Жұмыс 2в. Металдардың уытты катиодарын анықтау. Алюминий, мыс, сынап және хром катиондарын анықтау.
Алюминий катиондарын анықтау
Al3+ катионы невралогиялық және энцефалиттік (кейбір авторлар Al3+ артық мөлшері мида Альцгеймер ауруына шалдығады деп санайды ) ауруға шалдықтырады. Сонымен қатар алюминиймен уланғанда,спецификалық сүйек ауруларына шалдығуы мүмкін.
Қоршаған ортаның алюминиймен ластануының басты себебі болып кабельдін өндірісі, алюминий өндірісіндегі ағынды сулар, алюминийден тұратын дәрілік перпараттар.
Алюминий катионын келесі реакциялармен анықтауға болады:
NH3 × H2O сулы ерітіндісімен реакциясы
Al3+ - ионы NH3 × H2O ерітіндісімен нашар еритін, ақ түсті, көп мөлшердегі күйдіргіш сілтілерде еритін, алюминий гидроксидін Al(OH)3 түзеді:
Al3+ + 3OH- = Al(OH)3 ¯;
Al(OH)3 + OH- = [Al(OH)4]- = AlO2- + 2 H2O
немесе
Al(OH)3 + 3 OH- = [Al(OH)6]3- = AlO33- + 3 H2O.
Алюминий гидроксиді, көрсетілген теңдеуге сәйкес, сілтілер арасында қышқыл болады. Сондықтан, Al(OH)3 –тің сілтілермен әрекеттесуі келесі түрде де бола алады:
H3AlO3 + 3 OH- = 3 H2O + AlO33-.
Na3AlO3 + 3 NH4Cl = Al(OH)3 + 3 Na+ + 3 NH3 + 3 Cl-.
Ализарин және оның туындыларымен реакциясы
Ализарин және оның кейбір туындылары аммиакты ортада Al3+ катионымен нашар еритін, ашық-қызыл түсті алюминий бояуын түзеді.
Сонымен, Al(OH)3 ализаринмен S (1,2-диоксиантрахинон-3-сульфоқышқыл натрий тұзымен) сірке қышқылында ерімейтін, қызыл түсті ішкі комплексті тұзын түзеді.
Bi3+, Fe3+, Cu2+ иондары түсті тұнба түзетіндіктен, бұл реакцияға кедергі жасайды
3.Алюминонмен реакциясы .
Бұл жағдайда алюминидің алюминонмен, қышқылдық ортада қызыл түс беретін комплексі түзіледі.
Мыс катондарын анықтау
Мыс кейбір ферменттер үшін, тотығу-тотықсыздану реакцияларын катализдейтін кофактор болып саналады. Оның жоқтығы анемияға, сүйек және байланыстырушы жуйенің нашарлануына және шаштын пегментациясының жоғалтуына асер етеді. Мысалы , Zn2+ қабылдау, мыстын жоқтығына әкелуі мумкін.
Мыс екі валентті күйінде де, Cu(I) және Сu(II), сульфогидрил тобын глутатионда және күкірті бар белоктарда жақсы байланыстырады. Сu (II) қорғалмаған сульфогидрил тобын дисульфидке дейін тотықтырады да, өзі Cu(I) ге дейін тотықсызданады, сондықтан организм Си (II) сульфогидрил тобының тотығуынан бұрын,байланыстыруы керек.
Мыстың көп мөлшері асқазан-ішек трактына түскен кезде, асқазан және ішек нервыларын қоздырып, құсық пайда болады. Ал созылмалы мыстың көп мөлшері бойдың өсуін тоқтатады, гемоглабинге және бүйрек, бауыр, мига әсерін тигізеді. Церулоплазиннің аз болуы көптеген науқастарда Вильсон ауруына шалдықтырады. Бұл науқастарда бүйректерінде мыс мөлшері көп екендігі байқалады.
Қоршаған ортаның мыспен ластануының басты себебі болып кабельдін өндірісі, электроникалық, гальваникалық өндірісі.
Мыс катионын келесі реакциялармен анықтауға болады:
1. Аммактың сулы ерітіндісімен NH4OH реакциясы .
Мыстын катионы Cu2+ аммик ерітіндісінің көп мөлшерінде лазурьлы-көк түсті коплексті ионға [Cu(NH3)4]2+ ауысады.
Әсіресе интенсивті түс мыс нитратымен. Егер NH4OH артығын мыс сульфатына қосса, мыс аммиакатының түсі ашық болады да, HNO3 қосқанда қоюланады.
Калий немесе аммоний роданидімен реакциясы
Калий немесе аммоний роданидімен Сu2+ катионы қара түсті екі валентті мыс роданидін түзеді, ол біраз уақыттан кейін родан (CNS)2 және бір валентті мыс роданидіне CuCNS ажырап, ағарады. Мыс роданидтерінің Cu(CNS)2 және CuCNS тұнбасы KCNS да ерімеіді.
Алтыншы топтын катиондары Сu2+ бұл реакциялардың ашылуына кедергі жасамайды, себебі кадмий және кобальт каиондарының тұнбасын түзбейді, ал никель және сынап роданидтері реактивтің артық мөлшерінде жеңіл ериді.
Сu2+ катиондарының концентрациясы 1мг/л аз.
Калий йодидімен реакциясы
Калий йодиді екі валентті мыс иондарын бір валентті мыс йодидінің Cu2J2 ақ тұнбасы түзілгенше тотықсыздандырады, ол бос йодпен қңырқай түске боялады:
CuSO4 + 2 KJ = CuJ2 ↓ + K2SO4;
және
2 CuJ2 = Cu2J2 ↓ + J2.
Сu2+ металдық мысқа дейін тотықсыздануы.
Егер, мыс катионынан тұратын ерітіндіні күкір қышқылымен қышқылдандырып, оған алюний, мырыш және темір пластинкаларын салса, бірнеше уақыттан кейін пластина бетінде қызыл түсті металдық мыс дағы пайда болады: Cu2+ +Zn = Сu ↓ + Zn2+.
6. Калий гексаноцианоферратымен (II) K4[Fe(CN)6] реакциясы
Cu2+ – ионы калий гексацианоферратымен (II) қою-қызыл түсті тұнба Cu2[Fe(CN)6] түзеді.
7. Натрий тиосульфатымен реакциясы
Сu2+ - ионы натрий тиосульфатымен қышқыл ортада, қыздыру барысында Cu2S қара тұнба түзеді:
2 Cu2+ + 3 S2O32- + Н2O = Cu2S ↓ + S4O62- + SO42- + 2 H+;
Cu2+ + e- = Cu1+;
2 S2O32- → S4O62- + 2e-.
10-15 тамшы зерттелетін ерітіндіні пробиркаға енгізіп, 2н күкірт қышқылын (рН = 2) және 2-3 натрий тиосульфат кристалдарын қосады, алынғаг қоспаны қызығанша қыздырады. Егер Cu2+-ионы бар болса, қара тұнба түзіледі.
Реакция жүруіне Hg2+-ионы кедергі жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |