Regular және Irregular түрде де бірдей жазылатын бұрыс етістіктер бар. Олар: cut — cut, read — read, hit — hit, shut — shut, beat — beat, cost — cost.
Өткен шақтағы “to be” және “to have” етістіктерінің өткен шақтағы түрлері (кестелердің үстінен шертіп үлкейтуге болады).
Ағылшын тілі грамматикасы. 21-сабақ: Келер шақ (Future Tense)
Келер шақ арқылы болашақта орындалатын іс-әрекеттер мен жоспарлаған іс-әрекеттерімізді әңгімелей аламыз.
Ағылшын тіліндегі келер шақ Future Tense (Future Simple Tense) деп аталады. Оның бірнеше жасалу жолдары бар.
Future Tense, әдетте, shall және will көмекші сөздері арқылы жасалады (will+verb). Ереже! Грамматикалық ережелерге сай “shall” сөзі тек бірінші жақта жекеше және көпше түрде (I shall, We shall) қолданылады. Басқа жақтарда (екінші, үшінші жақтар: you, he/she/it, they) “will” көмекші сөзі қолданылады. Бірақ, қазіргі кездегі ағылшын тілінде бірінші жақта да “will” сөзі қолданыла береді.
Мысалы: I (or We) shall learn English — Мен (немесе біз) ағылшын тілін үйренемін (үйренеміз).
Askhat will come tomorrow — Асхат ертең келеді. My grandfather will go to Astana — Менің атам Астанаға барады. Болымсыз: Your mother will not (wil not=won’t) work on next week — Сенің анам келесі аптада жұмыс істемейді. Сұраулы: Will they call us? — Олар бізге телефон соға ма? _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Present Simple арқылы келе шақтың жасалуы Ауыспалы осы шақ (Present Simple) арқылы келер шақтағы сөйлемді жасау үшін осы шақ сөйлемінде міндетті түрде келер шаққа қатысты мезгіл үстеуі болу керек. Мысалы:
We have an exam on next Friday — Келесі жұмада біздің емтиханымыз бар. Sayat comes tomorrow — Саят ертең келеді. The bus goes tonight — Автобус бүгін кешке (түнде) жүреді. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Futere Tense сөйлемдері нақ осы шақ (Present Continuous) арқылы да жасалады. Бірақ сөйлемде келер шақтың мезгіл үстеуі болу керек.
Мысалы: I am visiting you tomorrow — Мен ертең сізге (саған) қонаққа барамын. What are you doing on next Sunday? — Келесі жексенбіде не істегелі жатырсыз? _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
“going to” тіркесі арқылы да келер шақ сөйлемдерін жасауға болады. Оның формуласы мынадай: going to + verb
Мысалы:
I am goint to have a test — Мен(алдағы уақытта)тест тапсырғалы жатырмын. My brother going to study Mechanical Engineering — Менің ағаммашина жасау мамандығын оқиды.Алдағы уақытта сол мамандыққа түседі. Are you going to do this work later? — Сен бұл жұмысты кейінірек жасайсың ба? _ _ _ _ _ _
22-сабақ: Many & much (how many/how much)
Many және much сөздерінің мағыналары бірдей. Екеуі де “көп” деген мағынаны білдіретін сөздер. Бірақ неге екеуі екі түрлі? – деп, өзіңізден өзіңіз сұрауыңыз мүмкін. Олай болса, сұрақ өте орынды қойылған болады.
Many мен much — мөлшерді білдіретін сөздер (ағылшынша: мөлшер есімдіктері – Quantitative pronouns). Екеуінің де мағынасы бір, бірақ қолданылуы екі түрлі. Мысалы, заттардың арасында саналатын және саналмайтын заттар бар.Many саналатын заттардың мөлшері (саны) көп екендігін білдірсе (көпше түрдегі зат есімдермен бірге жазылады), much саналмайтын заттардың мөлшері көп екендігін білдіреді.
Мысалы: Ақшаны “10 ақша, 30 ақшалар, 50 ақша” деп санай алмаймыз. Сондықтан ол much арқылы жазылады — muchmoney Теңгені санай аламыз (many tenge (теңгенің көпше түрі де теңге. Сондықтан соңына -s жалғауы жалғанбайды), many dollars), бірақ қазақша “көп теңге(лер)” деген тіркес дұрыс емес. Оның орнына “көп ақша (much money)” деген тіркесті қолданамыз.
many My sister has many books — Менің әпкемде көп кітаптар бар. My neighbor has many friends — Менің көршімнің көп дос(тар)ы бар.