ҚАЗАҚСТАН РЕСУПБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
5В060600– «Химия» мамандығы үшін
ЗИЯНДЫ БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАР ЖӘНЕ УЛАР АНАЛИЗІ
пәні бойынша зертханалық сабақтарға
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Семей
2013
МАЗМҰНЫ
|
|
бет
|
1
|
Судың және дистильденген судың анализі
|
|
2
|
Уытты катион, анион және уытты бейорганикалық заттарды лабораториялық зерттеу әдісі арқылы анықтау.
2а.Металдардың уытты катиодарын анықтау. Қорғасын және барий катиондарын анықтау.
|
|
2б. Металдардың уытты катиодарын анықтау. Мырыш, стронций, кобальт және никель катиондарын анықтау.
|
|
2в. Металдардың уытты катиодарын анықтау. Алюминий, мыс, сынап және хром катиондарын анықтау.
|
|
3
|
Уытты аниондарды анықтау (нитрит- және нитрат-иондары)
|
|
4
|
Сынапты сапалық анықтау
|
|
5
|
Зерттелетін ерітіндідегі барий мөлшерін анықтау
|
|
6
|
Хром(ІІІ) ионын сандық және сапалық анықтау
|
|
7
|
Бос аммиакты сапалық және сандық
|
|
8
|
Бейорганикалық улардың анализі
|
|
9
|
Дәрілік препараттардың сапалық бақылануы
|
|
10
|
Ұшқыш уларды анықтау
|
|
Жұмыс 1. Судың және дистильденген судың анализі
Хлоридтер.
10мл суға 0,5 мл сұйлтылған азот қышқылын және күміс нитратын қасады. 5мин кейін су түссіз болу керек.
Сульфаттар.
10мл суға 0,5мл сұйылтылған тұз қышқылын және 1 мл барий хлориді ерітіндісін қосады. 10 мин кейін су түссіз болу керек.
Кальций тұздары
10мл суға 1мл аммиак, аммоний хлориді және аммоний оксалаты ерітінділерін қосады. 10 мин кейін су түссіз болу керек
.
Тотықтырғыш заттар
100мл суды қыздырып, оған 1мл 0,01моль/л калий перманганат ерітіндісін және 2 мл сұйылтылған күкірт қышқылын қосып, 10мин қыздырады. Судың ашық қызыл түсі сақталу тиіс.
Көмір ангидриді.
Тығыны жақсы жабылған және бірдей көлемде су мен әк суымен толтырылған ыдысты шайқағанда, 1сағат аралығында лайлылық байқалмауы тиіс.
Аммиак.
10мл суға 0,15мл (3тамшы) Несслер реактивін қосады. 5мин кейін судың түсі эталонды ерітінді (1мл эалон ерітіндісі Б аммоний ионына + 9мл аммик болмайтын су + 0,15мл (3тамшы) Несслер реактиві ). Екі сынамаға Несслер реактивін бір мезетте құйған дурыс.
Ескерту
1.Бақылау жүргізілетін пробиркалар түссіз және диаметрі бірдей болу тіс.
2. Лайлылықты және ерітіндінің опалесценциясын жарықтың қараңғы фонға түсуі кезінде бақылайды, ал түсін – жарықтың ақ фонға түсуі кезінде бақылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |