Ветеринариялық медицина кафедрасы


Патологоанатомиялық өзгерiстер



бет8/11
Дата18.02.2017
өлшемі16,52 Mb.
#9826
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Патологоанатомиялық өзгерiстер: өлген сойылмаған тауықтардың клоака аумағында қабыну процесстерi көрiнедi. Ашып сойғанда жұмыртқалық және жұмыртқа жолы қабынған, қабырғалары жатымсыз иiстi қою сұйық iрiндi – фибринозды массасымен қапталған. Жұмыртқа жолында деформальды жұмыртқаларды немесе белоктық заттарды табуға болады.

Простогонимустардың инвазиясы жоғары болғанда патанатомиялық өзгерiстер айқын көрiнедi.



Диагноз: клиникалық белгiлердiң, эпизоотологиялық деректердiң және клоакадан алынған бөлiнділерiн зерттеу негiзiнде қойылады.

Жұмыртқалары – сары-қоныр түстi, мөлшерi 0,02 х 0,01 мм, қақпағы және төмпешiгi болады. Өлген кезде құстарды ашып союына және жұмыртқа жолын немесе фабрициялы қапшығын зерттеуiне негiзделген.



Емi: аурудың басында ғана нәтижелерi болады. Гексахлорэтанды. 12 сағат аш ұстағаннан кейiн iшке 3 күн бойы, 0,5 дозада әр құсқа берiледi. Четырехлорлы сутекті өңештi зонд арқылы iшiне 1 рет немесе шприц арқылы 2-5 мл дозада әр тауыққа ұйқы безiне еңгізеді.

Алдын алу және күресу шаралары: құс қораны су қоймалардан алыс жерде салу керек. Құстарды өзендердiң батпақтың қасында, әсiресе таңертең күн шықпай алдында бағуға болмайды. Простогонимоз дамыған шаруашылықтарда ауру құсты жояды және аналықтардың орнында ұрыққа қалдырылатын балапандарды инвазиядан алыс жаңа жерде өсiредi.

Бақылау сұрақтары:

  1. Простогонимозбен қандай құстар аурады?

  2. Қоздырғышты атаныз?

  3. Аралық және қосымша иелері кім?

  4. Ауру белгілерінің неше сатысы болады?

  5. Диагнозды қалай қояды?

Лабораторлық сабақ 11

Тақырып: Эуритрематоз

Сабақтын мақсаты: Эуритрематоз қоздырушысының қурылысымен, даму циклімен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру.

Қурал-жабдықтар: плакаттар, дымқыл және бояулы препараттар.

Эуритрематоз – Dicrocoeliidae тұқымдасына, Eurytrema pancreaticum туыстығына жататын трематодалармен шақырыланатын қойлардың, ешкілердің, ірі қара малдардың, түйелердің, бұғылардың және сонымен қатар жабайы күйістілердің ауруы. Соңғылары қарын асты безінде және өте сирек бауырда тіршілік етеді.

Қоздырушысы – ұзындығы 13-18 мм және ені 5,5-8,5 мм, екі ірі жақсы дамыған ауыз және құрсақ сорғышы болады. Ендері сопақтау, екі жағында симетриялы орналасқан. Жұмыртқалығы шар тәрізді, құрсақ сорғышының артқы жағында орналасады. Жатыры тармақталған трематодалардың артқы жағында толық орналасқан. Тірі экземплярлардың түсі ашық қызыл.


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет