара мен қой эуритремозы. Малдардың парамфистоматозы. Етқоректілер описторхозы. Тауық простогонимоздары. Үйрек пен қаздардың эхиностоматидоздары мен нотокотилидоздары. Трематодоздарға қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар.



3. Санитариялық цестодология

Цестодтарға және цестодоздарға жалпы сипаттама. Ларвалды цестодоздар: Ірі қара және шошқа цистецеркозы. Қой мен шошқаның тенуиколды цистицеркозы. Овисты және пизиформды цистицеркоздар. Ми және ет ценурозы. Ларвалды эхинококкоз және альвеококкоз. Ларвалды цестодоздарға қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар. Имагиналды цестодоздар: Етқоректілер және адам дифиллоботриозы. Етқоректілер тениидоздары. Етқоректілер дипилидиозы. Күйістілер мониезиозы, тизаниезиозы және авителлинозы. Жылқы аноплоцефалидоздары. Қаз дрепанидотениозы. Үйрек гименолипидозы. Тауық давениидозы.

Имагиналды цестодаздарға қарсы ветеринариялық-санитариялық шаралар.

4. Санитариялық нематодология

Нематодтар мен нематодоздарға жалпы сипаттама.

Аскаридатоздар. Шошқа аскаридозы. Жылқы параскаридозы. Тауық аскаридиозы. Бұзау неоскаридозы. Етқоректілер аскаридатоздары. Аскаридатоздарға қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар.

Оксиуратоздар. Жылқы оксиурозы. Қоян пассалурозы. Қой скрябинозы. Құс гетеракидозы. Оксиуроздарға қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар.

Трихоцефалятоздар. Шошқа және қой трихоцефалезы. Жануарлар трихинеллезы. Трихоцефалятоздарға қарсы ветеринариялық-санитариялық шаралар.

Ас қорыту жүйесі стронгилятоздары. Жылқы альфортиозы, деляфондиозы, стронгилезы және трихонематозы. Қой гемонхозы. Қой нематодирозы. Қой хабертиозы. Күйістілер және шошқа элафагостомозы. Ас қорыту жүйесі стронгилятоздарына қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар.

Тыныс алу жүйесі стронгилятоздары. Күйістілер диктиокаулезы. Шошқа метастронгилезы. Құс сингамозы. Терісі бағалы етқоректілер кренозомозы. Тыныс алу жүйесі стронгилятоздары қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар.

Спируратоздар. Ірі қара мал телязиозы. Жылқы драшейозы және габронематозы. Үйрек стрептокарозы. Спируратоздар қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар.

Филяриатоздар. Жылқы парафиляриозы. Жануарлар онхоцеркозы және сетариозы. Жануарлар диоктофиматозы. Филяриатоздарға қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар.

Рабдидатоздар. Торай, бұзау және құлындар стронгилоидозы. Рабдидатоздарға қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар.

Акантоцефалятоздар. Шошқа макраканторинхозы. Үйрек полиморфозы. Құс филиколезы. Акантоцефалятоздарға қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар.

5. Санитариялық арахноэнтомология және оның жалпы мәселелері

Буынаяқтылар – арахноздар мен энтомоздардың қоздырушылары және әртүрлі инвазиялық, індетті аурулардың тасымалдаушылары. Өрмекші тәрізділер мен жәндіктердің жалпы сипаттамасы.

Буынаяқтылардың биологисы мен экологиясы. Буынаяқтылардың эпидемиологиялық және эпизоотикалық маңызы. Жәндіктер мен кенелердің саның зерттейтін әдістер. Буынаяқтылардың санын реттеу, арахноэнтомоздармен күресу шараларының негіздері. Дезинсекция және декаринизация жасау әдістері: алдын-алу, жою шаралары, химиялық әдістер. Препараттарды қолдану тәжірибесі. Инсектицидтік және акарицидтік препараттардың сапалық және сандық корсеткіштері. Репеленттік, яғни үркіту препараттары. Препараттардың токсикологиялық-гигиеналық касиеттерін бағалау. Биологиялық препараттар.

Сыртқы ортада және мал өнімдерінде пестицидтердің қалдықтарын зерттеу әдістері.



6. Санитариялық энтомология

Ауыл шаруашылық малдарда және құстарда тоғышарлық күнелтетін жәндіктердің морфологиясы, биологиясы және жіктілеу негідері. Жәндіктер-энтомоздардың қоздырушылары және әртүрлі инвазиялық, індетті аурулардың тасымалдаушылары.

Жәндіктер – ларвальді энтомоздардың қоздырушылары: ірі қара гиподерматозы, қой эстрозы, жылқы ринэстрозы, түйе цефалопинозы, солтүстік бұғылар цефеномиозы, тақ тұяқтылар гастрофилезы.

Ларвальді энтомоздарға қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар. Зоофилды шыбындар. Жануарлар вольфартиозы. Қансорғыштар. Қой мелафогозы. Жануарлар сифункулятозы. Маллофогоздар. Жануарлар триходектозы. Құс маллофагозы. Ет және өлексе шыбындары. Бүргелер, қандалалар.

Беймаза: соналар, масалар, шіркейлер, құмыты шыбындар, москиттер, шақпа-шыбындар. Беймаза жәндіктердің санын реттеу.

7. Санитариялық арахнология

Өрмекші тәрізділердің морфологиясы, биологисы және жіктеу негіздері. Паразитиформды және акариформды кенелерге сипаттама. Паразитиформды кенелер – уақытша эктопаразиттер және инвазиялық, індетті аурулардың тасымалдаушылары. Иксодид және аргазид кенелердің морфологиясы, биологисы және жіктеу негіздері және таралуы, оларға қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар.

Акариформды кенелер және олар коздыратын аурулар. Жануарлар псороптозы. Жануарлар хориоптозы. Етқоректілер отодектозы. Етқоректілер нотоэдрозы. Ірі қара демодекозы. Ит демодекозы. Құс кнемидокоптозы мен сирингофилезы. Акариформды кенелерге қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар.

8. Санитариялық протозоология және жалпы мәселелері

Санитариялық протозоологияның анықтамасы мен маңызы. Оның дамуының негізгі кезендері. Қарапайымдылардың морфологиялық ерекшеліктері, биологиясы және жәктелі негіздері. Тоғышарлық күнелтетін қарапайымдылар мен иелердің арасындағы ерекшеліктері. Протозооз аурулары. Эпизоотологиясы: таралуы, инвазияның шыгу көздері, зақымдалу жолдары және қоздырушылардың тасымалдау факторлары, табиғи ошақтары, маусымдық ерекшеліктері. Протозооз аурулардың патогенезі мен иммунитеті. Протозооздарды мал тірі кезінде және сойылғаннан кейін балау әдістері. Санитариялық протозоологиялық зерттеулер. Тоғышарлық күнелтетін қарапайымдылар цисталарының тіршілігі мен сақталуын зерттеу.

Протозооздарға қарсы ветеринариялық–санитариялық шаралар. Препараттардың қарапайымдыларға қарсы белсенділігі.

8.1 Мастигофороздардың ветеринариялық–санитариялық шаралары.

Мастигофороздардар. Адам мен жануарлар мастигофороздері туралы жалпы мағлумат. Түйе мен жылқылар су-ауруы. Тақ тұяқтылар киеңкі ауруы. Етқоректілер мен адам лейшманиозы. Ірі қара трихомонозы. Құс гистомонозы. Мастигофороздардарға қарсы ветеринариялық–санитариялық шаралар.



8.2 Пироплазмидоздардың ветеринариялық–санитариялық шаралары.

Пироплазмидоздар. Пироплазмидоздардың эпизоотологиясы. Пироплазмидоздық жағдай туралы ұгым. Аумақтарды пироплазмоздық жағдайға қарай жіктеу. Жануарлар бабезиидоздары: ірі қара, қой, жылқы және ит пироплазмозы; ірі қара, қой бабезиозы; ірі қара, қой франсаиеллезы. Тейлериоздар. Ірі қара және бұғылар тейлериозы. Жылқы нутталиозы. Пироплазмидоздарға қарсы ветеринариялық–санитариялық шаралар.



8.3 Кокцидиидоздардың ветеринариялық–санитариялық шаралары.

Жануарлардың кокцидиидоздары. Кокцидиидоздардың жалпы морфологиясы мен биологиялық ерекшеліктері. Ірі қара, қой, қоян, тауық эймериозы. Етқоректілердің изоспорозы. Жануарлар мен адам токсоплазмозы. Жануарлар саркоцистозы. Ірі қара безноитиозы. Кокцидиидоздарға қарсы ветеринариялық–санитариялық шаралар.



8.4 Цилиофороздардың ветеринариялық–санитариялық шаралары.

Цилиотоздар. Шошқа және адам балантидиозы. Цилиофороздардың ветеринариялық–санитариялық шаралары.



8.5 Прокариоттар қоздыратын аурулардың ветеринариялық–санитариялық шаралары.

Ірі қара және қой анаплазмозы. Құс боррелиозы (спирохетозы).

Прокариоттарға қарсы ветеринариялық–санитариялық шаралар.

3 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1 Абуладзе К.И. Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. М. ВО «Агропромиздат», 1990, 463 с

2 Акбаев М.Ш. Паразитология и инвазионные болезни животных. М. «Колос», 2002, 743 с

3 Абуладзе К.И. Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. М. ВО «Агропромиздат», 1998, 360 с

4 Кадыров Н.Т. Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. Астана, 2000, 743 с

Старченков В.С. Болезни собак и кошек. М. «Аквариум», 2000, 296 с



Қосымша:

1 Чандлер Э.А., Гаскелл К.Дж., Гаскелл Р.М. Болезни кошек. М. «Аквариум», 2002, 696 с

2 Абуладзе К.И. и др. Практикум по диагностике инвазионных болезней сельскохозяйственных животных. М.: «Колос», 1984

3 Барышников Е.Н. Медицинская паразитология. М.: Владос-пресс,2005

4 Бакер О.И. Болезни прудовых рыб. М.: Колос,1995

5 Белов А.Д. Болезни собак. М.: Колос, 1995

6 Буренин Н.Л., Котова Г.Н.Справочник по пчеловодству. М.: Колос. 1981, 1984

7 Генис Д.Е. Медицинская паразитология. М.: «Медицина», 1975

8 Гробов О.Ф. Болезни и вредители медоносных пчел. М.: «Агропромиздат», 1989

9 Диков Г.И., Сабаншиев М.С., Сулейменов М.Ж. Справочник по паразитозам сельскохозяйственных животных в Республике Казахстан. Ч.1,2. Алматы, 1984

10. Котельников Г.С. Диагностика гельминтозов. М.: «Колос», 1984

11. Любашенко С.Я. Болезни пушных зверей. М.: «Сельхозгиз», 1952

12. Мозгов И.Е. Ветеринарная рецептура с основами терапии и профилактики. М.: «Агропромиздат», 1988

13. Орлов И.В., Агринский Н.И. и др. Практикум по ветеринарной паразитологии. М.: Изд. с/х литературы, 1962

14. Перадзе Т.В. и др. Руководство по инфекционным и инвазионным болезням, общих для животных и человека. Л., Медицина, 1981

15. Сидоркин В.А. Справочник по диагностике и терапии гельминтозов животных и птиц. М.: «Аквариум», 2000




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет