Ветеринариялық медицина кафедрасы



бет10/11
Дата18.02.2017
өлшемі16,52 Mb.
#9826
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Емдеу. Антгельминтик орнында дихлофенды қолданады, дозасы 0,4 г/кг, дымқыл азыққа қосып, жеке немесе топ әдісімен, фенасалды дозасы 0,6 г/кг азыққа қосып береді.

Алдын-алу шаралар. Балапандарды зақымдалмаған су қоймаларында бағады.

11 сүрет. Notocotylus attenuatus 1 – гельминттің ішкі құрылысы; 2 – жұмыртқа (Скрябин бойынша)

Инвазия басталған кезде дегельминтизация жасайды. Таза емес су қоймаларың бір жылға шығарады, сол уақытта адолескарийлар өледі.


Бақылау сұрақтар:

  1. Трематодалардың жалпы сипаттамасы және жүйелігі қандай?

  2. Күйісті жануарлардың трематодоздарының ажырату диагностикасы (тірі және өлген кездегі)?

  3. Трематодоз ауруларында қандай антигельминтиктер қолданылады?

  4. Трематодоздармен жануарлар және адам қандай жолмен зақымдалады?

  5. Трематодоздар кезінде алдын алу шаралар үйымдастыру принциптері.


ЦЕСТОДАЛАР ЖӘНЕ ЦЕСТОДОЗДАР
Тениидоздар адамның, үй, жабайы және терісі бағалы жануарлардың кең таралған клиникасы әр түрлі өтетін гельминтоздарың біріктіреді, олар Taeniata отряд тармағының көпшілік таспа құрттарымен шақырылады. Тениидоз қоздырушылары - таспалық, имаголық, тағыда - личинкалық, тениида сатылары. Соңдықтан имаголық және ларвальдік тениидоздары болады. Тениидоз ішінде көп антропозоогельминтоздар саны кездеседі, бірақта осы инвазия таралуына адам қатынасы бірдей емес. Бір антропозооноздар (мысалы, тенииоз, тениаринхоз) адам оған өзіне тән иесі болады, ол малдың ларвальдік цестодозаларымен жалғыз закымдалу көзі.

Екіншіден, антропозооноздар кездеседі, онда адам - аралық ие болады. Инвазия таралуына ешқандай қатысы жоқ (мысалы, эхинококкоз, альвеококкоз, ценуроз), ал соңғы немесе өзіне тәң иелері жыртқыш сүткөректілер болады. Сол себепті, тениидоздар қоздырушыларының биологиялық циклына қарап екі топқа бөледі:

1) Тениидоздар - онда адам қоздырушының соңғы иесі болады.

2) Тениидоздар - онда иттер және басқа жыртқыш сүтқоректілер қоздырушының соңғы иелері болады.

Бірінші топқа екі антропозооноз ауруы жатады.

Бұқа цистицеркозы (немесе ірі қараның финнозы) және целлюлозды цистицеркоз, (шошқа финнозы). Жануарларда бұл гельминтоздар тениидтардың ларвальдік сатысымен шақырылынады, бірақта толық жыныс цестодалары адамда тіршілік етеді.

Цистицеркоздар малшаруашылығына өте үлкен экономикалық зиян келтіреді, ол ұшаларды жарамсыздыққа шығарудан, инвазиялық еттің сапасы төмендеуінен және етті залалсыздандыру шығынынан тұрады. Тениидоздардың медико-санитарлық маңызы үлкен.



4 кесте. Цестодалардың личинка сатыларының кұрлысы:

1- цистицерк (а – қаруланған, б – қарусыз); 2 – ценур; 3 – эхинококк; 4 – альвеококк; 5 – дитиридий (а – сколексі ішке кірген, б – сколексі айналған); 6 – цистицеркоид; 7 – стробилоцерк; 8 – плероцеркоид.

Ірі қараның және шошқаның таспа құрттары адамның ішегінде тіршілік етіп, оның жұмысшылығын төмендетеді және өсуін бәсеңдетеді. Онан басқасы, шошқаның цистицерктері адамның миында, көзінде тіршілік етіп, көру және психикалық белсенділігін бұзады, кейбір кезде өлім шақырады. Осының ішіндегі әрбір гельминтоздың өзгешілік ерекшілігі бар, бірақта алдын алу шаралары бірдей.


Лабораторлық сабақ 1
Тақырып: Бұқаның цистицеркозы

Сабақтың мақсаты: Бұқаның цистицеркоз қоздырушысының қурылысымен, даму циклімен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру.

Қурал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл және боялған препараттар.
Бұқаның цистицеркозы - бұл аурумен ірі қара мал ауырады. Цестоданың ларвальдік сатысы адамның ішегінде тіршілік етеді. Цистицерктер бұлшықаралық дәнекер ұлпасында, жүректе, тілде, сирек паренхиматозды мүшелерінің ұлпасында кездеседі. Аралық иелері-ірі қара, дала сиыры, солтүстік бұғы.

Даму циклы. Зақымдалған адам ішегінен піскен мүшелер сыртқы ортаға шығады. Аралық иелер онкосфераларды жұтып зақымдалады. Ірі қараның ішегінде ұрық жұмыртқадан шығып ілгек арқылы ішектің тамырларына кіреді, сосын қанмен мүшелерге таралады, 4-5 ай өткесін инвазиялық цистицерк дамиды.

Адам тениаринхозбен ірі қараның етін немесе солтүстік бұғының миын жеп зақымдалады. (тамақ пісіргенде, шала немесе дұрыс піспеген етте байқалады) (строганина, шашлык, бастурма, бифштекс). Адамның қарнына цистицерктер түскен іш қарын сөл және өт арқылы олар сколексін айналдырып, сорғыштармен ішекке жабысады. Алғашқыда паразиттің өсуі байқалады. Цистицерк адамның ішегіне түскеннен бастап цестоданың толық жыныс дамуына 3ай өтеді. Тениаринхустың өмір ұзындығы 10 жыл.



Эпизоотологиялық деректер. Ірі қарада инвазия интенсивтігі әлсіз болады. Бұзаулар цистицеркозға өте бейімді, кейбір кезде ішкіутроптық зақымдалу байқалады. Малдың зақымдануы антисанитарлық шартта және малды қарайтын адамдар дәретқананы қолдана алмағандықтан болады

Патогенез гельминттер патогендік әсерін миграция кезінде бергізеді.

Иммунитет: Жас бұқалар ауырғаннан кейін әлсіз иммунитет болады, тағыда ауруы мүмкін, үлкен малдар тұрақты болады.

Клиникалық белгілер. Ірі қарада цистицеркоздың клиникалық белгілері білінбейді. Бұзау алғашқы ауырғанда температура 40-41˚С жетіп, әлсірейді, іші өтеді.

Патологоанатомиялық өзгерістер. Цистицеркоздың жіті түрінде бұлшық етте, жүректе, тері астында қаң құйылу байқалады. Бұлшықетте ұсақ, бозғылт түсті көпіршіктер – цистицерктер болады.

Диагноз. Цистицеркозбен ауырған малға диагноз қою өте қиын. 12 сүрет. Taeniarhynchus saginatus: 1-сколекс; 2-гермафродитті мүше, 3-ересек мүше

Кейбір зерттеушілер цистицеркозға аллергиялық реякция қолданған дұрыс деп айтады,бірақта бұл әдіс іс жүзінде әлі қолданымаған. Сондықтан, қазыр цистицеркозға мал өлгеннен кейін, оның етін тексеріп, цистицерк личинкасын тауып барып нақтылы диагноз қойылады. Егер цистицерк личинкасы табылса, мүндай малдың етін түгелдей бракқа шығарады.



Емдеу. Панакур, дозасы 0, 05 г/кг, дронцит, дозасы 0,01 г/кг 2 күн бойынша, бір басқа, жеммен қосып береді. Бірақта диагнозды дәл қойыл-

мағаңдықтан дұрыс емделмейді.



Лабораторлық сабак 2
Тақырып: Дипилидиоз

Сабақтың мақсаты: Дипилидиоз қоздырушысының қурылысымен, даму циклімен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру.

Қурал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар

Дипилидиоз - ит, мысық, терiсi бағалы аңдардың және көп жабайы етқоректiлердiң гельминтозды ауруы, Dipiliіdium caninum цестодасымен шақырылған, Hymenolepidata подотря-дына, Dipiliididae тармағына жатады. Өте сирек адамда да кездеседi.


Қоздырғыш - ақшыл-сары түстi цестода, ұзындығы 70 см дейiн барады, енi-3мм. Сколекстiн тұмсығында 4 қатарлы ұсақ iлгектерi болады. Бас жағы жiнiшке, артқы жағы жуан. Мүшелерi сопақша келген. Артқы мүшелерi қиярдың пiскен шемiшкесiне ұқсайды. Жыныс аппараты қос келген, әрбiр мүшенiң бүйiрiнде жыныс төмпешiктерi орналасады. Жатыр жұмыртқаға толған.

13 сүрет. Қияр цепень құрты Аралық иелер бүргелер – ит, мысық,

А – сколекс; Б – гермафродитті мүше; адам бүргесі.



В – кокон; Г – стробила.

Даму циклi: Жұмыртқаға (3000 саны) толған пiскен мүшелер сыртқы ортаға шығады, жерге жұмыртқалар шашылады. Бүргенiң личинкасы жұмыртқаларды жұтады. Жәндiктiн iшегiнде жұмыртқадан онкосфералар шығып дене қуысына енедi де цистицеркоидтар қүрылады. Жануар инвазиондық цистицеркоидтармен зақымдалған бүргелердi жұтып ауырады.

Эпизоотологиялық деректер. Дипилидиоз жиi итте және мысықта жылдын барлық мерзiмiнде кездесе бередi. Бiр жануардан гельминттердiң бiр неше жүзi табылады.

Ауру белгiлері. Етқоректiлердiң әлсiз зақымдалғанда бiлiнбейдi. Ауру созылмалы түрде өтедi. Кейбiр кезде құсу, тәбетi бұзылуы, арықтау, әлсiздену, жүйке құбылыстары байқалады.

Диагнозді нәжiстi зерттеп, iшiнде дипилидий жұмыртқаларың тауып қояды.

Емдеу. Иттерге және мысықтарға камала, дозасы 1-6 г етке және фаршқа қосып бередi, алдында 16-18 сағат аш қарында ұстайды. Фенасал - дозасы 0,1 г/кг, ареколин - дозасы 0,004 г/кг иттерге, түлкiлерге - 0,01 г/кг салмағына бередi.
Лабораторлық сабақ 3
Тақырып: Дифиллоботриоз

Сабақтың мақсаты: Дифиллоботриоз қоздырушысының қурылысымен, даму циклімен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру.

Қурал-жабдықтар: Плакаттар.
Дифиллоботриоз - антропозооноз, ошақты таралады, лентецтiн әрбiр түрлерiмен шақырылады, Diphyllobothrium тұқымына, солардың iшiнде Diphyllobothrium lamum-кен лентец өте кен таралған. Ит мысық, түлкi, ж/е адам ауырады (дефинитивтiк иелер)

Қоздырғыш - ұзындығы 10 м. Терiсi бағалы аңдарда ұзындығы - 1,5 м. Сколексте 2 терен ботриялар болады. Мүшелерi қысқа, бiрақта кен. Жұмыртқалығы қобелектiң қанаттарына ұқсас. Әрбiр мүшеде 3 жыныс тесiктерi болады: аналық, вагина, жатыр.

Аралық иелер - рачоктар.

Қосымша иелер - түшы судағы балықтар (щука, окунь, налим)

Даму циклi: Жұмыртқалар сыртқы ортаға дефинитивтiк иелердiң нәжiсiмен бiрге шығып, алға қарай даму үшiн суға түсу керек. 3-5 аптадан кейiн жұмыртқадан личинка - корацидий шығады. Ол сыртынан кiрпiкпен қапталған, онкосферада 6 iлгек болады. Содан кейiн корацидийдi аралық иелер жұтады. Аралық иенiң iшегiнде корацидий кiрпiгiн жоғалтып, дене қуысына жылжып, 2-3 аптадан кейiн кiшкентай личинкаға - процеркоидқа дамиды.

Алғашқы даму үшiн процеркоид қосымша иеге түседi. Балықтын iшегiнде рачок қорытылып,ал процеркоид iшек қабырға арқылы құрсақ қуысына, бүлшық етке, терi астына енiп личинканың алғашқы сатысына - плероцеркоидқа айналады.

Егер зақымдалған балықты дұрыс піспеген және шікі кезінде ит, мысық жесе, онда плероцеркоид iшек қабырғасына жабысып, тез мүшелерге дами бастайды, 1 айдан кейiн ол толық жынысты цестодаға айналады.


Эпизоотологиялық деректер: Ауру жиi Прибалтикада, Тюменде, және басқа зоналарда кездеседi.

Патогенез: Лентец ие организмiне механикалық және токсикалық әсер етедi, әсiресе жүйке және қан жүйелерiне. Дифиллоботриоз патогенезiнiң негiзi – эндогендiк авитоминоз жатады - ауру малдардың организмiнде витамин В12 дифициты болады.

Ауру белгiлерi: Ауру аңдар тәбетi төмендейдi әлсiз,құсады, олар өсуден қалады.

Диагнозды: Гельминтокопрологиялық зерттеулердi өткiзiп қояды. Цестоданың жұмыртқасының формасы сопақша, бiр

14 сүрет. Diphyllobothrium latum. шетiнде жапқышы бар.

Гермафродитті мүше Емi: Альбен, азинокс.




Лабораторлық сабақ 4
Тақырып: Пизиформды цистицеркозы

Сабақтың мақсаты: Дифиллоботриоз қоздырушысының қурылысымен, даму циклімен, жұмыртқалармен, диагноз қою әдістерімен таныстыру.

Қурал-жабдықтар: Плакаттар.
Пизиформды цистицеркоз - үй қоянның, қоянның гельминтоз ауруы. Taеnia pisiformis цестоданың Cysticercus pisiformis личинка сатысымен шақырылған. Цистицерктер құрсақ қуысында (iш майында, шажырқайда) тiршiлiк етедi.

Аралық иелер-қояндар,үй қояндар, дефинитивтiк иелер-иттер, қасқырлар, түлкiлер, көк түлкiлер, мысықтар.

Даму циклi: Дефинитивтiк иелер нәжiсiмен бiрге паразиттiн жұмыртқаларын сыртқы ортаға бөледi, олар азықпен, сумен қояндардың ас қорыту жүйесiне түседi. Жұмыртқалар және онкосфералар қабықтарынан босалып, ұрықтары iшектiн кiлегей қабығына енедi, содан кейiн қан және лимфа арқылы организмге әсiресе бауырға, оның капиллярларын, паренхимасын бұзұп, капсуласын тесiп құрсақ қуысына шығады. Iш майына, шажырқайға жабысып көпiршiкке дамиды, мөлшерi грек жанғағындай. Иттер және басқа етқоректiлер зақымдалған қояннын, үй қояннын iшкi мүшелерiн жеп ауырады. Иттiн жiнiшке iшегiнде T.pisiformis 35 күнде, ал түлкiде - 70 күнде дамиды.

Ауру белгiлерi Ауруға шалдыққан иттердiн тәбетi төмендейдi, олар өсуден қалады. Көз және ауыз қуысының кілегей қабаттары бозғылт.

Емі жоқ.

Алдын алу шаралары Иттерге және терiсi бағалы аңдарға қояндардын шикi iшкi мүшелерiн беруге болмайды.

Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет