З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет74/97
Дата11.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#184786
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   97
Байланысты:
Академ

 
-
жаңалығы;
 
-
жүргізілген зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы;
 
-
жұмыс жоспарын құрудың дұрыстығы;
 
-
тақырып мәселелерін толық баяндау, әдебиеттік және практикалық 
материалды пайдалану;
 
-
тақырыпты ашудағы автордың үлестік дәрежесі;
 
-
қорытындылардың негізділігі;
 
-
пікірлердің қисындылығы;
 
-
зерттеу тақырыбы бойынша ұсыныстардың болуы;
 
-
алынған нәтижелердің практикалық маңыздылығы, оларды өндіріске 
немесе оқу үдерісіне енгізу мүмкіндігі;
 
-
жұмысты ресімдеудің белгіленген ережелерге сәйкестігі;
 
-
дәлсіздіктер, қателер, даулы жағдайлар, жұмыстың мазмұны және оны 
ресімдеу бойынша ескертулер жасау (олар қамтылған беттерді көрсету керек);
 
-
жұмыстың қойылатын талаптарға сәйкестігі;
 
-
жұмысты қорғауға жіберу туралы қорытынды.
 
Дипломдық жобаны қорғаушы студент өзінің жетекшісінің пікірімен 
және рецензенттің сын-пікірімен алдын ала толық танысады. Дипломдық 
жобаларды қорғауға дипломдық жобаны белгіленген мерзімде ұсынған, 
жұмысына оң пікірі мен сын-пікірі бар, алдыңғы аттестациялық сынақтардан 
сәтті өткен студенттер жіберіледі. Жетекшінің немесе рецензенттің теріс пікірі 
болған жағдайда студентті қорғауға жіберу туралы шешімді бітіруші 
кафедраның ұсынысы бойынша деканат қабылдайды. Дипломдық жобаны 
қорғауға дайындала отырып, баяндама (презентация) мәтінін дайындаған 


150 
жөн. Онда жүргізілген зерттеудің өзектілігін, теориялық және практикалық 
маңыздылығын негіздеу, оның мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау, оларды 
шешу әдістерін көрсету, негізгі ережелерді, қорытындылар мен алынған 
нәтижелерді қысқаша баяндау, жаңа деректерді және өндіріс технологиясын 
жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды және практикалық ұсыныстарды ерекше 
бөліп көрсету қажет. Төмендегі баяндама жоспарын пайдалану ұсынылады: 
-
дипломдық жобаның атауы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет