English Grammar. Lesson 1: Alphabet (Ағылшын алфавиті)


Present perfect continuous



бет25/40
Дата08.07.2022
өлшемі0,62 Mb.
#147358
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40
Байланысты:
АНГ Грамматика ереже

Present perfect continuous (Present perfect progressive).

Жоғарыда атағанымдай екі тілдегі осы шақтың түрлері әр түрлі болып келеді. Қазақ тілі мен ағылшын тілінде сәйкес келетіндері: ауыспалы осы шақ (Present simple) пен нақ осы шақ (Present continuous). Бұл сабағымызда ағылшын тіліндегі осы шақтың осы алғашқы түріне тоқталамыз. Алдағы сабақтарда нақ осы шақ (Present continuous) тақырыбы қарастырылады. Ал одан басқа екеуі келесі деңгейдің сабақтарына жатады.
Present simple — ауыспалы осы шақ
“Present simple” тіркесін қазақшаға сөзбе-сөз аударатын болсақ, “жай осы шақ” деген мағына шығады. Жай осы шақ дегеніміз қазақ тілі грамматикасындағы ауыспалы осы шақ. Мысалы: ойнаймын, оқимын, келеміз, жүзесің, ойланады, …

Present simple осы шақта айтылатын қалыпты, күнделікті тіршілікте қалыптасып кеткен іс-әрекеттерді сипаттайды. Іс-әрекеттерге күн сайын істейтін ұйқыдан тұру (get up), жуыну (wash up), жүру (go), т.б. секілді етістіктерді жатқызуға болады. Кесте бойынша немесе күнделікті режимге кіретін әрекеттер де Present simple арқылы сипатталады. Мысалы: I get up at seven o’clock — Мен сағат жетіде оянамын (ұйқыдан тұрамын).
Ауыспалы осы шақтағы to be етістігі:
Жекеше → Көпше
I am → We are
You are → You are
He/she/it is → They are
Ауыспалы осы шақтағы to do етістігі:
Жекеше → Көпше
do → We do
You do → You do
He/she/it does → They do

Present simple-дың болымды (Affirmative), болымсыз (Negative) және сұраулы (Question) сөйлемдері
Болымды түрі: He plays (ол ойнайды). || We speak English (Біз ағылшынша сөйлейміз).
Болымсыз: He does not play (Ол ойнамайды). || We do not speak English (Біз ағылшынша сөйлемейміз).
Сұраулы: Does he play (Ол ойнайды ма?)? || Do we speak English (Біз ағылшынша сөйлейміз бе?)?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет