Ветеринариялық медицина кафедрасы



бет11/11
Дата18.02.2017
өлшемі16,52 Mb.
#9826
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Лабораторлық сабақ 5



Тақырып: Бұлшық ет және терi астылық ценурозы

Сабақтың мақсаты: Дифиллоботриоз қоздырушысының қурылысымен, даму циклімен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру.

Қурал-жабдықтар: Плакаттар.

Бұлшық ет және терi астылық ценурозы - малдын денесiнде iсiктер пайда болады, оларды сойып қарағанда ценурдын ларвоцистоларын табады. Бұл инвазиянын қоздырғышы Cysticercus shrlabini Multiceps multiceps ларвоцистасы, олар иттiн ж/е қасқырдын iшегiнде тiршiлiк етедi.

Аралық иелер - қой, ешкiлер.

Даму циклi иттер (соңғы иелер) ценурлармен зақымдалғанеттi жеп, ал қойлар (аралық иелер) иттермен бөлiнген онкосфераны жұтып зақымдалады.

Ауру белгiлерi көпiршiктiң локализациясына, санына және мөлшерiне байланысты. Екi жасқа жетпеген қойлар ауырады.

Клиникалық белгiлерi көпiршiк үлкеюне байланысты. Малдардың тәбетi төмендейдi, жүдейдi. Көпiршiктер қойдың мойнында орналасқан соң, олар мойнынын енкейтiп

Егер көпiршiктер майды қүрсақ қуысында орналасса қарынның өте үлкеюi байқалады, ал ценурлараяқта болса, ақсақ кей кезде салдану болуы мүмкiн. Ценурды ашқан кезде, жара iрiн инфекциясымен және жақын жатқан ұлпалар өлiеттенген.



Лабораторлық сабақ 6
Тақырып: Церебральді ценуроз

Сабақтың мақсаты: Ценуроз қоздырушысының қурылысымен, даму циклімен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру.

Қурал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар

Ценуроз (айналма) - қой, ешкiлердің ауруы Multiceps multiceps цестоданың Сolnurus cerebrаlis личинка сатысымен шақырылған. Ценурозбен iрi қара, сирек жылқы, шошқа, жабайы күйiсқайыратындар және өте сирек адамда ауырады. Ценурлар мида, сирек жұлында тiршiлiк етедi. Лента сатысында иттiң, қасқырдың, қорсақтың, түлкiнiң және көк түлкiнiң жiнiшке iшектерінде тiршiлiк етедi. Ценуроз мал шаруашылығына өте үлкен экономикалық зиян келтiредi, ал қой жаппай өлуiнен және ауырған малды амалсыз союдан, ауырғаң қойдын ұшалары өте арық болады, сол себебi оларды техникалық утилизацияға жiбередi.

Даму циклi. Дефинитивтiк иелер (шопандардың иттері) эксриментерiмен бiрге жұмыртқаға толған мультицепстiң толық жетiлген мүшелерiн бөледi, олар суға, жерге, шөпке түседi. Жұмыртқалары өте тұрақты және сыртқы ортада көпкедейiн сақталады. Аралық иелер жайлауда шөппен немесе сумен жұмыртқаларды жұтып эақымдалады. Жануардың iшегiнде жұмыртқаларын қабығы және онкосферасы бұзылады, содан кейiн ұрық iлгектерiмен iшектiн қабырғасына енедi. Қан тамырларына түсiп, қанмен бүкiл организмге таралады. Миға немесе жұлынға жетiп, ол iлгектерiн жоғалтып дамуын бастайды, формасы көпiршiк сияқты личинкаға дамиды. Көпiршiк баяу өседi. Бiр айдан соң ценурдың iшiнде сколекстар дамиды, ал содан кейiн iлгектер пайда болады. Инвазиялық ценурларды 3 ай өткенсоң табуға болады. Иттер, қасқырлар, түлкiлер ценурозбен ауырған қойдың миын жеп зақымдалады. Соңғы иелердiң iшегiнде неше көпiршiктi басы болады, соншама паразит дамиды. Иттерде M. multiceps 40-50 күн дамиды, ал күшiктерде бұл цестода тез дамиды.

Эпизоотологиялық деректер. Ценуроз ауруы кең таралған. өте жиi солтүстiк Кавказда, Оралда, Қазақстанда, Орта Азияда, сирек Украинада кездеседі. Ценурозбен 2 жаска толған малдар ауырады, жиi қойлар. Ценуроздан малдар жылдың әрбiр мерзiмiнде өледi. Негiзгi ценурозбен зақымдану көз-шопандардың иттерi. Азықтандыру жақсы болса қойлар және бұзаулар ценурозға бейiмдi болмайды.

Патогенез. Паразиттер капиллярдан шыққан кезiнде және миға енгенде механикалық зақымдайды, тағы өскен ценурлар миды және бас сүйектерiн қысады. Ларвоцисталар көбейгенде қабыну процессi дамиды, ал алғашқыда мидың атрофиясы байқалады. Ми жарты шары үстiнде орналасқан ценурлар бас сүйегiн атрофияға келтiредi. Ценур сұйықтығында болады, олар қанға енiп улануды шақырады. Бас сүйектiң iшкi қысымы көтерiледi, ол ценурозға байланысты. Сол себептi ценурды алып тастаса қойдың жағдайы жақсарады.

Иммунитет. Ценурозда иммунитет жасқа байланысты, сондай-ақ қойларда жеке иммунитет болады, сол себептi M. multiceps жұмыртқаларын жыртқан қойлар барлығы зақымданып ауруы мүмкүн емес. Қозылар ауруға өте бейiмдi.

Клиникалық белгiлер. Көпiршiк мидың қандай бөлiгiнде тiршiлiк еткенiн, көпiршiктiң санынан және олардың мөлшерiнен, тағы да малдың физиологиялық жағдайынан тұрады. Ценуроздың 3 сатысы бар:


1 сатысы. 6 iлгектi ұрық қой iшегiнен миға түседi. Қойлар кейбір жағдайда қөзды немесе жабырқайды.

2 сатысы. Ценур өте баяу өседi, ол 6-айға созылады. Клиникалық белгiлер көрiнбейдi.

3 сатысы. Жалпы жағдайы нашарланады, малдардың тәбетi төмендейдi, қозғалу координациясы бұзылады. Кейбiр қойларда толық немесе жартылай көру бұзылады. Бас терiсiнiң сезiмдiлiгі жоғалады, мал азықтанудан қалады, жүдейдi, әлсiзденедi, 1-2 айдан соң өледi. Мида бiр ценур болса, осындай клиникалық белгiлер болады. Жұлын зақымдалады мал тәлтiректеп жүредi, артқы аяқтардың толық салдануы пайда болады, ал терiсi сезiмдiлiгін жоғалтады.

Патанатомиялық өзгерiстер. Сойып қарағанда қойдың миында бiр немесе бiрнеше көпiршiктер табылады. Ми қысылған, сол себептi нерв торшаларының бұзылуы және өлу, содан кейiн бас сүйегiнiң атрофиясы байқалады.

Диагнозді клиникалық белгiлерi арқылы қояды. Перкуссия арқылы бас сүйектерiн зерттейдi, ценур орналасқан жерде өтпес дыбыс шығады. Пальпация арқылы бас сүйектерiнiң жұқаруы және майысуы бiлiнедi.

Тағы да эпизоотологиялық деректерді ескеру керек: ауырған малдың жасын, ауру мерзiмiн. Ажырату диагностикасы: Ценурозды эстроздан ажырату керек. Бұл ауру өте кең тараған. Эстрозбен барлық жастағы қойлар ауырады. Эстроз ауруында мұрын қуысынан кілегей, iрiң және қан бөлiнедi, кейiн олар қотырланады,қиналып демалады. Одан басқа паразитарлық ауру iшiнен сетариоз, эхинококкоз, жеке жағдайда - мониезиоз ауруларын, инфекциядан-листериоз (орталық жүйке жүйесі зақымдану), құтұрық, брадзот, Ауески ауруынан, жұқпалы емес ауруларынан - азықпен уланудан және кейбiр химиялық заттардан, Авитаминоз және минералдық, орта жүйке жүйесiнiң бұзылуынан, жарақаттанудан ажырату керек,.

Емi. Оперативтi.

Алдын алу шаралары. Қой ценуроз ауруына қарсы вакцина еңгізу керек.



НЕМАТОДАЛАР ЖӘНЕ НЕМАТОДОЗДАР

Нематодаларда негізінен ұзынша ұршық тәрізді денесі болады. Тетрамерес аналықтар денесінің пішіні шар-овал сияқты келеді. Нематодалардың ұзындығы 1 мм-ден 1 м-ге дейін болады. Нематоданың денесі сыртынан кутикуламен қапталған, оның астындағы эпителиальді және бүлшықетті қабаттары тері-бүлшықты қапшықты құрайды, соның қуысында барлық ішкі мүшелері орналасады.

Нематодалар – бөлек жынысты гельминттер. Аталықтар аналықтармен салыстырғанда, ереже түрінде, кішкентай болады. Доңгелек құрттар имаго және личинка сатыларында өз иелерінің әртүрлі мүшелерінде және үлпаларындамекендейді. Оларда төрт: жүйке, бөлу (экскреторлық), асқорыту және жыныс жүйесі болады.

Жүйке жүйесі құрделі және көп санды ганглийлардан турады, өнештің манында жүйке сакинасын құрайды, сол жерден алға және артқа қарай жүйке бағанасы басталады.

Бөлу (экскреторлық) жүйесі дененің артқы жағында екі латеральді каналдардары мен білінеді және экскреторлық тесікпен вентральді бетінде бітеді.

Асқорыту жүйесі ауыз тесігімен басталады, олардың мөлшері, пішіні, еріңдер саны әртүрлі, өнешпен жалғасып ішекке айналады да, ішек анусы мен бітеді.

Еріндердің саны әртүрлі: аскаридата тұқымдасында үш ерін, ал спирурата тұқымдасында - екі ерін болады. Кейбір гельмиттерде ерін бүкіл болмайды, ал ауыз тесігі сезімдік емізіктермен қапталған (стронгилята, филяриата). Ауыз тесігі ауыз куысына келтіреді, онын ішінде кескіш пластинкалары мен тістері бар. Әртүрлі нематода өнешінің пішінінде және құрылысында айырмашылығы болады. Өнештің артқы жағында шар тәрізді кенею – бульбус болады.

Аталықпен аналықтың жыныс жүйесі трубка тәрізді. Аналық жыныс мүшелері екі иілінген жұмыртқалықты екі жатырмен трубка тәрізді яйцепроводпен бірлестіреді. Шағылысқан жұмыртқалар жатырға түседі, соның ішінде жұмыртқаның қабығы құрылады да эмбрион дамиды. Жатыр вагина мен бірігеді. Вульва дененің алдынғы, ортанғы немесе артқы жағында ашылады.

Аталықтың жыныс жүйесі бір енімен (жінішке иілген трубка)
Лабораторлық сабақ 6
Тақырып: Жылқы оксиурозы

Сабақтың мақсаты: Оксиуроз қоздырушысының қурылысымен, даму циклімен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру.

Қурал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар

Жылқы оксиурозы Oxyuridae тұқымдасына жататың нематоданың Oxyuris egui қоздырушысымен шақырлады, жануарлардың үлкен бүйен ішегінде паразиттейді. Асқорыту жолының қызметі бұзылуымен және құйрық манындағы тері зақымдалуымен (зачес хвоста) білінеді. Жылқыдан басқа оксиурозбен тағы біртұяқтылар – есектер, зебралар. Оксиуроз бүкіл жерде кездеседі.

Қоздырғыш. Ауыз қуысы алты шетті, қысқа ауыз капсуласына (кеңірдекке) ашылады, алты ерінмен қапталған. Өнештің артқы жағында бульбус орналасады. Аталықтың ұзындығы 6 – 15 мм. Құйрығы жалпақ, бір жінішке өткір спикуласы болады, рулегі жоқ.

Аналықтын ұзындығы – 18 мм дейін жетеді, жуан, бас жағы қысқа, құйрығы жінішке, ұзын, вульва дененің алдынғы жағында орналасқан. Жұмыртқалардың мөлшері 0,085 – 0, 099 х 0,040 – 0,045 мм, түссіз, жартылай мөлдір, асимметриялы, полюстін бір шетінде – «тығын» сияқты болады. Жұмыртқалар салар кезіне қарай инвазиялық сатысына жетілген болады.



Даму циклi. Дамуы аралық иесіз өтеді. Шағылысқаннан кейін аталықтар өледі, ал аналықтарда жұмыртқалар құрылып піседі. Жұмыртқаларға толған аналықтар нәжіспен бірге сыртқа шығады, жартсы жерге түседі де жұмыртқаларың нәжістің үстіне салады, ал жартсы құйрық астының кілегей қабаты қыртыстарында үсталып қалады. Перианальді қыртыстар арасында жұмыртқаларың салады. Жұмыртқаларын салып болғасын аналықтар өліп қалады. 2 – 3 күн өткесін олардың ішінде личинкалар дамиды, содан жұмыртқалар инвазиялы болады. Нәжістің үстіндегі аналықтары 1 - 2 минуттен кейін жұмыртқаларды сала бастайды. Жылқылар оксиурозбен инвазиялық жұмыртқаларды жұтып зақымдалады. Ішекке түскен жұмыртқалардан личинкалар шығады, 3 – 4 апта өткесін толық жынысты паразиттерге жетеді.

Эпизоотологиялық деректер. Оксиурозбен көбісіне бір жасқа толмаған құлыншақтар және кәрі жылқылар аурады. Дымқыл, лайлы қоралар, толық емес азықтандыру оксиурозды таратуға жол береді. Жиі жылқылар азықты жерден жегенде тез зақымдалады, ауру жылқылардың саны қыс – көктем мерзімінде (қараша айынан бастап мамыр айына дейін) жиі білінеді.

Патогенез. Ішектің жуан бөлімінде оксиуристардың көп саны жиналып кілегей қабатың жарақаттайды, токсиндерді бөледі. Сондықтан, ішекте катаральді қабыну дамиды. Перианальді қыртыстар аумағында аналықтар және олармен бөлінген жұмыртқалар қышыма тұдырады. Сол нәтиже арқылы құйрық аумағында дерматиттер пайда болады.

Диагнозді клиникалық белгiлерi және перианальді қыртыстарынан қырынды алып қояды.

Емi. Оксиуроз кезінде эффективті препарат пиперазиннін тұздары: адипинат, фосфат немесе сульфат. Препаратты дымқыл жемғе көсып береді, дозасы 0,1 г/кг, екі рет, интервал бір тәулік.

Шетелдің эффективті препараты: 20 % -тық тетрамизол грануляты, 10% - тық мебенвет грануляты.


Алдын алу шаралары. Таза емес шаруашылықта барлық жылқыларға 3 - 4 рет, 1 – 1,5 ай сайын дегельминтизация жасайды, ол үшін пиперазин қолданады. Ауру жылқыларды бөледі және емдейді. Жұмыртқаларды таратуына тым салу үшін құйрық астын және манайын бор қышқы ерітіндісінде суланған тампонмен сүртеді.

Тақырыбы: Шошқа аскаридозы
Шошқа аскаридозы - Ascaridae тұқымдасына, Ascaridata подотрядына жататың дөңгелек құрттармен шақырылады. Қоздырушы ащы ішекте және бауырдың өт жолдарында мекендейді.

Қоздырушы – Ascaris suum – ірі ұршық тәрізді нематода. Аталықтардың ұзындығы 10-25 см, аналықтардың 20-40 см жетеді. Ауыз қуысының үш еріні болады шеттері өткір тістерімен қапталған. Аталықтарының екі қысқа, ұзындығы бірдей спикуласы болады. Жұмыртқалары сопақша келген, мөлшері (0,06-0,08)х(0,04-0,05) мм, қабығы жуан, бұдырлы, қоныр түсті.

Даму биологиясы. Аскаристар - геогельминттер, иенің ағзасында тік жолмен дамиды. Толық жынысты аналықтар бір тәулікте 200 мың жұмыртқаға дейін салады, олар нәжіспен бірге сыртқы ортаға шығады. Температура 24-26ºС және дымқыл болған кезінде жұмыртқада 21-28 тәулікте инвазиялық сатысына дейін личинка дамиды. Шошқалар инвазиялық жұмыртқаларды азықпен немесе сумен жұтып зақымдалады. Шошқаның ішегінде жұмыртқалардан личинкалар шығып қан тамырларға енеді. Қақпақ вена арқылы бауырға, содан кейін қуысты вена арқылы – оң жақ жүрекшеге түседі. Оң жақ жүрекшеден өкпеге, ұсақ капиллярларға, альвеолаға, бронхиолаға, бронхтарға барады да, кілегеймен қосылып ауыз қуысына түсіп жұтылады. Ішекке түскен личинкалар 1,5-2,5 ай ішінде толық жыныс гельминттерге жетеді. Нематодалардың тіршілік ұзақтығы 4-10 айға тең.

Эпизоотологиялық деректер. Аурудың тарату көзі – уақытында дегельминтизацияны өтпеғен ересек шошқалар. Негізінен зақымдалу залалсызданған шошқа қорасында өтеді, шошқа торайлары аскарида жұмыртқаларын азықпен және сумен жұтып зақымдалады. Дұрыс азықтандырмау (әсіресе витамин А және В жетіспеуі) торайлар ауруларының таралуына әкеп соқтырады. Аскарида личинкаларының көп саны олардың организмінде жиналады, сондықтан жауын құрттар резервуар болып саналады. Аскарида жұмыртқалары сыртқы ауа райының шарттарына өте тұрақты және өмір қабілеттігін 2 жылға дейін сақтайды (адамның аскарис жұмыртқалары 6 жылға дейін сақталады).

Шошқа аскаридозымен зақымдалуы жылдың мерзіміне де байланысты.



Патогенез және иммунитет. Патогенез аскаридоз кезінде паразиттің даму биологиясына байланысты. Личинкалар ішек-бауыр-жүрек-өқпе-ішек схема бойынша миграция жасаған кезде ұсақ тамырларды, мүшелерді және үлпаларды зақымдап, қабыну процесстерді және қан құйылуды тудырады. Миграция жасаған кезде личинкалар үлпалық паразиттер болып саналады, бірнеше рет түлейді, өсіп дамиды, метаболизм өнімдерің бөліп шығарады, паразиттердің жартсы өліп қалады. Осы нәтижеден аллергия дамиды. Толық жетілген аскаристар ащы ішектің кілегейін механикалық зақымдап, кейбір кезде бекітеді немесе қабырғасын жарады. Аскаридалар бауырдың өт жолдарына жылжиды да өттін ағымын қинатады. Осы арқылы зат алмасудың, орталық жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады, жартылай салдану және тырысу байқалады.

Жануардың жасы қосылуымен жүре пайда болған иммунитет төмендейді.



Ауру белгілері. Паразиттің даму сатысына қарай аурудың жіті (миграциондық) және созылмалы (ішектік) түрі болады. Аурудың жіті түрінде аллергия және бронхопневмония, жүйке құбылыстары (жартылай салдану, тырысулар), тіс қайрау, аяқтардың, қарынның бөлек бүлшықеттерінің дірілдеуі, тепе-тендік бұзылуы, жөтел (басында құрғақ, содан кейін дымқыл), жиі бетті дем алу белгілері білінеді. Дене температурасы көтеріледі. Торайлар төсеніш астына тығылып өлімге бас тартады. Торайлардың терісінде 5 - 6 тәуліктен кейін ұсақ, шеттері қара немесе қоныр бұртпелер, папулалар пайда болады.

Инвазияның созылмалы түрінде тәбеті төмендейді, ішек-қарын жолының қызметі бұзылады, жануарлар тез жүдейді (заморыш теп атайды). Ересек шошқаларда ауру белгілері көзге көрінбейді.



Патологоанатомиялық өзгерістер. Ларвальді аскаридоз кезінде өзгерістер бауырда әқ дәкті түрінде және өқпеде қан құйюлылар білінеді. Аурудың бірінші күндерінде өқпеде ұсақ әқ дәктар және нүқте қан құйюлылар пайда болады. Сонында өқпе қара-қызыл түсті болады. Инвазияның имагинальді түрінде бекітілу және жарылуы байқалады. Ащы ішекте катаральді энтерит және ішек қабырғасының атрофиясы байқалады. Өлекселер арық, ісінген және терісінде бұртпелер бар.

Диагнозды кешенді түрде инвазияның барысын есепке алып қояды. Жіті аскаридозға соңғы диагнозды қою үшін өлексенің өқпесің кесіп жылы суда үсақтап Берман әдісімен зерттейді. Аскарис личинкаларың табады. Аскаридоздың созылмалы түрің анықтау үшін нәжисті Фюллеборн әдісімен зерттейді. Ашып қараған кезде гельминттерді және ащы ішектің катаральді қабынуын байқайды.

Емдеу үшін пиперазин, нилверм, фенбендазол (панакур), фебантел (ринтал) және т.б. қөлданады.



Алдын-алу және қүресу шаралары. Аскаридозға қарсы шошқаларды қүту технологиясын және ауру барысының ерекшеліктері ауа райы-географиялық жағдайларына байланысты есепке алып шараларды өткізеді. Таза емес шаруашылықтарда мамыр айынан желтоқсан айына дейін 35 күн жасынан бастап торайларға преимагинальдік дегельминтизация өткізеді: бірінші рет 33-40 тәулік жасында; екінші рет 50-55 тәулікте және үшінші рет 90 тәулік жасында: желтоқсаннан бастап мамыр айына дейін: бірінші рет 50-55 тәулікте, екінші рет -90 тәулікте.

Әрбір төлдеудің алдында шошқа аналықтарының қораларына дезинфекция жасайды, ол үшін ксилонафтың 10-%-тық (70-80º) су эмульсиясың (экспозициясы 3 сағат), едкий натрдың немесе калидың 5-%-тық ерітіндісің (70-80º) қолданады, (экспозициясы 6 сағат).


Лабораторлық сабақ 6
Тақырып: Қоян пассалурозы

Сабақтың мақсаты: Пассалуроз қоздырушысының қурылысымен, даму циклымен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру.

Қурал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар

Oxyuridae тұқымдасына жататың нематоданың Passalurus ambiguous қоздырушысымен шақырланатың ауру.



Лабораторлық сабақ 6
Тақырып: Күйістілер диктиокаулезі

Сабақтың мақсаты: Диктиокаулез қоздырушысының қурылысымен, даму циклымен, диагноз қою әдістерімен таныстыру.

Қурал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар

Диктиокаулез немесе өкпе қыл кұрт ауруы мал мен көптеген жабайы жануарлардың аса қауіпті жіті және созылмалы түрде өтетін ауруы.



Қоздырғышы және оның биологиясы. Ауру қоздырғышының бірнеше түрі бар. Ірі қарада Диктиокаулюс вивипарус, қой-ешкіде — Д. филария (бұл құрт түйе мен ірі қарада да кезде-седі), жылқы, есек, қашырларда — Д. арнфиелди, түйеде — Д. камели, марал-бұғыларда — Д. еккерти. Қыл құрттары жа-нуарлардың өкпе, бронхылар, трахеясында тоғышарлық тірші-лік етеді.

Олар — ақ, ақшыл сары жіп тәріздес жұмыр кұрттар. Ер-кек-ұрғашысы бар, денесінің ұзындығы 12 сантиметрге дейін жетеді.

Диктиокаулюс кұрттары бронхыларда ішінде ұрығы бар жұмыртқа табады. Олар тыныс жолының кілегей-шырынымен кеңірдекке, одан көмекей, ауызға түсіп, мал жұтынған кезде ас қорыту жүйесіне етеді. Бұл жүйеде жұмыртқа қабықшасьш жарып шығып қүрт личинкасы мал нәжісімен сыртқы ортаға тарайды. Содан кейін олар екі рет түлеп, зарарландырғыш ұрықтың үшінші сатысына айналады. Міне, осындай диктио-каулюс ұрықтарын шөп, сумен қоса жұтып қойған мал дик-тиокаулезге шалдығады. Қыл құрттар мал екпесінде бірнеше айдан аса, тіпті жыл бойы тіршілік етеді.

Эпизоотологиясы. Диктиокаулез республикамыздың барлық ірі қара және қой өсіретін шаруашылықтарында да кездеседі. Инвазия таулы өлкелерде, ылғалы мол, сулы жайылымдық жерлерде малға өте көп жұғады. Сонымен қатар далалы жа-йылымдарда, тіпті шөлейт аймақтарда да екпе қыл құрты ауруы кең тараған.

Ауруды екпесінде қыл күрты бар сақа мал таратады. Олар ерте кектемде еріске шыққанда құрт ұрығы жерге түсіп, 3— 7 күн ішінде зарарландырғыш сатысына айналады. Міне, осын-дай ұрықтарды шөппен, не сумен қоса жүтқан мал, әсіресе төл диктиокаулезге шалдығады. Ауру әр аймақта, әр маусым-да түрліше өтеді. Мысалы биік таулы, тау етегіндегі аудан-дарда ауру август-сентябрь айларында тел арасында жіті түр-де ершиді. Ал республикамыздың малын су басқан шалғын-ды жайылымда бағатын батыс облыстарында мал диктиокау-лездің жіті түрімен жаз ортасында ауырады. Мал елім-жітімге көбінесе күзде ұшырайды. Диктиокаулюс личинкаларымен зарарлану біртіндеп кебейе берсе, мал созылмалы диктиокаулезге шалдығады. Бұл ауру қыс аяғы мен ерте кектемде ете жіті түрде өршиді.

Диктиокаулездің кеп уақытқа дейін айқын білінбей (жасы-рын түрде) ершуінің эпизоотологиялық маңызы бар. Осы жайт аурудан сақтандыру шараларын белгілеген кезде нақты ескерілуі тиіс.

Аурудың өршуі және оның белгілері. Құрт личинкалары азықпен малдың ас қорыту жүйесіне түскен соң, ащы ішектің кілегейлі қабатына еніп, жарақаттайды да, одан сөл безі жү-йесі (түтікшелері) арқылы жүрек-қан айналу жүйесіне ауысады. Жүректен олар қан тамырлары арқылы екпеге етеді. Өкпенің ұсақ қан тамырларын, альвеол, бронхы қабаттарын зақьімдап, ұсақ бронхылардың ішіне енеді. Личинкалардың жарақаттауы салдарынан осы органдар қанталайды, қабынады. Ондай зақьшдалған жерлерге личинкаларға ас қорыту жүйе-сінен ілесе келген әр түрлі жұқпалы ауру коздыратын микроб-тар, вирустар диктиокаулезді асқындырады. Ауруды емдеп жазу қиынға соғады.

Зарарландырғыш личинкалар мал организміне бірден кеп түссе ауру жіті түрде етеді. Ауруға шалдыққан малдың жалпы күйі төмендейді, 1—2 аптадан соң жөтеледі, іші етеді, денесінің қьізуы кетеріледі, аузынан; танауынан кілегейлі сұйық ағады, жөтел күн өткен сайын күшейе түседі, мал қатты арықтайды, ақыр соңында еліп қалады.

Созылмалы түрде ететін диктиокаулездің айқын белгілері білінбейді. Малдың күйі біртіндеп темендеп, жөтеледі, қыс аяғында не ерте кектемде сақа қыл құрттар екпе бронхыла-рын бітеп, мал шығынға кептеп ұшырайды.

Диктиокаулездің өршуі қой телдету маусымына сай келген жағдайда ауру қатты асқынып, мал арасында шығын кеп болатын жайттар республикамызда кездесіп отырады.

Ауруды анықтау. Диктиокаулезді анықтауда эпизоотологиялық деректер, аурудың сыртқы белгілері және гельминто-логиялық зерттеу әдістері пайдаланылады.

Тірі малдан өкпе құрты ауруын анықтауда Вайда (қойдан), Берман (барлық малдан), Котельников пен Хреновтың экс-пресс-анықтау әдістері мен басқа да әдістер қолданылады. Бұлардың негізгі принципі бірдей. Ол — мал нәжісінен күрт личинкасын іздеп табу. Берман әдісінде бір елшем (3—5 г) мал нәжісін шүмегі резинамен бекітілген сүзекілі воронкаға са-лып, үстіне су қүяды да бірнеше сағат (қой кұмалағын 1—3, сиыр нәжісін 10—12 сағат) қойып қояды. Осы мерзім өткен соң воронкадағы су тұнбасының астыңғы белігін Петри табақ-шасына аздап құйып алады да, микроскоппен күрт личинкасын іздестіреді. Қотельников пен Хренов әдісінде бір өлшем мал нәжісін центрифугамен (айналдырғыш) су құйылған пробир-када айналдырып, личинканы нәжістен бөліп алады.

Қой диктиокаулезін анықтауда ең оңай әдіс — Вайда әдісі. Ол үшін кішкене шыныға 2—3 жас құмалақ салып, үстіне 2—3 таміпы су тамызады да 30—40 минуттай қойып қояды. Содан кейін құмалақтарды алып тастап, шыныдағы тамшы қалды-ғынан диктиокаул ұрығын іздейді.

Өлген малдың өкпесін, бронхылары мен кеңірдегін жарып тексергенде екпе қыл құрттарын табу оңай. Егер екпеде қан-талау, қабыну белгілері айқын болғанымен, бронхыларда қыл кұрттар табылмаса, екпені ұсақтап кесіп, Берман әдісімен нә-жіс тексергендей етіп зерттейді. Осы әдіспен әлі жетілмеген өте ұсақ қыл құрттарын табуға болады. Бұл әдіс әсіресе ауруды жіті, өте жіті түрде өршіген кезінде анықтау үшін қолда-нылады.



Емі. Диктиокаулезге қарсы панакур (5—10 мг/кг таза дәрі есебінде), нилверм немесе оның ^Ьрнына тетрамизол (10— 15 мг/кг), мебенвет (0,1—0,2 к/кг) және көп жылдардан бері мал дәрігерлігі жұмысында /қолданылып жүрген дитразин, цитрат, локсуран (Венгрия дәрісі), йодтың судағы ерітіндісі пайдаланылады. Осы дәрілердің ішінде панакур, нилверм, (ме-бенвет антгельминтиктерін қолданған өте тиімді. Олар жетіл-меген (аса зиянды) және сақа құрттарды түгелге жуық жояды. Ал соңғы дәрілерді қолдану техникасы мал дәрігерлігі қызмет-керлеріне бұрыннан белгілі жайт.

Аурудан сақтандыру шаралары. Сақтандыру үшін мүмкін-шілігіне қарай өрісті 5—6 күн сайын жаңғыртып, ауыстырып пайдаланғаннаң дұрысы жоқ. Сонымен қатар барлық малды ерте кектемде және күз-қыс айларында аурудан сақтандыру мақсатында жоғарыда аталған дәрілердің бірімен дегельмин-тизациялау да жақсы нәтиже береді. Жаз-күз айларында дик-тиокаулез жіті түрде ершитін аймақтарда телді 2—3 рет де-гельминтизациялайды. Бұл жағдай аурудың алдын алып, оны болдырмауға мүмкіндік туғызады.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. Абуладзе К. И. Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. М. Колос, 1975. – 472 с.

  2. Абуладзе К. И. Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. М. Колос, 1982. – 496 с.

  3. Абуладзе К. И. Практикум по диагностике инвазионных болезней сельскохозяйственных животных. М. Колос, 1984. – 256 с.

  4. Дьяконов Л. П. и др. Паразитарные болезни сельскохозяйственных животных. М. Агропромиздат, 1985. – 383 с.

  5. Кадыров Н. Т. Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. Астана, 2000. – 560 с.

  6. Кадыров Н. Т. Посмертная диагностика паразитозов животных. Целиноград, 1992. – 95 с.

  7. Кожабеков З. К. Мал аурулары. Алматы. Кайнар, 1989. – 384 б.

  8. Котельников Г. А. Гельминтологические исследования животных и окружающей среды. М. Колос, 1984. – 208 с.

  9. Орлов И. В. Практикум по ветеринарной паразитологии. М. Издательство с./х. литературы. 1962. – 318 с.

  10. Потемкина В. А. Гельминтозы домашних птиц. М. 1960. – 235 с.

  11. Старченков С. В. Болезни мелких животных. Санкт-Петербург, 1999. – 509 с.

  12. Федоров К. П. и др. Основы общей и прикладной ветеринарной паразитологии. Новосибирск, 2004. – 1044 с.



Тәжірибелік сабақтардың жоспары
Тақырып: 1 Гельминтоздардың өлгеннен кейін диагностика әдістері

Мақсаты: Студенттерді гельминтоздардың өлгеннен кейін диагностика әдістерімен таныстыру

1 Өлгеннен кейін диагностика түрлері

2 Өлгеннен кейін диагностика әдістері


Әдебиеттер: 5, с. 36-49; 11, с. 3-40; 10, с. 6-10; 8, с. 6-8.

Бақылау сұрақтары:

1 Өлгеннен кейін толық диагностикасы

2 Өлгеннен кейін толық емес диагностикасы

3 Өлгеннен кейін толық диагностика манызы
Тақырып: 2 Гельминтоздардың арнайы диагностика әдістері

Мақсаты: Студенттерді гельминтоздардың арнайы диагностика әдістерімен таныстыру

1 Гельминтоздардың тірі кезіндегі диагностика әдістері

2 Гельминтоздардың арнайы диагностика әдістері


Әдебиеттер: 5, с. 36-49; 11, с. 3-40; 10, с. 6-10; 8, с. 6-8.

Бақылау сұрақтары:

1 Арнайы диагностика әдістері

2 Арнайы диагностика әдістерінің көлдану кездері

3 Арнайы диагностика әдістерінің манызы
Тақырып: 3 Трематода морфологиясы, биологиясы, диагностикасы

Мақсаты: Студенттерді трематодалардың морфологиясы, биологиясы, диагностикасымен таныстыру

1 Трематодалардың морфологиясы, биологиясы

2 Трематодаларға диагноз қою әдістері


Әдебиеттер: 5, с. 46-48; 11, с. 3-40; 10, с. 6-10; 8, с. 6-8.

Бақылау сұрақтары:

1 Трематода құрттардың қандай түріне жатады

2 Трематодалардың морфологиясы және биологиясы

3 Трематодаларға диагноз қою әдістері
Тақырып: 4 Дикроцелиоз

Мақсаты: Студенттерді дикроцелиоз ауруымен, көздырушымен, диагноз қою әдістерімен таныстыру

1 Дикроцелиоз қөздырушының морфологиясы және биологиясы

2 Дикроцелиозға диагноз қою әдістері

Әдебиеттер: 5, с. 36-49; 11, с. 3-40; 10, с. 6-12; 8, с. 6-8.

Бақылау сұрақтары:

1 Дикроцелиоз қөздырушының түрі

2 Малдың қандай түрлері зақымдалады

3 Дикроцелиздың аралық, қосымша, соңғы иелері
Тақырып: 5 Тенуикольді цистицеркозі

Мақсаты: Тенуикольді цистицеркоз ауруымен, көздырушысымен, диагноз қою әдістерімен таныстыру

1 Тенуикольді цистицеркоз қөздырушының морфологиясы және биологиясы

2 Тенуикольді цистицеркозға диагноз қою әдістері


Әдебиеттер: 5, с. 36-49; 11, с. 3-40; 10, с. 6-10; 8, с. 6-8.

Бақылау сұрақтары:

1 Тенуикольді цистицеркоз қөздырушысының түрі

2 Малдың қандай түрлері зақымдалады

3 Цистицеркоздың аралық, соңғы иелерің атаныз
Тақырып: 6 Авителлиноз

Мақсаты: Студенттерді авителлиноз ауруымен, көздырушымен, диагноз қою әдістерімен таныстыру

1 Авителлиноз қөздырушының морфологиясы және биологиясы

2 Авителлиноз диагноз қою әдістері

Әдебиеттер: 5, с. 36-49; 11, с. 3-40; 10, с. 6-10; 8, с. 6-8.

Бақылау сұрақтары:

1 Авителлиноз қөздырушысың атаныз

2 Авителлиналар қай жерде мекендейді

3 Малдың қандай түрлері зақымдалады және аралық иелерің атаныз
Тақырып: 7 Дипилидиоздар

Мақсаты: Студенттерді дипилидиоз ауруымен, көздырушымен, диагноз қою әдістерімен таныстыру

1 Дипилидиоз қөздырушының морфологиясы және биологиясы

2 Дипилидиозға диагноз қою әдістері

Әдебиеттер: 5, с. 36-49; 11, с. 3-40; 10, с. 6-10; 8, с. 6-8.

Бақылау сұрақтары:

1 Дипилидиоз қөздырушысың атаныз

2 Дипилидиоз қоздырушылары қай жерде мекендейді

3 Жануарлардың қандай түрлері зақымдалады
Тақырып: 8 Цестодоздары

Мақсаты: Студенттерді цестодоздармен ауруымен, көздырушымен, диагноз қою әдістерімен таныстыру

1 Цестодоздар қөздырушының морфологиясы және биологиясы

2 Цестодоздарға диагноз қою әдістері

Әдебиеттер: 5, с. 36-49; 11, с. 3-40; 10, с. 6-10; 8, с. 6-8.

Бақылау сұрақтары:


Тақырып: 9 Жылқы параскариодозы

Мақсаты: Студенттерді параскаридоз ауруымен, көздырушымен, диагноз қою әдістерімен таныстыру

1 Параскаридоз қөздырушының морфологиясы және биологиясы

2 Параскаридозға диагноз қою әдістері

Әдебиеттер: 5, с. 36-49; 11, с. 3-40; 10, с. 6-10; 8, с. 6-8.

Бақылау сұрақтары:

1 Параскаридозбен малдың қандай түрі аурады

2 Жылқылардың қандай жасы өте бейімді

3 Параскаридалар қайда параиттейді
Тақырып: 10 Гетеракидоз

Мақсаты: Студенттерді гетеракидоз ауруымен, көздырушымен, диагноз қою әдістерімен таныстыру

1 Гетеракидоз қөздырушының морфологиясы және биологиясы

2 Диагноз қою әдістері


Әдебиеттер: 5, с. 36-49; 11, с. 3-40; 10, с. 6-10; 8, с. 6-8.

Бақылау сұрақтары:

1 Гетеракидозбен қүстын қандай түрі аурады

2 Қүстың қандай жасы өте бейімді

3 Өлгеннен кейін гетеракидозға диагнозды қалай қояды
Тақырып: 11 Альфортиоз деляфондиоз

Мақсаты: Студенттерді жылқылар ауруларымен, көздырушыларымен, диагноз қою әдістерімен таныстыру

1 Жылқылар ауруларының қөздырушылар морфологиясы және биологиясы

2 Диагноз қою әдістері


Әдебиеттер: 5, с. 36-49; 11, с. 3-40; 10, с. 6-10; 8, с. 6-8.

Бақылау сұрақтары:

1 Альфортиоз деляфондиоз ауруларымен малдың қандай түрлері аурады

2 Жылқылардың қандай жасы өте бейімді

3 Паразиттердің локализациясы
Тақырып: 12 Протостронгилездар

Мақсаты: Студенттерді протостронгилез ауруларымен, көздырушыларымен, диагноз қою әдістерімен таныстыру

1 Ауру қөздырушыларының морфологиясы және биологиясы

2 Протостронгилезге диагноз қою әдістері


Әдебиеттер: 5, с. 36-49; 11, с. 3-40; 10, с. 6-10; 8, с. 6-8.

Бақылау сұрақтары:

1 Протостронгилездар ауруларымен малдың қандай түрлері аурады

2 Шошқалардың қандай жасы өте бейімді

3 Паразиттердің локализация жері
Тақырып: 13 Жылқы онхоцеркозы

Мақсаты: Студенттерді онхоцеркоз ауруымен, көздырушысымен, диагноз қою әдістерімен таныстыру

1 Ауру қөздырушыларының морфологиясы және биологиясы

2 Онхоцеркозге диагноз қою әдістері


Әдебиеттер: 5, с. 36-49; 11, с. 3-40; 10, с. 6-10; 8, с. 6-8.

Бақылау сұрақтары:

1 Онхоцеркоз ауруымен малдың қандай түрлері аурады

2 Жылқылардың қандай жасы өте бейімді

3 Паразиттердің локализация жері

4 Тасымалдаушыларды атаныз


Тақырып: 14 Ірі қараның бабезиозы

Мақсаты: Студенттерді бабезиоз ауруымен, көздырушысымен, диагноз қою әдістерімен таныстыру

1 Ауру қөздырушыларының морфологиясы және биологиясы

2 Бабезиозге диагноз қою әдістері


Әдебиеттер: 5, с. 36-49; 11, с. 3-40; 10, с. 6-10; 8, с. 6-8.

Бақылау сұрақтары:

1 Бабезиоз ауруымен малдың қандай түрлері аурады

2 Бабезиоз ауруы Қазақстанның қай облыстарында кездеседі

3 Паразиттердің қай жерде мекендейді

4 Тасымалдаушыларың атаныз



Тақырып: 15 Құс эймериозы

Мақсаты: Студенттерді эймериоз ауруымен, көздырушысымен, диагноз қою әдістерімен таныстыру

1 Ауру қөздырушыларының морфологиясы және биологиясы

2 Эймериозга диагноз қою әдістері


Әдебиеттер: 5, с. 36-49; 11, с. 3-40; 10, с. 6-10; 8, с. 6-8.

Бақылау сұрақтары:

1 Эймериоз ауруымен малдың қандай түрлері аурады

2 Эймериоз ауруы малдың қай жерде кездеседі

3 Паразиттер қай жерде мекендейді
Тақырып: 16 Түйе су-ауру

Мақсаты: Студенттерді эймериоз ауруымен, көздырушысымен, диагноз қою әдістерімен таныстыру

1 Ауру қөздырушыларының морфологиясы және биологиясы

2 Су-ауруға диагноз қою әдістері


Әдебиеттер: 5, с. 36-49; 11, с. 3-40; 10, с. 6-10; 8, с. 6-8.

Бақылау сұрақтары:

1 Су- аурумен малдың қандай түрлері аурады

2 Су-ауру жылдың қай мерзімінде кездеседі

3 Паразиттердің қай жерде мекендейді және тасымалдаушыларың атаныз
Тақырып: 17 Аргас ( қора ) кенелері

Мақсаты: Студенттерді аргас кенелердің сипаттамасы, морфологиясы және биологиясымен таныстыру

1 Аргас кенелердің сипаттамасы, морфологиясы және биологиясы

2 Кенелерге диагноз қою және ажырату

Әдебиеттер: 5, с. 36-49; 11, с. 3-40; 10, с. 6-10; 8, с. 6-8.

Бақылау сұрақтары:

1 Аргас кенелердің патшалығын, типің, түрін айтыныз

2 Аргас кенелері ауаның қай жерінде кездеседі

3 Кенелердің тұқымдасын атап берініз
Тақырып: 18 Жануарлар саркоптозы

Мақсаты:Студенттерді саркоптида кенелер сипаттамасымен, морфологиясымен және биологиясымен таныстыру

1 Саркоптида кенелердің сипаттамасы, морфологиясы және биологиясы

2 Саркоптида кенелеріне диагноз қою және ажырату әдістері

Әдебиеттер: 5, с. 36-49; 11, с. 3-40; 10, с. 6-10; 8, с. 6-8.

Бақылау сұрақтары:

1 Саркоптида кенелердің патшалығын, типің, түрін айтыныз

2 Саркоптида кенелері кімде мекендейді

3 Кенелердің тұқымдасын атап берініз

Тақырып: 19 Гастрофилез

Мақсаты: Студенттерді гастрофилез ауру көздырушысы морфологиясы және биологиясымен таныстыру

1 Гастрофилез көздырушысының морфологиясы және биологиясы

2 Гастрофилезге диагноз қою әдістері


Әдебиеттер: 5, с. 36-49; 11, с. 3-40; 10, с. 6-10; 8, с. 6-8.

Бақылау сұрақтары:

1 Гастрофилез ауруымен малдың қандай түрлері аурады

2 Жылқылардың қандай жасы өте бейімді

3 Паразиттердің локализация жері


Тақырып: 20 Биттер мен бүргелер

Мақсаты: Студенттерді биттер мен бүргелер сипаттамасымен, морфологиясымен және биологиясымен таныстыру

1 Биттер және бүргелер анықтамасы

2 Биттер және бүргелер морфологиясы және биологиясы


Әдебиеттер: 5, с. 36-49; 11, с. 3-40; 10, с. 6-10; 8, с. 6-8.

Бақылау сұрақтары:

1 Биттермен бүргелердің даму циклі

2 Биттермен бүргелердің мекендейтің жері



3 Қандай ауруларды тасымалдайды

Мамандағы 051201- Ветеринариялық медицина студентерге арналған паразитология және инвазмялық аурулары пәні бойынша емтихан сұрақтары


  1. Паразитология пәні ж/е міндеттері, мал дәрігер тәжирибелік қызметі кезіндегі оның маңызы

  2. Ветеринариялық паразитология нені зерттейді, оның дамуының қысқаша тарихи.

  3. Паразитология дамуында Ресей және Қазақстан ғалымдарының ролі.

  4. Организмдердің қарым-қатынас түрлері.

  5. Ие организміне паразиттердің әсері.

  6. Инвазиялық аурулардың номенклатурасы мен жүйелігі,

  7. Паразитарлық аурулардың эпизоотологиясы.

  8. Аурулардың табиғи ошақтығы тұралы Е.Н. Павловскийдың оқуы.

  9. Инвазиялық аурулардың келтіретін зияны.

  10. Инвазиялық ауруларының алдын – ала негізі.

  11. Сыртқы орта ті дезинвазиясы№

  12. Академик К.И. Скрябиннің девастациясы тұралы оқу.

  13. Дегельминтизацияға түсінік беру, оның түрлері.

  14. Гельмнтоздар кезіндегі иммунитет.

  15. Гельминтоздарға тірі кезінде диагноз қою әдістері.

  16. Гельминтоскопия әдістері, оның мәні.

  17. Гельминтоовоскопия әдістері, оның мәні.

  18. Гельминтолярвоскопия әдістері, оның мәні.

  19. Гельминтоздарға өлғен кезінде диагноз қою әдістері.

  20. Гельминтоздарға арнайы диагноз қою әдістері.

  21. Гельминтологиялық зерттеу өткізу үшін материалды жинау, консервлеу және жіберу.

  22. Трематоддалар, олардың морфологиясы және даму биологиясы.

  23. Күйістілердің фасциолезы (қаздырушының морфологиясы, даму биологиясы, эпизоотологиясы, патогенез, ауру белгілері, патологиялық өзгерістер, диагностика, емдеу және алдын-ала шаралары).

  24. Күйістілердің парамфистоматозы.

  25. Күйістілердің дикроцелиозы.

  26. Күйістілердің эуритрематозы.

  27. Етқоректілердің описторхозы.

  28. Тауық простогонимозы.

  29. Цестодалардың жүйелігі, морфологиясы және биологиясы.

  30. Ірі қараның цистицеркозы (қаздырушының морфологиясы, даму биологиясы, эпизоотологиясы, патогенез, ауру белгілері, патологиялық өзгерістер, диагностика, емдеу және алдын-ала шаралары).

  31. Ұсақ малдың цистицеркозы.

  32. Тенуиколді цистицеркоз.

  33. Шошқа цистицеркозы.

  34. Ұсақ және ірі малдың эхинококкозы.

  35. Шошқа эхинококкозы.

  36. Церебральді ценуроз.

  37. Күйістілердің мониезиозы.

  38. Қой және ірі қара малдың тизаниезиозы.

  39. Ұсақ малдың авителлинозы.

  40. Тақтуяқтылардың цестодоздары (аноплоцефалиддоздар).

  41. Қаздардың дрепанидотениозы.

  42. Етқоректілердің дипилидиозы.

  43. Етқоректілердің дифиллоботриозы.

  44. Етқоректілердің тениидоздары және олармен күресу шаралары.

  45. Балық лигулидозы.

  46. Шошқа аскаридозы.

  47. Күс аскаридозы.

  48. Жылқы параскаридозы.

  49. Бүзау неоскаридозы.

  50. Тауық гетеракидозы.

  51. Шошқа макраканторинхозы.

  52. Паразитизм, оның мәні, түрлері.

  53. Паразиттердің ие түрлері, оның мәні.

  54. «Геогельминт» және «биогельминт» түсініктері.

  55. Гельминттердің жүйелігі.

  56. Паразитарлық аурулар кезінде патогенетикалық терапия.

  57. Антгельминтиктардың әсер ету механизмі және улану кезінде көмек беру.

  58. Гельминтоздар кезіндегі патогенез.

  59. Паразитологиялық лабораториядағы күрал-жабдықтар.

  60. Жұмыс істеу кезіндегі кауыпсыздық техника ережелері.

Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет