З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет37/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   97
Байланысты:
Академ
Мектеп жасындагы балалардын тамак тануын уйымдастыру семинар
 


73 
7 Эссе және оның түрлері 
 
7.1 Эссенің түрлері 
Эссе – академиялық бағытта жазылатын шағын шығарма. Қазіргі кезде 
оқу орындарында эссе шағын ғылыми шығарма ретінде жазылып, белгілі 
тақырыпты талқылауға арналады.
Эссе белгілі тақырыпқа қатысты мәселені талқылауға, түсіндіруге 
бағытталады. Мәселен, енгізілген жаңа ереженің қоғамға тигізген әсері, 
белгілі бір тарихи оқиғаның туындау себебі, теорияны қолданудың 
артықшылығы мен кемшілігі және т.б. Сондықтан эссе жазбас бұрын оның 
мақсаты мен түрін анықтап алу қажет. Эссе түрін анықтап алу оның 
құрылымы мен жазылу жолын айқындауға көмектеседі. 
Эссенің түрлері: аргументативті эссе, мәселе және оның шешімін 
қарастыру эссесі, салыстыру эссесі, себеп-салдар эссесі, үдеріс эссесі, келісу 
және келіспеу эссесі, синтез эссесі, уәждемелік эссе.
7.1.1 Аргументативті эссе.
Аргументативті эссе белгілі бір мәселеге 
қатысты пікірге қосылатынын немесе қарсы екенін білдіру үшін жазылады. 
Мұнда автордың негізгі ұстанымы оқырманды өз ойының дұрыс екеніне 
иландыру болуға тиіс. Ал аргументтерді нақты, сенімді дәлелдер арқылы беру 
оқырманға автор ойының не үшін дұрыс екенін түсінуге мүмкіндік береді. 
Аргументативті эссені жазу арқылы студент өзінің ойын нақты әрі дәлелді 
жеткізуге дағдыланады.
Аргументативті эссе жазудағы басты мақсаттың бірі тек автор өзінің 
қолдайтын пікірін ғана жазып қоймай, қарсы пікірді де қарастыруы керек. 
Қарсы пікірді жазып, оны дәлелдер келтіру арқылы жоққа шығару жазба 
жұмысының негізгі міндеті болып саналады. Қарсы пікірді қарастыру 
автордың тақырыпқа қатысты ойын білдіру кезінде біржақты болмай, жан-
жақты әрі объективті болғанын көрсетеді. Бұл оқырманның автор ұстанымына 
деген қызығушылығын оята түседі. 
Аргументативті эссені жазудың, негізінен, екі құрылымы кең таралған. 
Біріншісінде қарсы және қолдайтын пікірлер жеке-жеке параграфқа, яғни 
бөлімдерге бөлініп жазылады. Бұл құрылымда қолдайтын пікір қарсы пікірді 
жоққа шығара отырып, одан кейінгі параграфта жазады. Екінші түрінде қарсы 
пікірден кейін бірден қолдайтын пікірлер беріліп, оны жоққа шығарып 
отырады. Бұл құрылым тізбек түрінде жазылып, тақырыпшаларға байланысты 
параграфтарға бөлінеді. 
Аргументативті эссе құрылымының бөлім мен тізбек нұсқасын таңдау 
қажет екендігі тақырыпқа тікелей байланысты. Ең бастысы, автордың өз 
пікірін анық білдіруі мен қарсы пікірдің бұрыс екенін логикалық тұрғыда 
дұрыс жүйелеп беруінде. 


74 
3-кесте. Аргументативті эссенің құрылымы 
Аргументативті эссенің құрылымы
 
 
Кіріспе бөлім 
1.
Бірінші абзацта проблема немесе пікірталас туғызып 
жүрген мәселе қойылады, сипатталады. 
2.
Келесі сөйлемдерде мәселенің қалыптасу себептері 
мен негіздері түсіндіріледі. Солардың ішінде біреуі эссе 
тақырыбы ретінде ұсынылады. 
Негізгі бөлім 
Негізгі мәселе аталады. Бұл мәселенің өзектілігін 
негіздейтін себептер жіктеліп көрсетіледі. Мәселені 
шешудің 
үш 
жолы 
ұсынылады. 
Әрқайсысы 
түсіндіріледі. Бір шешу жолының артықшылығы 
аталады, негізделеді. 
Қорытынды бөлім Негізгі мәселе мен оны шешу жолы қорытындыланып 
көрсетіледі. 
Жазылым барысында автор сөздік қорының көп екенін көрсете алуы 
керек. Ол үшін студент белгілі бір сөздер мен сөз тіркестерін қайталай бермей, 
олардың синонимдерін қолданғаны дұрыс. Мәселен, «артықшылығы» 
дегеннің орнына 
басымдылығы, пайдасы, тиімділігі, қолайлығы
т.б. сөздерді, 
«кемшілігі» деген сөздің орнына 
тиімсіздігі, міні, олқылығы, кемістігі, 
ақаулығы, кінәраты
т.б. сөздерді қолдануға болады. 
Аргументативті эссе жазу барысында автор тақырыпқа қатысты дәлел-
дәйектерін келтірерде мынадай сөздер мен сөз тіркестерін қолданады: 
Біріншіден, ... ... ... . Алдымен, ... ... ... .
Ең маңыздысы ретінде ... ... ... . 
Екіншіден, ... ... ... . Одан кейін ... ... ... . 
Бұдан басқа ... ... ... . 
Соңғы аргумент ретінде ... ... ... . 
Өз пікірін білдірерде мынадай сөз тіркестерін қолданады: 
Осыған байланысты ... ... ... жоғарыда талқыланған аргументтер ... ... 
... деген сенімділікті арттырады. 
... ... ... дұрыстығын/бұрыстығын дәлелдейді/көрсетеді. 
... ... ... қандай да бір артықшылығының/кемшілігінің бар екеніне күмән 
туғызбайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет