Ажыратып балау. Құтырықтан, Ауески ауруынан, листериоздан, жұқпалы ринотрахеиттен, уланудан ажырату керек. Емі зерттелмеген. Болжамы әрқашан сәтсіз, өліммен аяқталады. Аурудың алдын алу және қауіпсіздік шаралары: Аурудың алдын алудың негізі, ірі қара малға өлекселерді немесе күйiстелердiң қалдықтарын өңдеп дайындалған ет-сүйек ұнымен азықтандыруға тиым салу болып табылады.Ірі қара малдын кеміктерiздес энцефалопатиясына күдікті малдар өлтіріледі де өлексесі өртеледі. Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес ауру жұққан мал анықталған жағдайда, оны жойып, шаруашылыққа карантин қойылады. Сонан кейін шаруашьшықтағы қалған барлық малды сойып ұшаларын және ішкі құрылыстарымен бiрге ертейді. Миын, қойылған диагнозды гистопатологиялық, иммунохимиялық, электронды микроскопиялық және вестерн блотинг әдістерімен дәлелдеуге қолданады. Ауру малдарды анықтау үшін сояр алдында жасы 6 айдан асқан барлық ірі қара малды, жасына қарамастан қой мен ешкіні жүйелі түрде тексеруден өткізеді. Инкубациялық кезеңі ұзақ және дәл уақытында ауру малдарды анықтайтын серологиялык немесе басқа да әдiстердiң солмауына байланысты аурудың кеңінен таралу қауыпі ұлғаяды.
Осыған байланысты келесi шараларды жүргізу қажет:
1 ірі қара малдын кемiктерiздес энцефалопатиясына күдік болған жағдайларды мiндеттi турде ауданның, каланың мемлекеттік инспекторіне баяндауы тиіс; afa ветеринариялык
2 ветеринариялық қызметкерлер iрi қара малдың кеміктәріздес эцефалопатиясына клиникалық белгілерін анықтай алу керек;
3 диагностикалық қызметтің Еуропалық комиссияның ғылыми ветеринаирялык комитеті Дайындаған стандартталған отырып тестерiн колдана және ірі қара малдын кеміктәріздес энцефалопатиясын клиникалық белгiлерi ұқсас басқада аурулардан ажырата алатынын қамтамасыз ету;
4 аурудың негiзгi берiлу тетігі алиментарлык жол болғандықтан, ауру жұққан мал анықталған жерде, инфекциянын жемшеп арқылы берiлуiн тоқтату. Сондықтан күйісті малдарды, жануарлардан алынған белокты азыктармен азықтандыруға тиым салынады. Мұндай шаралар зоопарктегі және табиғи қорықтардағы жануарларды мал азығымен ауру қоздырушысының берiлуiнен қорғайды. Егер, күйiстi малдардың бас-сирақ, ішек-қарын өнiмдерiн, басқа жануарлардың бас-сирақ, ішек-қарын өнімдерінен, өңдеу кезінде ажырату мүмкін болмаған жағдайда, Еуропалық одақ мемлекеттері қабылдағандай, азықтандыруға тиым салу қажет.
Қорытынды
Ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясы немесе "сиырдың құтыруы" сүтқоректілердің трансмиссивті кеміктәріздес энцефалопатиясының тобына жатады.
Ол жәй үдемелі түрде және өліммен ерекшеленетін, басқа да жабайы және үй жануарларында ешкі мен қойдың скрепи, мысықтың, су күзенінің трансмиссивті кеміктәріздес энцефалопатиясы, қашырдың, бұғының, маралдың созылмалы ауруы, адамның Куру ауруы; Крейцтцфельд-Якоб ауруы, Герстманн-Штрейсслер-Шейнкер және семьяның фатальді инсомния синдромы тәріздес созылмалы түрде өтетін приондар тобына жататын індет.
Қазіргі уақытта ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясы скрепи ауруымен ауырған қойлардың ұшаларын өңдеп, ет сүйек ұнына айналдырып ірі қара малды азықтандыру нәтижесінде пайда болған деп есептеледі.
Электронды микроскопиялық зерттеулер бойынша приондар ұзындығы 10-20 нм және ені 100-200 нм іріленген таяқша тәріздес құрылымдар болып табылады. Приондар барлық белгілі дезинфектанттарға және жоғары температураға және басқа да физико химиялық факторлердің әсеріне өте төзімді.
Ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясының инкубациялық кезеңі 2 жылдан 8 жылға дейін созылады
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2009 ж.
2. В.П.Урбан Практикум по эпизоотологии и инфекционных болезней с ветеринарной санитарией М., 2004 г.
3. . Ибрагимов Р.М. Аллергическая диагностика инфекционных и инвазионных заболеваний сельскохозяйственных животных. Методические указания. Целиноград. 1985.
4. Қасымов Е.И. Індеттану. Оқу құралы. Алматы, 1992
5. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, Астана, 2005 ж., Т.-2
Достарыңызбен бөлісу: |