З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым


  4.5 Ғылыми бағыт, ғылыми мәселе және ғылыми зерттеу



Pdf көрінісі
бет24/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   97
Байланысты:
Академ

 


47 
4.5 Ғылыми бағыт, ғылыми мәселе және ғылыми зерттеу 
жұмысының тақырыбын таңдау
Ғылыми-зерттеу жұмысын бағыттарға, мәселелерге және тақырыптарға 
бөліп қарастырады. 
Ғылыми бағыт 
– ғылымның белгілі бір саласындағы қандай да бір ірі, 
іргелі теориялық-эксперименталдық міндеттерді шешуге арналған ғылыми 
ұжымның ғылыми зерттеу саласы. 
Мәселе 
– зерттеудің маңызды саласын қамтитын және перспективті 
маңызы бар күрделі ғылыми міндет. Мәселе бірқатар тақырыптардан тұрады. 
Тақырып 
– ғылыми зерттеудің белгілі бір саласын қамтитын ғылыми 
міндет. Ол белгілі бір ғылыми мәселелерге негізделеді. 
Ғылыми сұрақтар 
деп ғылыми зерттеудің нақты саласына қатысты ұсақ 
ғылыми міндеттерді түсінуге болады. 
Мәселелерді немесе тақырыптарды таңдау қиын болып табылады, әрі ол 
жауапты міндет және бірқатар сәттерді қамтиды. 
Мәселені (проблеманы) қалыптастыру: 
-
мәселе ескі білімнің күші қабілетті емес, ал жаңасы туындаған 
сұрақтарға жауап беру үшін әлі дамымаған кезде туындайды. 
-
ғылымдағы мәселе – бұл өз шешімін талап ететін даулы жағдай. 
-
мәселенің дұрыс тұжырымдалуы – бұл табыстың жартысы, өйткені бұл 
ең бастысын басқасынан ажырата білу және зерттеу тақырыбы бойынша 
белгісіз нәрседен белгілі нәрселерді бөлу, ал бұл іздеу стратегиясын 
анықтайды. 
-
зерттелетін бағыттың қарама-қайшылықтарын талдау негізінде негізгі 
сұрақ мәселені тұжырымдайды және жалпы ерекшелікте күтілетін нәтижені 
анықтайды. 
Мәселенің құрылымын әзірлеу: 
-
мәселені тақырыпқа, тақырыпшаға, сұрақтарға бөледі; 
-
олардың әрбірінің осы компоненттері бойынша болжанған саласы мен 
алдағы зерттеулерінің көлемін анықтайды. 
Тақырыптардың өзектілігін анықтау 
ғылым мен техниканың өрлеуі 
үшін олардың қазіргі кездегі құндылығы. Зерттеудің өзектілігі – бұл зерттеуді 
неге дәл қазір жүргізу керек деген сұраққа жауап. 
Тақырыптың ғылыми жаңалығы болуы тиіс. 
Бұл: 
-
мұндай тақырып ешқашан әзірленбеген және қазіргі уақытта 
тақырып басқа бір тұлға арқылы әзірленбеуде, яғни қайталанбаған дегенді 
білдіреді. 
-
ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау кезінде жаңашылдық инженерлік 
емес, яғни ғылыми тұрғыдан жаңа болуы тиіс. 
-
егер жаңа міндет әзірленсе де, тіпті ашық заңдылықтар негізінде де 
бұл ғылыми әзірлемелер емес, инженерлік сала болып табылады. 


48 
Тақырып экономикалық тиімді болуы тиіс. 
Бұл ғылыми зерттеу 
нәтижесінде ұсынылған шешімдер қолданыстағы шешімдерден тиімдірек 
болуы тиіс дегенді білдіреді. 
Тақырып практикалық маңызды болуы тиіс. 
Практикалық мәнділік 
өндірісте де, аралас немесе пәнаралық зерттеулерде де өзекті мәселелер мен 
міндеттерді шешу үшін ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдалану мүмкіндігімен 
анықталады. 
 Тапсырмалар 
1-тапсырма. Дипломдық жобаңыздың тақырыбы бойынша зерттеу 
жұмысыңыздың мақсаты мен міндеттерін, практикалық маңыздылығын 
жазыңыз. 
2-тапсырма. Берілген мәтіндердің қандай зерттеуге жататындығын 
анықтаңыз. Ойыңызды дәлелдеңіз. 
1.
 
Қазіргі әлемде халық санының үнемі өсуі ресурстарды көбірек 
тұтынуға әкеледі.
Алайда қалпына келтірілмейтін ресурстар мен қалпына 
келтірілетін ресурстарды тұтыну қалдықтардың көбеюіне әкеледі. Қоқыс 
полигондары, су қоймалары мен жерасты суларының ластануы – мұның бәрі 
адамның өмірлік белсенділігі. 
Соңғы жылдары шығу тегі әртүрлі қалдықтарды кәдеге жарату 
проблемасы өзекті болды, бұл оның маңыздылығын жалпы әлемдік 
бағалаумен сәйкес келеді. Бұл индустриялық даму салдарынан оның тозуын 
өтейтін фактор ретінде өмір сүру ортасын жан-жақты «экологияландыруға» 
мемлекетаралық деңгейде жарияланған стратегиялық үрдіске байланысты. 
2.

Қазіргі заман – дамыған заман. Жаңа технологиялар жыл сайын 
жарық көруде. Солардың қатарына «ақылды үй» технологиясы жатады. 
Ақылды үй дегеніміз – адамның қатысуынсыз күнделікті белгілі бір 
тапсырмаларды орындауға және шешуге қабілетті үй құрылғыларының 
жүйесі. Ақылды үйдегі жүзеге асырылатын әрекеттердің ең көп 
таралғандары – шамдарды автоматты түрде қосу және өшіру, жылыту жүйесін 
автоматты түрде түзету және судың кіруі, ағуы туралы автоматты түрде 
хабарлау. 
Ақылды үй жүйесі құрылғылардың үш түрін қамтиды: бағыттауыш, 
датчик, актуатор. 
Көптеген заманауи ақылды үйлерде бағыттауыш жүйенің басқа 
құрылғыларымен 
радио 
сигналдары 
арқылы 
байланысады. 
Үйді 
автоматтандыру үшін ең көп таралған радиобайланыс стандарттарының бірі – 
ZіgBее стандарты. 
3-тапсырма. Кестеде берілген тақырыптардың қайсысы зерттеу 
жұмысын жазу үшін дұрыс екендігін анықтаңыз. 


49 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет