Реферат Тақырыбы: Ірі қара малдардың кеміктәріздес энцефалопатиясы Орындаған: Насыр А. Тобы: ап-17-8К1


Патологиялық - анатомиялық өзгерістер



бет4/5
Дата20.01.2022
өлшемі27,77 Kb.
#129548
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Насыр А. Зооантропоноз реф
тәрбие
Патологиялық - анатомиялық өзгерістер. Өлексе арықтаған. Мүшелерде ipi қара малдардың кеміктәріздес энцефалопатиясына тән өзгерістер табылмайды. Гистохимиялық зерттеулер кезінде мидың кеміктәріздес зақымдарын қарайды.

Диагностика індеттiк деректерiне, клиникалық және міндетті турде гистохимиялық зерттеулерге қарап қояды. Зерттеуге патматериал болып: сопақша миды, мишықты және мойын бөлігінің жұлының жібереді. Электронды микроскопиялық, иммунды гистохимиялық әдістері және иммуноферментті анализ қолданады.

Ауруға диагноз қоюда эпизоотологиялык деректер, ірі қара малдың кемiктәріздес энцефалопатиясының таралуының негізгі факторы болып, скрепимен ауырған қойлардан дайындалған ет-сүйек ұнын мал азығына қолдану, сондай-ақ клиникалық белгілері есепке алынады.

Зертханада ipi қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясына диагноз кою гистологиялық және иммунологиялық (иммунохимиялық, иммуноферменттік және иммуноблотинг) әдістермен зерттеулер нәтижесінде койылады. Сонымен катар, электронды микроскопиялық әдіс зерттеу нәтижелерін дәлелдеу үшін қолданылады.Ірі қара малдын кемiктәрiздес энцефалопатиясына Диагноз қоюда гистологиялық препараттарда нейрондардың қабынусыз вакуолденген түрлері байкалса он нәтиже алынды деп есептеледі.

Ірі қара малдың кемiктәріздес энцефалопатиясын листериоздан, құтырудан, Ауески ауруынан, жұқпалы ринотрахеиттің жүйкелік түрiнен, зiлдi қызбадан, сондай-ақ фосфорорганикалық, хлорорганикалық, сынапорганикалық қосындыларымен, ЦИНК фосфидiмен, күшәламен, ас тұзымен уланудан ажырату қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет