«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша


Ауруды тексеруге қолданылатын негізгі әдістер



бет16/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1
аниме 2, 996495
Ауруды тексеруге қолданылатын негізгі әдістер
1. Ауру малды жан-жақты қарау. Бұл әдістің маңызы, әсіресе тәжірибелі мамандар үшін, өте зор. Кейбір ауруларды (өңештің бітелуі, месқарынның кебуі, өкпе эмфиземасы, салдану және т.б.) тек көру арқылы ғана анықтап алуға болады. Ауру малдың басынан бастап артқы аяқтарына дейін түгел мұхият қарап шығу керек. Онда малдың жалпы жағдайын, кеңістіктегі тұрысын, күйін, жұтынуын, жүру көрсеткіштерін, ақпаның бар-жоғын анықтайды.
Табындағы малдарды қарағанда олардың жайылымдағы көңіл-күйіне, су ішуіне, демалу тәртібіне көңіл аударады.
2. Сипалау (палпапия) әдісі. Сипалау арқылы әрбір мүшенің пішімін, көлемін, сыртқы бұдырын, жергілкті температурасын, сезімталдығын, тамыр соғысының өзгерістерін анықтайды.
Жаллысипалау үстіртін, терең және ішкі болып бөлінеді. Үстіртін сипалау арқылы жүрек түрткісін, терінің әр жерінің қызуын, денедегі түрлі ісіктерді, жараларды анықтауға болады.
Терең сипалау саусақтың ұшымен немесе жұдырықпен сығу қысым күшін күшейте отырып жеке тіндер мен ағзаларды тексеру үшін жүргізіледі. Оның түрлеріне жанама, итерме, толқындама және бимануальды әдістер жатады.
Ішкі сипалау ірі малдардың ішкі ағзаларын тік ішек арқылы тексеруде қолданылады.
3.Нұқу-соққылау (перкуссия) әдісі. Мал денесінің белгілі бір жерін нұқу арқылы толқын дыбысын тудырып, сол дыбыстар арқылы қортынды жасау. Нұқу жүргізілетін жерде бөгде дыбыстар болмауы керек.
Нұқу кезінде төрт түрлі дыбыстарды ажыратуға болады: күңгірт, атимпаниялық, тимпаниялық және қанғырлақ.
Тимпаниялық дыбыстар ауаға толған ағзалардың, ал қүңгірт дыбыстар ауасы жоқ ( бауыр, көкбауыр, жүрек, асқа толы месқарын, жылқыларда соқырішек) ағзалардың тұсында тындалады. Атимпаниялық дыбыстар ауаға толы сау өкпелерді соқкылағанда естіледі. Қашырлақ дыбыстар бас қуыстарына тән (маңдай, жоғарғы жақ сүйегі қуыстары).
Тікелей және тікелей емес нұқуларды ажыратуға болады. Тікелей нұқуда қолдың бүгілген бір , не екі саусағымен тексерілетін жердің үстінен соққыштайды. Тікелей емес нұқуды саусақты және аспапты деп екіге бөлуге болады. Бірінші жағдайда бір қолдың саусағын тексеретін жерге нықтап ұстап, екінші қолдың бір саусағымен оның үстінен соққылап тындайды. Ал екінші жағдайда плессиметр мен балғашық қолданылады.
Соққыштауды орындау техникасының екі түрі болады: стаккато және легато. Бірінші әдісте соққылау қатты, қысқа, үзілімді болу керек. Ол ағзалардағы патологаялық өзгерістерді анықтау үшін жүргізіледі. Екінші әдіс керісінше жай, балғашық плессиметрде тоқталып жүргізіледі. Мұндай соққылау ағзалардың шекараларын анықтауда қолданылады. Соқкылау жүргізілген кезде тексерушінің кұлағы плессиметрдің тұсында болуы керек. Ал ұсақ малдарды столга орналастырып барып тексерген қолайлы.
4.Тындау (аускультация) әдісі. Тыңдау әдісін тікелей және тікелей емес (құралмен) деп бөлуге болады. Тікелей тындағанда тыңдайтын тұсқа мата жауып, оған құлақты төсеп тындайды. Ал құрал ретінде стетоскоп, немесе фонендоскоп аспаптары пайдаланады. Бұл әдіс өсіресе жүрек-қан тамырлары, тыныс алу, ас қорыту жүйелерінің ауруларын тексергенде жиі қолданылады. Тындау нәтижесінен дұрыс қорытынды жасау үшін әрбір ауруларға тән ерекшеліктерді жақсы білу керек.
Дене қызуын анықтау. Міңдетті түрде жүргізілетін әдіс. Дене кызуын өлшеу арқылы аурудың барысын қадағалап отыруға болады. Аурудың түріне, барысына, шиленісуіне байланысты гипотермия, гипертермия болуы мүмкін.
Төменде малдардың қалыпты жагдайдағы дсне қызулары келтірілген.



Ірі қара малы

37,5-39,5

Бүгы

37,6-38,6

Жылқы

37,5-38,5

Түйе

36,0-38,6

Қой

38,5-40,0

Қодас

37,0-38,5

Ешкі

38,5-40,0

Кашыр

38,0-39,0

Шошқа

38,0-40,0

Ит

37,5-39,0

Тауық

40,0-42,0

Мысық

38,0-39,5

Үйрек

41,0-41,5

Түлкі

38,7-40,7

Қаз

40,0-41,0

Күрке тауық

40,0-41,5

Көгершін

41,0-44,0

Теңіз шошқасы

37,5-39,5

Үй қояны

38,5-39,5

Есек

37,5-38,5





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет