Реферат Тақырыбы: Ірі қара малдардың кеміктәріздес энцефалопатиясы Орындаған: Насыр А. Тобы: ап-17-8К1



бет1/5
Дата20.01.2022
өлшемі27,77 Kb.
#129548
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Насыр А. Зооантропоноз реф
тәрбие

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

«Аграрлық» факультеті

«Ветеринариялық медицина » кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Ірі қара малдардың кеміктәріздес энцефалопатиясы

Орындаған:Насыр А.

Тобы:АП-17-8К1

Қабылдаған: Абдыкаримова Ш.

Шымкент -2022



Жоспары

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім:

  1. Аурудың тарихы және клиникалық белгілері

  2. Патолого-анатомиялық өзгерістері

  3. Ауруды балау және алдын-алу шаралары

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ірі қара малдардың кеміктәріздес энцефалопатиясы /орыс. Губкообразная энцефалопатия крупного рогатого скота, ағыл. Bovine spongiform encephalitis/- орталық нерв жүйесінің дистрофиялық өзгерістерге ұшырап, малдың өлімімен аяқталатын созылмалы өтетін ауру.
Ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясы немесе "сиырдың құтыруы" сүтқоректілердің трансмиссивті кеміктәріздес энцефалопатиясының тобына жатады.
Ол жәй үдемелі түрде және өліммен ерекшеленетін, басқа да жабайы және үй жануарларында ешкі мен қойдың скрепи, мысықтың, су күзенінің трансмиссивті кеміктәріздес энцефалопатиясы, қашырдың, бұғының, маралдың созылмалы ауруы, адамның Куру ауруы; Крейцтцфельд-Якоб ауруы, Герстманн-Штрейсслер-Шейнкер және семьяның фатальді инсомния синдромы тәріздес созылмалы түрде өтетін приондар тобына жататын індет.
Қазіргі уақытта ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясы скрепи ауруымен ауырған қойлардың ұшаларын өңдеп, ет сүйек ұнына айналдырып ірі қара малды азықтандыру нәтижесінде пайда болған деп есептеледі.
Электронды микроскопиялық зерттеулер бойынша приондар ұзындығы 10-20 нм және ені 100-200 нм іріленген таяқша тәріздес құрылымдар болып табылады. Приондар барлық белгілі дезинфектанттарға және жоғары температураға және басқа да физико химиялық факторлердің әсеріне өте төзімді.
Ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясының инкубациялық кезеңі 2 жылдан 8 жылға дейін созылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет